5 болашақ калыңдық

Автор: aisha007
4582 0 Их жизнь
Сахнамызда, кинода өздерін көрсете білген ару қыздарымыз жетерлік. Олар қалыңдық болуға әбден лайық.

Бұл хас сұлу сылқымдарда бәрі бар: атақ-даңқ, халықтың ықыласы, жігіттер назары, ақша да бар.  Жас та болса шығармашылық шыңдарын бағындырып үлгерген бикештерден рейтинг жасап көрдік.  

Мөлдір Әуелбекова. КЕШ YOU тобынан бір кетіп, қайтып келіп көзге түскен әнші. Әншілігімен қатар "Ғашық жүрек" фильмінде басты рөлді сомадаған әнші қыз бүгін жеке шығармашылығымен айналысып жүр.

Аша Матай. 7-ші арнада "Қыздар арасында" бағдарламсының жүргізушісі. "Brosh" әшекей брендінің ресми өкілі.

Мақпал Исабекова. Соңғы уақытта сырт келбетімен талас-тартыс, қарама-қайшы пікірлер туғызып жүрген әнші қыз өзінің өнер жолын Super star жобасынан бастады. Кейін продюсер Ерік Тәстембековтың көзіне түсіп, соның басшылығымен халқының сүйікті қызы боп шыға келді. Алайда ол "өнерлі серіктестік" аяқталғалы бері Мақпалдың жолы болмай кетті.   Өзін актриса ретінде сынап көрген Мақпал "Қамау" атты фильмге де түсіп үлгерді.

 

Луина. "Cosmopolitan Kz" журналының Fun Fearless Female халықаралық премиясының "Жыл әншісі" атағының иегері әнші қазіргі кезде "Lui Boom" брендімен көйлектер сатуда. Өзі жарнамалайтын көйлектер бағасы 15 000 нан 40 000 теңгеге дейінгі аралықта.

Сая Оразғалиева. "Вузеры" сериалынан танылып үлгерген актриса бірден халық көңілінен өзінің сымбатымен, сұлулығымен шыға білді. Қазір актриса жарнамаларда түсіп жүр.

Құрметті оқырман! Сіз аталған актриса-әнші қыздардың өнерін қаншалықты бағалайсыз?

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий