Ел басшыларының балалары: туылғаннан жолы болғандар

Автор: Aina Dosmakhambet
4815 0 Их жизнь
Олардың біреулері жоғары лауазымды қызметте, ал енді біреулері әкелерінің көлеңкесінде жүріп, бұқаралық ақпарат құралдарының қызығушылығын мүлде туғызбайды. ТМД елдерінің ел басшыларының балалары – олар кімдер және тағдырлары қалай қалыптасып келеді?

Путина Мария және Екатерина

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мен оның экс-жұбайы Людмила Путинаның қыздары - Мария және Екатерина. Олар туралы ақпарат жоқтың қасы, әксімен бірге салтанатты кештерге де шықпайды. Тіпті интернет желісінде де қыздардың есейген кездерінен гөрі, кішкентай кезінде әкесімен бірге түскен суреттері көп.  

30 жастағы улкен қызы Мария, ұзын құлақтарға сенетін болсақ, өзінің азаматтық күйеуі Йоррит Фаассенмен бірге Голландияда тұрады. Бір ұлы бар. Елден көшпес бұрын оның жары «Газпромда» жоғары лауазымды қызмет атқарғаны көрінеді.

28 жастағы Екатерина Путина Германияда туылып, өмірінің алғашқы жылдарын сол жерде өткізді. Уақыт өте Санкт-Петербургта жоғарғы оқу орнына түсіп, «жапонтану» мамандығы бойынша оқыды. Бұл қыз туралы да елде көп сыбыстар бар. Атап айтқанда, Екатерина Жапон елшісіне тұрмысқа шығып Оңтүстік Кореяда тұрады дейді.  Немесе, ол өзінің тегін өзгертіп, орасан зор мемлекеттік жобаларды басқарады деген ақпарат та бар.

  • Маша и Катя Путины
  • Мария Путина с отцом и матерью
  • Людмила Путина с дочерьми

Виктор, Дмитрий және Николай Лукашенко

Беларус Республикасының басшысы Александр Лукашенконың үш ұлы бар. Үлкені Виктор 39 жаста. Ол президенттің мемлекеттік қауіпсіздік кеңесшісі лауазымын атқаруымен бірге мемлекет қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі.  Виктор – төрт баланың әкесі.

Ортаңғы баласы Дмитрий (35 жас) де саяси истеблишментке жақын, қоғамдық шаралармен мемлекеттік деңгейде айналысып жүр. Виктор екеуі шекаралық қызметте әскери борышын өтеп, Белорусия президенті, яғни әкесінің қолынан мемлекеттік марапатқа ие болды.

Президенттің кенжесі Коля 11 жаста. Ол әкесімен бірге ресми сапарларға жиі шығып отырады. Түрлі салтанатты жиындарда қолдап жүреді – Мәскеудегі парадтан бастап, әкесі жақсы көретін хоккей матчтарына дейін.  Қазірдің өзінде Коля Белорус республикасының 50 беделді  адамдарыңын тізіміне кіреді. Коля үлкен ағаларына туған бауыры болып келмейтіні баршаға белгілі болғанымен, оның анасы кім екені әлі күнге дейін құпия. Ұзын құлақтарға сенетін болса, оның анасы  - президенттің жеке дәрігері, Белорус президентінің істерін басқару ауруханасының бас дәрігері Ирина Абельская.

  • Дмитрий Лукашенко
  • Виктор Лукашенко
  • Александр Лукашенко с Колей

Лейла, Арзу және Гейдар Алиевтер

Әзірбайжан президенті Ильхам Алиевтың үш баласы бар: қыздары Лейла мен Арзу және атақты атасының құрметіне қойылған Гейдар есімді  ұл.

Үлкен қызы Лейла 29 жаста. Ол белсенді түрде қоғамдық жұмыстармен айналысып, өз мемлекетін халықаралық деңгейдегі іс-шараларда таныстырумен, кино түсіру және өлең жазумен айналысып жүр. Бірақ Ресейде бұл жан түрлі кештерідің жиі қонағы және бизнесмен әрі музыкант Эмин Агаларовтың жары ретінде көпшілікке таныс. Айтпақшы, соңғы кезде бұл жұп аралары суып кеткенін айтып, ресми түрде ажырасатындығын жариялады.

Президенттің кіші қызы Арзу Алиева 26 жасында әпкесі сияқты танымал емес. Ол қайрымдылық шаралармен айналысып жүр. Күйеуі – Әзірбайжан мемлекетінің тумасы, ресейлік бизнесмен Сәмед Құбанов.

Кіші ұлы Гейдар 18-де. Ол әзірше жоғарғы оқу орнында оқып, отбасы мүшелерінің көлеңкесінде жүр.

  • Лейла и Арзу с родителями
  • Лейла Алиева и Эмин Агаларов
  • Арзу и Лейла Алиевы
  • Семья Алиевых
  • Лейла и Арзу с матерью Мехрибан
  • Лейла Алиева с сыном
  • Гейдар, Лейла, Арзу Алиевы и Эмин Агаларов

Гүлнар мен Лола Каримовалар

Өзбекстан президенті Ислам Каримов екі қызды тәрбиелеп өсірді. Үлкен қызы Гүлнар 42 жаста. Осы күнге дейін Гүлнар қоғамдық жұмыстарды атқарып, қымбат әшекей бұйымдардың дизайнын ойлап табумен айналысты. Бір кездері Gooogoosha деген лақап атымен сахынада ән де айтқан. Испан еліндегі Өзбекстан елшісі қызметін атқарып, әкесінің орнын басатын болашақ ел басшы болып саналды. Алайда, 2013 жылы әкесі екеуінің көзғарастар қарама-қайшы келіп, тіпті туысқандарымен араласпай кетті.

Президенттің кіші қызы Лола Каримова-Тилляева (36 жас) Женева қаласында тұрады. Қайырымдылықпен айналысып, ЮНЕСКО қоғамының Өзбекстандағы елшісінің қызметін атқарады. Үлкен әпкесі сияқты лауазымды қумай, отбасының ошағын сақтап отыруды таңдады.

Әпкелі-сіңілі Лола мен Гүлнар 10 жылдан астам мүлдем араласпайды. Өзінің бір сұхбатында Лола Каримова былай деген: «Біз мүлдем бөлек жандармыз. Кез-келген қарым-қатынас үшін көзқарастың, жан-дүниенің, ойлау қабілетінің, ең болмағанда басқару әдістерідің бірдей немесе ұқсас болғаны керек. Ал бізде ол жоқ».

  • Гульнара Каримова
  • Лола Каримова-Тилляева
  • Лола Каримова с семьей

Порошенко  Алексей, Евгения,

Александра және Михаил

Украина елінің басшысы – көп балалы әке. Оның 4 баласы бар. Ең үлкен ұлы Алексей 30-да. Өмірбаянына шоу жасасақ, әрбір қадамында әкесінің қосқан үлесі байқалады. Бірде ол әкесінің «Рошен» атты компаниясында қызмет етті, енді бір кезде дипломатиялық лауазымда жұмыс істеп келді. Қазір Алексей Жоғарғы Раданың депутаты. Ұзақ уақыт бойы қыздардың жүрегін жаулап келген Алексей 2013 жылы отбасын құрып, былтыр ұлды болды.

Екі егіз Евгения мен Александра (15 жас) және президенттің кіші ұлы Михаил (14 жас) - лицей оқушылары. Достарының айтуы бойынша, егіз қыздар шығармашылыққа жақын: би билеп,  теарт өнерімен айналысады. Қыздардың өгей әкелері - Украинаның бұрыңғы президенті Виктор Ющенко.

Президенттің барлық балалары әкесімен бірге жиі суретке түсіп тұрады.

  • Большая семья Порошенко
  • Евгения и Александра Порошенко
  • Александра Порошенко
  • Алексей Порошенко с супругой

Эмомали Рахмонның 9 баласы

ТМД елдерінің басшыларының арасында ең көп баласы бар – Тәжікстан президенті. Эмомали Рахмонның жеті қызы  - Фируза, Озода, Рухшона, Тахмина, Парвина, Заррина және Фарзона, екі ұлы бар  – Рустами және Сомон. Барлық дерлік отбасы мүшелері жайлы ақпарат өте аз. Бірақ кейбіреулері саяси және әлеуметтік өмірде беделді қызмет атқарады. Мысалы, Озода – шет елдер министірінің орынбасары. Зарина – мелекеттік телеарнаның бастығы. Тахмина бизнеспен айналысады.

Бірақ ең жоғарғы белесті бағындырған – Рустамали. Ол мемлекеттік Кеден басқармасының бастығы қызметін атқарады, жергілікті «Истиклол» футбол командасының иесі, ал осы жыллдың наурыз айынан бастап жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қаржы бақылау Агеттігін басқарады. Әкесінің орнын басатын үміткер болып табылады.

  • Озода Эмомали
  • Рустами Эмомали
  • Эмомали Рахмон с сыном, невесткой и внучкой

Дариға және Әлия Назарбаева, Динара Кулибаева

Қазақстан президентінің үш қызы да елге танымал. Үлкен қызы Дариға әкесінің ізін басып саясатпен айналысуда. Қазіргі кезде ҚР Парламентінің мәжілісінің вице-спикері болып табылады. Одан басқа мемлекеттік «Нұр Отан» партиясының парламенттік фрациясының басшысы. Қазақстанның беделі әйелдер тізімін бастап тұр. 2000 жылдары Дариға көпшілікке опера орындаушысы ретінде де танылған. Ересек жасында музыкалық білім алған Дариғаның меццо-сопраносын қазіргі кезде де көптеген алаңдардан естуге болады.

Президенттің екінші қызы Динара Кулибаева кәсіпкер жолын таңдады. Еліміздігі ең бай әйелі, ұлттық банк акционері болып табылады. Forbes журналында жарияланған әлемдік миллардерлердің тізіміндегі Орта Азиядан шыққан жалғыз әйел (2011 жылдың наурыз айында оның қаржысының көлемі 1,3 миллиардты құраған). Дариға әпкесі сияқты көпшілікке танымал едем емес. Қайта адамдар оны өзінің жары Тимур Кулибаевтың әйелі ретінде көбірек таниды.

Президенттің кенже қызы Әлия зергерлік бұйымдардың дизайнымен айналысады. Сәнді киінгенді ұнатады. Сән апталары мен презентациялардың жиі қонағы. Жақын арада Әлия L'Officiel  журналының қазақстандық басылымының мұқабасына шықты. Сол басылымдағы сұхбатта өз әпкелері мен әкесі арасындағы қарым-қатынас туралы айтып беген болатын. Әлияның сөзіне сенетін болсақ әкесі әрқашан ұл бала аңсайтын. Сондықтан кіші қызын ер мінезді етіп тәрбиеледі. Бірақ әйел бастамасы басым болып, қазіргі кезде Әлия отанасы атанып, екі қызды тәрбиелеп келеді.

  • Клан Назарбаевых
  • Дарига Назарбаева
  • Динара и Тимур Кулибаевы
  • Алия Назарбаева
  • Алия Назарбаева с супругом Данияром Хасеновым
  • Алия Назарбаева с мужем, дочерьми и Жанной Кан
  • Динара Кулибаева
  • Алия Назарбаева с Ульяной Сергеенко
Стоит почитать

Брачный контракт vs Джентльменский договор

Как показывает практика, брачный контракт составляют люди, которые вступают в брак во второй и более раз, или кто имеет высокое материальное положение, а также вступает в неравный брак. Что же думают наши героини по этому поводу?
1593 3 21 августа

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий