"Қыздар арасында": Аштықты сезінбеу үшін - көп сөйлеме

Автор: Comode
2474 0 Здоровье
"Қыздар арасында" жобасының жүргізушісі Маржан Жұмағазина ешқашан Ораза ұстап көрмеген. Алайда, осы көктемде ол тәуекелге бел буды. Алғаш рет ауыз бекітіп, Ораза ұстайды. Əрине, өзге көп қыздар секілді Маржан да денсаулығы мен сұлулығын құлпырту мақсатында Оразаны дұрыс ұстау жолдарын іздеді.

Ең əуелі біздің сұлу өзінің іштегі барлық қорқыныштарын қағазға түсірді:

1. Аштықтан құлап қалу;
2. Көңіл-күйінің күрт бұзылуы;
3. Дəрумендердің жетіспей қалуы;
4. Тері жəне шаштың құрамының нашарлауы;
5. Асқазанға зиян келтіруден қорқу;

Жəне тағы адамдардың арасында кең тараған қорқыныштың екі түрі: халал емес тағамды жеп қоюдан қорқу, өзінің ішкі күш-жігерінің жетіспеуі.

Алайда, бұл қорқыныштың барлығының шешімін Маржан іздеп тапты. Ол сіздерге ешқандай зиянсыз, қауіпсіз жөнді Ораза ұстау мен дұрыс тамақтану туралы айтатын болады.

Маржанның маржандай кеңестерін "Қыздар арасында" жобасынан көре аласыздар.

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий