Бос уақыт өткізбеңіз! Маммологқа тегін тексеріліңіз

#Самочувствие

Емшек безінің қатерлі ісігімен күрес шаралары күн сайын көбейіп келеді. Барлық әйелдер күйбең тіршілікті бір сəтке ұмытып, өздері туралы ойланып, денсаулығына көңіл бөліп, қатерлі ісіктің алдын алуы қажет.

Қазақстандық әйелдердің басты қателігі – денсаулыққа аса мән бермеу болып табылады. Елімізде омырау қатерлі ісігінен 1500 – нан астам әйел өмірден өтеді екен. Басты себеп – ақ халатты абзал жандарға өте кеш тексерілуі.

Денсаулығыңызда еш сырқат болмаса да, онколог маманға жиі тексерілу керек. «Бәрі керемет» деген бір ауыз сөз – әр қауіптің алдын алады әрі көңіліңізге тыныштық сыйлайды.

Жыл сайын әлем бойынша қатерлі ісікке шалдыққандардың саны артып жатыр. Алайда, емшек безінің қатерлі ісігінен емдеуге үлкен мүмкіндіктер бар. Бастысы, ауруды асқындырып алмасаңыз болғаны.

Төмендегі ақпараттарды мұқият оқып шығыңыз. Құрбыңызға да айта жүріңіз. Бәлкім, тағы да ойлануға себеп болар.

  1. Жыл сайын 13 мың қазақстандық онкологиялық аурулардан көз жұмады. Емшек безінің  ісігіне ең көп шалдығушылар Шығыс және Солтүстік Қазақстанда тіркелген.
  2. 1,5 мың қазақстандық әйел емшек безінің қатерлі ісігінен дүниеден озады. Әйелдер - сүт безінің қатерлі ісігі, ерлер – өкпе қатерлі ісігі кең тараған.
  3. Қазақстан аумағын бойынша 18 арнайы орталық азаматтарға тегін қызмет көрсетеді.
  4. Әлемде жоқ сандық маммограф орнатылған. Ол арқылы 8 түрлі толық тексеру біздің елімізде - ТЕГІН.
  5. 40 жасқа дейінгі әйелдер клиникалық тексерістен екі жылда бір өтуі керек. Ал, 50 жастан кейін екі жылда бір рет профилактикалық мамамографиялық толық тексерістен өткені жөн.
  6. Етеккірдің 5 пен 12 күні аралығында әр әйел төстің тығыздалуын тексере алады. Егер сіздің емшегіңіз жиі ауырып, сұйықтықтың бөлінгенін байқасаңыз бұл қатерлі ісіктің белгісі болуы мүмкін.Ал, оны тексеру тәсілі кез-келген ауруханада гинеколог бөлмесінде көрсетілген.

Толық тексерістің нәтижесінде омырау қатерлі ісігінің қауіпін асқындырмай, 2-3 жыл ерте білуге мүмкіндік бар. Бұл кезде тіпті, әйелдің өзі қатерлі ісітің белгілерін байқамауы әбден мүмкін.

#маммолог #емшек безінің ісігі #қатерлі ісік

Загрузка...