Айдын Шалқар бизнесмен болмақшы

#Их жизнь

Айдын Шалқар есімді жігіт соңғы кездері көп көрінбейді. Онымен қатар журналистикалық саланы бастаған азаматтар мен азаматшалар бүгінде телеарналардың шенді қызметтерінде отыр. Ал, сүр бойдақ не істеп жүр? Осы сұраққа жауап іздеп көрдім.

  • Айдын, сәлем. Отандық арна бағыңызды ашты, жұлдызыңызды жақты. Алайда, неге өсу жоқ?
  • Мен олай айтпас едім. Иә, басқа арналарда қызмет етіп жүрген жоқпын. Оның да өзіндік себебі бар. Бірақ, аталмыш музыкалық арнада өзімнің авторлық бағдарламам әр сенбі сайын көрерменге жол тартады. Және радиода қызмет етіп жүрмін.
  • Өзге арналардан бас тартуыңыздың басты себебі не?
  • Ұсыныс, шақыртуларға келіспеу себебім –қызығушылығым басқа салаға ауысты. Қазір маған бизнес саласы өте қызықты. Сол саланы зерттеп, сол бағытта түгелдей көңіл бөлсем деген арманым бар. Дәл бүгінгі таңда 70% бизнес саласына көңіл бөліп жүрмін.
  • Асабалық қызмет атқарасыз ба? Сіздің гонорарыңыз қанша?
  • Мен тамада емеспін, бірақ үлкен жабық кештерде жүргізушілік қызмет атқарамын. Гонорарым мынадай деп төсімді ұра алмаймын. Тапсырыс берушінің тек қалтасына емес, көңіліне де қараймын.

  • «Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды» деген керемет сөз бар...
  • Әрине, ол сөздің жаны бар. Бұйыртқан күні үйленемін. Үйленіп, үй болу оңай емес. Бүгін алып, ертең кері тапсыра салатын отбасы сауда нарығындағы тауар емес. Сондықтан, бұл қадамға үлкен жауапкершілікпен қараймын. Қазір бәрі «үйлен» деп үгіттеп жүр. Алла қаласа келесі жылы үйленуге жоспарлап жүрмін.
  • Айдын Шалқардың талғамындағы қыз қандай болу керек?
  • Ең бастысы, тәрбие көрген тектілігі. Анамды,мені сыйлау керек. Жұмысыма түсіністікпен қараса бәрі жақсы болады деп ойлаймын.
  • Өзіңіз бір жылдары продюсер болып қызмет бастадыңыз. Музыкалық арнада аналитикалық бағдарламаның тізгінін қолға алдыңыз.Яғни, шоу –бизнес туралы өзінді көзқарас, пікіріңіз бар екені ақиқат. Бүгінгі қазақ шоу-бизнесіне көңіліңіз толады ма?
  • Әрине, толады. Бұрын «той бизнестен аса алмай жүрміз» деп шулап едік. Қазір міне, шоу-бизнес саласы даму үстінде. Соған өзімнің көзім жетіп жатыр. Расымен, бір қадам алға ілгерлегініміз үшін қуаныштымын.

  • Өмірде көп қателесесіз бе?
  • Әрине, адам болғандықтан шалыс басатын кездеріміз болады. Қателіктерім мен шалалықтарым өте көп. Бірақ, бәрі құпия болып қала берсін. Ең бастысы, бір басқан отты қайта баспауға тырысамын.
  • Жалғыз қалғанда не туралы ойланасыз?
  • Көп нәрсені ойлаймын. Еліміздің ертеңін ойлаймын. Болашақ ұрпағымыздың  жағдайын ойлаймын. Отбасылық өмірдің құндылықтарын ойлаймын. Анамның алдындағы парыздарымды ақтаудың амалдарын ойлаймын. Негізі жалғыз қалсам кейде позитивті ойларға шолу жасауға тырысамын. Себебі, негатив адам өмірін құлдиға кетіретін әдіс. Сондықтан, барша адамдарға позитив пен кешірімді болуды тілеймін.
#тележүргізуші #бизнесмен #радио #Айдын Шалқар #бойдақ #хит тв

Загрузка...