Жеңіс күні туған жұлдыздар

#Их жизнь

9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні. Саны азайып бара жатқан ақсақалдарымыз бен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Ұлы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығы мәңгілік болсын.

Және жеке меншік мерекелері Ұлы Жеңіс күнімен тұстас шоу-бизнес өкілдерін де Comode шын жүректен құттықтайды. Ендеше, туған күн иелеріне бірге шолу жасайық.

Жеңіс Ысқақова 

Ысқақова бойы ұзын, әзілге жақын, үнемі күліп жүретін, ақкөңіл батыр ару 1966 жылдың 9 – мамырында дүниеге келген. Қызылорда облысы, Тереңөзек ауылында дүниеге келген қайсар қыз бүгінде адал жар, аяулы ана, мейірім ене. Тұңғышын үйлендіріп, Астанаға қоныс аударған Жеңіс ханымға әже бақытын тілейміз.

Жеңісхан Төре

Әуелі әнші, кейін клипмейкер, ал кқазір кинорежиссер атанған сері де 9-мамырда дүниеге келген. Отыздан асқан жігіттің әзірге жүрегі де, басы да бос. Болашақта бір басы екеу болған соң шетелге қоныс аударуды армандайды. Айтпақшы, әншілікті аса бағындыра алмаған Жеңісханның ең сәтті кинокартиналарының қатарында «Бизнес по – казахски» және «Бизнес по – казахски в Америке» бар.

Жеңіс Сейдолла

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдолланың да есімін Ұлы Жеңіс мерекесінің құрметіне қойған. Алайда, ол 1962 жылдың 14-мамырында дүниеге келген. Жеңіс Ысқақованың жерлесі Жеңіс Сейдолланы да келе жатқан туған күнімен құттықтаймыз.

Федор Бондарчук

Кезек 9 – мамыр күні туған Ресейлік жұлдыздарға да келді. 1967 жылы мамырдың тоғызыншы күні Мәскеуде актер, режиссер Федор Бондарчук өмір есігін ашты. Киносүйер қауым оны «Обитаемый остров» фильміндегі данышпан, «9 рота» картинасындағы Хохла деп таниды.

Инна Канчельскис

Бұл күні Ресейлік әнші Стас Михайловтің шаңырағында да үлкен той болады. Себебі, әншінің үшінші жары, Инна Канчельскистің туған күні. Бақытты жұп - Иванна мен Мария, Иннаның бұрынғы некесінен Андрей мен Ева, Стастың алдыңғы некесінен Никита мен Дарья есімді балаларды тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы. Биыл Стастың музасы өзінің 45-ші туған күнін тойлайды.

Микаэл Арамян

Ереванда туып, Мәскеуге қоныс аударып, Ресей киноәлемін бағындырған жас актер Микаэл Арамянда 9-мамыр туған. 1992 жылы дүниеге келген жігіттің басы бос. Төртінші билік өкілдерін шулатқан махаббат хикаялары да жоқ. «Как выйти замуж за миллионера», «Неравный брак», «Старый новый дом», «Крёстный» секілді кинотуындыларда бой көрсеткен серінің арманы Голливудты бағындыру екен.

#Федор Бондарчук #Жеңісхан #Жеңіс Ысқақова #жеңіс күні туғандар #9-мамыр туған күн #Жеңіс Сейдолла #Микаэл Арамян #Стас Михайлов және Инна

Загрузка...