Қош келдің, Әз-Наурыз!!!

Автор: ARU88
1770 0
Ұлыстың ұлы күнін барша шығыс елдері атап өтіп, мерекені асыр салып тойлаған. Наурыз сөзінің мағынасы парсы тілінен аударғанда, "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деген ұғымдарды білдіреді. Бұл күні күн мен түн теңесіп, барлық тіршілік атауы жаңарады.

Көне деректерге сүйенсек, наурыз мерекесін тоғыз күн тойлаған. Әр шаңырақ өзiнше наурыз көже пiсiрiп, келген қонақтың бәрiне ұсынған. Үлкендер үйлерді аралап, ақтан дәм татып, ыдыспен сыбаға тасыған екен. Бүл күні Қызыр бабаға арнап, шырақ жағатын болған. Бұрындары ауыл адамдарын ұйқысынан тұрғызу үшін, асау тайды еріттеп, ауыл ішіне бос жіберген. Тулаған мал бүкіл шаңды басына көтеріп, елді дүрліктірген. Әрине, бұл үшін ешкім ренжімейтін болыпты.

Наурыз қарсаңында араздасқан адамдар төс қағысып, татуласқан. Жастар түрлі Көкпар, Бәйге, Қыз қуу сынды ойындар ойнап, тойдың сәнін келтірген.

                        Көкпар ойыны                                               Қыз қуу ойыны  Бойжеткендер соғымның етін уызға салып пісіріп, ұнатқан жігіттеріне таратқан. Бұл салтты «ұйқыашар» деп атаған. Ал, керісінше жігіттер қайтарымы ретінде айна, тарақ, әтір сыйлаған.

                                                              Көрісу мерекесі

Бұл күнi наурыз көжемен қатар, ауыл адамдары өгiз сойып, қазан көтеретiн болған. Мұның тарихы да өзгеше. Көктем кезiнде, яғни наурызда күн жолы үркердiң үстiмен өтiп, үркердiң қос жұлдызы бұқаның мүйiздерi құсап күн жолының екi жағынан көрінетін болған. Бұған орай халқымыздың «әлемдi көк өгiз мүйiзiмен көтерiп тұр» деген нанымы да бар. Өгiз етiн арнайы нарқазанда балбыратып пiсiредi. Қазанда піскен тағамнан қалың қауым дәм татқан. Бұл үрдісті шүлен тарту деп атаған. Өгiздiң шекесi ауыл ақсақалдарына тартылады. Бұл сыбағаның аты - «бел көтерер».

                                              Өгіз сойып, қазанда пісірген

Наурыздың жөн-жоралғылары өте көп. Қазақстанның төрт түкпiрi түрлiше тойлайды. Бастысы еліміз аман, тыныш болғай. Мейрам, Құтты болсын!!!

Стоит почитать

Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий