Ғаламтор дүкеніне қалай қарайсыз?

Автор: aisha007
1977 0 Что, где, когда?
Уақыт үнемдейтін жандар үшін ғаламтор дүкені таптырмас құрал.

Бұрын мен интернет дүкеннің қызметін пайдаланбадым. Шыны керек түсініксіз көрінді ме әлде қызықпадым ба, әйтеуір жалақы алған сайын базарға немесе дүкен аралап, күннен кешке дейін уақытымды арнайтынмын. Декреттік демалысқа шыққанымда уақытты бағалауды үйрендім. Өзіңе арнаулы әрбір минутты бекер өткізгің келмейді. Осы 1 жыл ішінде мен балалар киімі, азық - түлік, балалар аяқ киімі, подгузниктердің алуан түрін сататын интернет дүкендерінен тапсырыс бердім. Мәселен маған жаялық керек. Ең дұрысы, тәуірін ғаламтордағы пікірлер арқылы, форумдағы жас аналардың хаттарынан лебіздерімен таныстым.

Ең көп мақталғаны жапондық қымбат жаялықтар болды. Алматыдағы интернет дүкеніне тапсырыс бердім. Ертеңіне үйіңе жеткізіп салады. Рахат! Ешқайда жүгіріп, іздемейсің, шаршамайсың. Саған бар болғаны ғаламтор керек. Ақшасын курьерге бересің. Алматының өзінде бір емес бірнеше интернет дүкені бар. Тіптен балама жуындыратын ванна, ойыншықтар, ортопедиялық жастығы, киім-кешегі-аяқ киімі бәрін осы дүкеннен таптым. Үйге қажетті тазалаушы құралдар, шампунь, азық-түлікті де арнайы дүкеннен алдырамын. Қазір осы интернет дүкендеріне үйреніп алдым. Керек кезде тапсырыс бере саласың.

Тіпті сонау шетелден, Қытайдан киім-аяқ киім де де тапсырысы беріп алдырамын. Әрине тауарың Қытайдан келетін болған соң, жеткізілуіне 10-20 күн уақыт қажет. Сол себепті баратын тойларыма ешкімде жоқ көйлек іздесем осы  дүкендерді 1 ай бұрын "аралаймын". Бұл дүкеннің бірініші пайдасы  - уақытты үнемдеуге болады. Ешқайда жол жүріп шаршамайсыз. Екіншіден іздеген затыңызды базардан таппауыңыз да мүмкін. Ал іздегеніңіздің түр түрі, қымбаты-арзаны интернет дүкені самсап тұр.

Құрметті оқырман! Сіз интернет дүкенмен пайдаланасыз ба? Мекен-жайларымен бөлісе отырайық.

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий