Ақбота – Нұр Сейітмағамбет: Дәурен "мамасының баласы"

Автор: Comode
6143 0 Их жизнь
Бүгінгі таңда отандық телеарналардың басты тақырыбы да, рейтинг беретін жобалары да әншілердің жеке өміріне тікелей қатысты. Жуырда ғана «Хабар» арнасында «Тікелей эфир Ләйлә Сұлтанқызымен» атты жаңа бағдарлама көрерменге жол тартты. Аталмыш жобаның алғашқы кейіпкерлерінің бірі Ақбота-Нұр Сейітмағамбет болды. Ендеше, «Ақботаның дәурені» деп аталған бағдарламада айтылған бес құпия назарларыңызда.

1. Ақбота-Нұр ата-анасы туралы сыр ашты. Ақбота-Нұр 1996 жылы 22 қазанда дәрігерлер отбасында дүниеге келді. Әке-шешесі медицина саласында қызмет атқарған. 1998 жылғы жалғыз інісі бар. Ақбота үш жасқа толғанда әкесі жол апатынан, тоғыз жасында анасы сырқаттанып қайтыс болған. Бұл қайғылы оқиғадан кейін Ақбота інісімен бірге Әлия есімді нағашы әпкелерінің қолында өскен. Ал, әкесінің туыстарынан мүлдем хабарсыз. Кентауда 7 жыл скрипка класында оқып, кейін Алматыдағы Ж.Елебеков атындағы колледждің эстрада-вокал мамандығын бітірген. 2015 жылы Баян Есентаеваның «KeshYou» тобына қабылданып, 2016 жылы «Гламур для дур» фильмінің басты рөлін сомдайды. Бір қызығы, Ақбота-Нұрдың шын есімі Ақбота. Бұл туралы жұлдызды қонақ былай дейді: «Төлқұжат бойынша Ақбота Сейітмағанбет. Мектеп кезінде «мамамның аты - Нұрия, інімнің аты- Нұрсұлтан. Неге менде Нұр жоқ» деп жылап, апама «төлқұжат алатын кезде Нұр деген сөзді қосамын» деп айтқан едім. Бірақ, төлқұжат алатын кезде олай өзгертуге рұқсат бермеді. Бірақ,барлық жерде солай атайды».

2. «Гламур для дур» фильмі жаңа өмірдің алғашқы сатысы. «Мені «Гламур для дур» фильміне ұсынған Баян Мақсатқызы болатын. Оны да атап өткім келеді. Енді одан әрі бағым жанады, жұлдызым жанады деп жүрген кезде өзімнің махаббатымды кездестірдім. Көп адамдар бұл қадамым туралы ескертті. Бірақ, өзім де өнер адамы болған соң, мені түсінетін, қорғайтын адам жолықты деп ойладым. Тұрмысқа шығамын деп көп адамдарға жек көрінішті болып қалған сияқтымын. Өкініш менде жоқ. Себебі, ұлым бар» деп ағынан жарылды эфир барысында Ақбота.

3. Дәурен мен Ақбота қазір екі бөлек айырылысты. Экс-күйеуі туралы әншінің айтары мынау: «Сүйдім. Әлі де сүйемін. Қазір арамыз суып кетті. Ол кісі де халықтың сөзінен шаршады деп ойлаймын. Негізі бастапқыда біздер жеке өмірімізді ешкімге айтпаймыз деп уәделестік. Оның үстіне Дәуреннің бірінші жұбайы екінші әйел алуға келіскен екен. Бірақ, көп ұзамай ол кісі (Дәуреннің бірінші жұбайы) өзі айтқысы келді ме, әйтеуір болмағанды болды деп біраз шу шығарып, елге жария етті. Қазір екеуміз екі бөлек кеттік, бірге тұрмаймыз. Бірақ, араласамыз. Өйткені, баламыз да ортақ, жұмысымыз да ортақ. Бірге жұмыс жасаймыз, оны жасырмаймын. Баласын кез-келген уақытта көреді. Келін болып түстім. Басыма орамал салынды. Бөлек еншімізді алып шықтық. Ата-енем жақсы көріп, қызындай қабылдады. Ол кісілерге алғысым шексіз. Кейін Дәурен екеуміз бір-бірімізді түсіне алмадық. Аз уақыт бөлек тұрып та көрдік. Болмағасын ортақ шешімге келіп, ажырастық. Ол кісіні жамандай алмаймын. Өте балажан. Дәурен ата-анасымен бірге тұрады. Актерлік жағынан өте керемет жігіт. Тек екеуміздің мінезіміз үйлеспеген шығар. «Мамасының баласы» деп айтайын. Басқа ештеңе айта алмаймын».

4. Ұлымды некесіз бала деп атағанын қаламаймын. Ұлымның есімі – Ибраһим. Әкесі екеуміз ойланып, толғанып осы есімді ұлымызға бердік. «Некесіз бала» деп жиі естимін. Бірақ, олар қандай жаман әрі намысқа тиетін сөз айтып тұрғанын өздері түсінбейді. Біз бірге болмай тұрып, шариғат бойынша алдын ала неке қиғанбыз. Сондықтан, өсіп келе жатқан баламның атына да, затына да лас сөз айтпауын сұраймын.

5. Бәрінен де кешірім сұраймын. «Мені асырап, бағып, бар жиған-тергенін маған берген, жұрттан кем қылмай, жетімсіретпей өсірген апамнан, бауырымнан кешірім сұраймын. Ол кісілерге айтар алғысым шексіз. Мені осындай жетістікке жеткізген, сахнаға шығарған Баян Мақсатқызынан да кешірім сұрамаған едім. Осы бағдарламаны пайдалана отырып, сізге алғыс айтқым келеді. Кімді ренжітсем бәрінен кешірім сұраймын. Және де өзімнің жолдасым Дәуренді де біраз ренжіткен шығармын. Ол кісінің де жүрегі ауыратынын білемін. Сондықтан, кешірім сұраймын».

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий