Асылхан Төлепов үйленді

Автор: Жанар Мырзабаева
602 0 Их жизнь
«Мыңбаланың» бір баласы үйленді. Ең жас депутат, сымбатты сері, дарынды актер Асылхан Төлепов 7-қараша күні Алматы қаласының үлкен мейрамханаларының бірінде үйлену тойын дүркіретіп өткізді. Аталмыш тойдың қызықтарымен comode бөлісуді жөн көрді.

7-қараша күні өткен тойды көргендер де арманда, көрмеген де арманда. Талай қыздың арманы болған Асылхан Төлепов өзінің махаббатын кездестіріп, үйлену тойын өткізді. Асылханның өмірлік жарының есімі – Айсұлу.

Бұл той бұрынғылардан өзгеше. Себебі, жас жұбайлар «гулянка» жасап, ақшаны ысырап қылмай, жетімдердің басын сипап, сауап жинауды жөн көрген. Осы мақсатта олар «Перзент» балалар үйіне барып, көзі жәудіреген балапандарды бір қуанышқа бөледі.

Тойды бір емес, төрт асаба жүргізді. Олар: Әйкерім Қалаубаева, Қуаныш Жапақов, Ілияс Жалбай, Ольга Спирина.

Тойға еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін тума –туыс, құда-жекжат, дос-жаран, өнердегі әріптестері жиналды. Жас депутаттың тойына келген ең үлкен қонақ Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек болды.

Күйеу жолдас қызметін Асылханның өнердегі де, өмірдегі де досы, «Жаужүрек Мыңбаланың» бірі Аян Өтепберген атқарды.

Той үстінде Асылханның ағасы Артур өзінің сүйіктісі Мәдинаға тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасады. Артурдың болашақ жарының өнерге еш қатысы жоқ. Олар мейрамханада танысқан еді. Достарымен тамақтануға барған серінің көзіне администратор қыз оттай басылып, жүрегінде діріл пайда болған. Қиялындағы сұлуды кездестірген жігіт көп ойланбастан сол жерде танысып, нөмірін алады.  Нәтижесінде таныстық достыққа, достық махаббатқа ұласты. Төлеповтер әулетіндегі екінші тойдың да ауылы алыс емес. 

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий