Топ 10 Алматы мейрамханалары

Автор: ARU88
5138 3 Что, где, когда?
«Той десе қу бас домалайды» дейтін қазақ, бар жиған тергенін ұл-қызының тойына шашу етеді. Қазақтың той-думаны сән-салтанаты жағынан ешкімге дес берер емес. Алайда, үлкен жиынды әркім шамасына қарай өткізеді. Бірі шағын мейрамханада атап өтсе, енді бірі кең, қымбат салтанат сарайда дүркіретіп тойлайды. Сіздердің назарларыңызға сол көптің аузында жүрген Алматы мейрамханаларын ұсынғымыз келіп отыр.

1. Әулет мейрамханасы үйлену тойы, қыз ұзату, құдай тамақ, туған күн сынды той думандарға арналған. Той залы би алаңы, сахна, музыканттар орны, қалыңдық пен күйеужігітке арналған бөлмемен жабдықталған. Сіздің салтанаттты мерейтойыңызға ас мәзірінен ұлттық және еуротағамдарын ұсынады. Әсіресе, жас еттен дайындалатын, тілі дәм үйіретін, дастарханның сәнін келтіретін  Әулет беспармағын тамағын ерекше атап өту керек. Қонақтар мен той иелерінің  көңілінен шыға білген мейрамхана асы, әсіресе ұлттық беспармақтың орны бөлек.

Адам саны: 350

Бір адамға орта есеппен: 5000-12000

Жұмыс уақыты: 10:00-01:00

Мекен жайы: Алматы қаласы, Талғар жол бойында мкр.Думан

2. Восемь озер мейрамханасы табиғаты ерекше, ауасы таза жерде орын тепкен. Неше түрлі тамақтарға бай мейрахананың тағы бір ерекшелігі балықтың сан түрін таңдап алуыңызға әбден болады. Табиғи өнімнен дайындалатын ас мәзірінде шығыс асханасынан еуропа, ұлттық тағамдары дайындалалып, тәжірибелі аспаздың қолынан шығады. Беспармақсыз той өтпейді. Сондықтан бұл жердің ұлттық асы өте дәмді. Етті турап, ыдысқа салу  әдістері де өзінше бір ерекше.

Адам саны: 180

Бір адамға орта есеппен: 9000-25000

Жұмыс уақыты: 10:00-01:00

Мекен жайы: Алматы қаласы, Алматы обл, Талғар ауданы, Каменное Плато кенті.

3. Сарбаз мейрамханасы тау бөктерінде, Алматының жоғарғы жағында орналасқан мейрамхана. Үйлену тойында 100 ден аса қонақ шақырсаңыз жас жұбайлар үшін 1 тәулікке хан бөлмесіндей арнайы жататын жер береді. Мұнда салтанатты кешті той залында немесе ашық аспан астында өткізе аласыз. Қызыл кілем жайылған, биік неке қию сарайы да осы жерден табылады. Қонақтардың есінде қаларлықтай тағамдары да бар. Сиыр, жылқы етінен беспармақ дайындалады. Етінің жұмсақтығы, қамырының жұқа бір қалыпты пісуі дастархан көркін келтіреді.

Адам саны: 150

Бір адамға орта есеппен: 5000-10000

Жұмыс уақыты: 10:00-00:00

Мекен жайы: Алматы қаласы, Алмарасан шатқалы, М.Дулати көшесі

4. Алмасай мейрамханасы қазақтың киіз үйін көрсете білген. Сарайдың іші оюмен көмкерілген, ерекше безендірілген мейрамхана. Қазақтың ұлттық нақышымен жабдықталған бұл жердің ет тағамы өте дәмді. Беспармақты тәжірибелі аспаздар жасайтын болғандықтан, дәмі де, бетіне қосқан тұздығына дейін өзгеше. Қымыз-қымыранмен сусындататын мейрамхана, шығыс, еуропа тамақтарында дайындайды.

Адам саны: 350

Бір адамға орта есеппен: 12000-18000

Жұмыс уақыты: 10:00-00:00

Мекен жайы: Алматы қаласы, Алмарасан шатқалы, Навои көшесімен жоғары

5. Бахар мейрамханасы хан сарайындай, шығыс стилімен тұрғызылған биік мейрамхана. Зәулім сарайдың ішкі көрінісі де ерекше. Караоке, үлкен және кіші залы бар. Интернет, көлік тұрағы тегін. Кавказ, еуропа тағамдары дайындалады. Алайда, ет тағамын жұмсақ, әрі дәмді етіп пісіреді. Бұл үлкен кісілер үшін таптырмайтын орын.

