Отандық шоу-бизнес жұлдыздарының қысқы демалысы

#Их жизнь

Қыс мезгілі, әдетте, телевидение және шоу-бизнес өкілдері үшін көптен күткен үзіліс сияқты. Сол себептен, қыс басталысымен өнер иелері шетелге шығып, не болмаса елде қалып демалғанды ұнатады. Осы қыста кім қайда барып үлгерді? Comode қысқы демалыстың жұлдыздық топтамасын ұсынады.

Отандық шоу-бизнес жұлдыздарының қысқы демалысы

Жаңа жылдық демалысты шетелде өткізу Баян Есентаеваның отбасында дәстүрге айналғанын продюсердің өзі айтқан болатын. Есесіне, Баян ханымның туған күні де жаңа жылдың алғашқы күндеріне сәйкес келеді. Продюсер биыл да дәстүрден айнымай, кіші қызы Айарумен және өнердегі құрбысы Динара Адаммен Тайланд еліне сапар шекіт.

Жақында ғана "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атаған алған Жанар Дұғалова желтоқсан айында Түркия мемлекетіне барып қайтты.  Дәл сол кезде "Орда" тобының әншісі Ерболат Беделхан да Стамбул қаласаныда жүргеніне қарағанда, бізді жаңа дуэт күтіп тұр ма екен?

Актер Азамат Сатыбалды да жыл сайын шетелге барып демалғанды жөн көретін сияқты. Былтыр Тайланд еліне барып қайтқан актер, биыл Сұлтан ұлымен бірге Біріккен Араб Әмірліктерін таңдады.

Өзге жерлерге қарағанда ақшасы тиімді Гоа аралдарына биыл  бірнеше танымал тұлғалар бірігіп кетті. Олардың арасында режисер Асқар Ұзабаев, әнші Жеңісхан, "КешYou" және "Алау" топтарының директоры Назым Басқынбаева, актриса Айнұр Ілясова, Гүлнар Силбаева және Дана Рыскелдинова бар.

Елден алшақтамай, көрішлес Әзірбайжан Республикасын таңдаған шоумен Даут Шайхисламов та қысқы демалысты жұмыспен ұштастырып жүргені көрінеді.

Танымал жүргізуші Әділ Лиян әдетінше Европаны таңдады. Швеция мемлекетінің Стокгольм қаласында Әділдің туысқандары тұратындықтан, ол Жаңа Жылды да солармен қарсалғанды жөн көрді. 

2015 жылғы дағдарыс бірталай адамның жоспарын бұзғаны көрінеді. Сол себептен болар, осы қыста шетелдің демалыс орындарынан асып түспесе, кем болмайтын Бурабайда демалған жұлдыздар көп болды. Олардың ішінде Тамара Асар, Қайрат Нұртас, Айқын, Ләйля Сұлтанқызы, Ринат Малтсагов және т.б.

Ал сіз қысқы демалысты қалай өткізіп жатырсыз?

#отпуск #звезды казахстанского шоу бизнеса #шоу бизнес #отдых за границей #зимний отдых звезд

Загрузка...