-->

Климакс ауру емес

#Самочувствие

Қыз-келіншектердің үрейін тудыратын бірде-бір құбылыс климакс. Бұл жыныстық толысудан егде жасқа өту, біртіндеп етеккірдің бітуін, бала туу жасының аяқталуын білдіреді. Аталмыш мезгіл екі кезеңнен тұрады. Бірі перименопауза болса, екіншісі постменопауза. Әйел өміріндегі соңғы етеккір менопауза...

Климакс ауру емес

Әйелдер бойында болатын климакс кезеңі менопауза деп аталады. Бұл уақыт әркімге әр түрлі жағдайда өтеді. Мәселен, менопауза біреулердің көңіл-күйіне әсер етсе, енді біреулердің денсаулығы сыр беріп, мазасыздық орын алуы әбден мүмкін. Климакстың басталуы да әрқалай. Орта жасы 50-55 болса, ерте климакс 35-40 жас аралығында болады. Климакстың ерте басталуына әйелге жасалған гинекологиялық оталар, гормондармен емделу, стресс, инфекциялық аурулар мен жат қылықтардың болуы әсер етеді.  Шылым шегетін әйелдерде климакс кезеңі мерзімінен үш жыл бұрын ерте басталатыны медицинада  дәлелденген. Климакстың белгілері пайда болысымен, гинекологке қаралған жөн. Және әрдайым жарты жылда бір рет тексеріліп тұру қажет. Бұл кезде етеккір келуін тоқтатады, бала көтеру мүмкіндігі шектеледі. Дегенмен, бұл мезетте әйелдер көптеген ауруларға шалдығуы мүмкін.

Менопауза кезеңінде омырау ауруының белгілері:

  • Көкірек клеткасындағы ауырлық сезім.
  • Омырау ауруы.
  • Қатты аурудың сезілуі.
  • Көкіректің ісінуі.
  • Сырқырап ауру.
  • Аурушаңдық.
  • Омырау сезімталдығының төмен болуы.
  • Шаншып ауру белгілері.

Менопауза кезеңінде іштің кебуі:

  • Салмақтың өсуі.
  • Іштің ісінуі.
  • Газдың шектен тыс пайда болуы.
  • Тамақтан кейін іштің ауруы.
  • Кекіру.
  • Іш кебу.
  • Ауырлықты сезіну.
  • Тәбеттің қашуы.

Менопауза кезеңінде аллергияның болуы:

  • Сырқаттың белгілері: бөрту, қызару, мұрынның қышуы, түшікіру.
  • Бірқалыпты ауру белгілері:бөртпе және қышу, тыныстың қиындауы, артериялық қысым
  • Ауыр жағдайдағы ауру белгілері:ісіну, іштің ауруы, құсу, сіңір тартылу, диарея, бастың айналуы.


40 жастан бастап, көп жағдайда құрамында витаминге бай азық-түлікті көбірек пайдаланған дұрыс. Сондай-ақ, жеміс-жидектер де көмектеседі. Тұз, көмірсуларды аз қолданған абзал. Климакс уақытында депрессияға ұшырамау үшін, өзіңді жақсы көріп, жақсы дүниелерге ынтық болу керек. Сол кезде ғана оңай өтіп кетесің.

#Депрессия #инфекция #гинеколог #климакс #перименопауза #постменопауза #менопауза

Загрузка...