Адам саны: Үлкен залы 500, кіші залы 200

Бір адамға орта есеппен: 10000-15000

Жұмыс уақыты: 10:00-01:00

Мекен жайы: Алматы қаласы, Қаскелен трассасы, Алтын Орда базарының қасында

6. Тілек тас мейрамханасы түрік, қазақ тағамдарын дайындайды. Ол жерде қолма-қол ақшамен емес, карточка арқылы да төйлеуге болады. Ас мәзіріндегі ұлттық тағамдар мейрамханының сәнін келтіреді. Жас еттен дайындалатын беспармағы мен сорпасының дәмділігі таңдайдан кете қоймас.

Адам саны: 280

Бір адамға орта есеппен: 13000-15000

Жұмыс уақыты: 09:00-00:00

Мекен жайы: Алматы қаласы, мкр. Хан Тенгри, 131

7. Эсперанза мейрамханасы ойын сауық кешені болғанымен, ол жерде үйлену, қыз ұзату тойын өткізуге болады. Бірнеше залдан тұратын кешеннің түрік залы, вип залы және той залы бар. Әр түрлі тағамдардың сан алуан түрін жасайтын Эсперанза сарайының беспармағы мүлдем өзгеше. Етсіз той өткізбейтін қазақтар үшін таптырмайтын ер.  Даяшыларының қызмет ету сапасы да жоғары.

Адам саны: 500

Бір адамға орта есеппен: 12000-23000

Жұмыс уақыты: 10:00-00.00

Мекен жайы: Алматы қаласы, Сейффуллин көшесі, 481

8. Береке мейрамханасы қаланың қақ ортасында қол жетімді бағада той жасауға арналған сарайлардың бірі. Шағын мейрамхананың ішкі және сыртқа тазалықтары мұқият қарастырылған. Әр түрлі халықтың асын ерекше үлгіде жасайтын Береке мейрамханасы той жасауға ыңғайлы ыңғайлы орын. Ет өнімдерінен дайындалатын тағамдары өте жақсы.

Адам саны: 180

Бір адамға орта есеппен: 5000-8000

Жұмыс уақыты: 09:00-02:00

Мекен жайы: Алматы қаласы, Мкр. Ақсай, Б.Момышұлы көшесі 23

9. Ағайын мейрамханасының сыртқы көрінісі өте ерекше. Жаңадан салынған сарайдың дизайны айрықша әдемі. Үйлену тойы кезінде той иелері үшін мейрамхана сыйлыққа торт тарту етеді. Сондай-ақ, тәтті тағамдары мен сусындары қонақтардың көңіл күйін көтеріп, жақсы демалуына әсер етеді. Даяшылардың тікесінен тік тұрып қызмету етуі де жақсы деген бағаға ие. Ұлттық беспармақтың дайындалу әдістері мен

Адам саны: 300

Бір адамға орта есеппен: 10000-12000

Жұмыс уақыты: 12:00-02:00

Мекен жайы: Алматы қаласы, мкр. Айнабұлақ, Жұмабаев көшесі 172 г

10. Шам-Сия мейрамханасы келген қонақтарды қызметімен, дастарханға жайылған асымен баурап алады. Әсіресе, дер кезінде әкелетін тағамдары, көптің көңілінен шығып жатады. Өзіміздің кәделі, бешпармақты үстел үстінен көрген кезде, әр жілігін дұрыс, орын-орынымен қоя біледі. Сонымен қатар, би алаңы кең, киім ауыстыратын жері таза.

Адам саны: 300

Бір адамға орта есеппен: 7000-10000

Жұмыс уақыты: 10:00-01:00

Мекен жайы: Алматы қаласы, Городская көшесі,1

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 3
aygerim-amanbaeva

Гранд опера ше?

aisha007

9 болим. АГАЙЫН мейрамханасы. Беспармактын сойлеми битпей калыпты.

AraiS

және тағы бір кемшілік - атауда "м" әрпі түсіп қалыпты

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий