Жаялыққа тәуелді болмаңыз!

Автор: Aysulu
1193 1 Воспитание и развитие
Қазір кез-келген ана сәбиге жаялық қолдану өте дұрыс деп ойлайды. Рас, қонаққа барсаңыз, ұзақ жолға шықсаңыз бұл таптырмас құрал.

Түнде жаялығы бар сәби де, анасы да тыныш ұйықтайды. Анасының бала киімін жуғаннан гөрі, тек сәбиін ғана арнайтын уақыты көбейеді. Суық кезде таза ауада балаға суық тиеді деп қауіптенбей-ақ ұзақ серуендеуге болады. Анасы өзімен бірге көп киім алып жүрмейді. Былай қарасаңыз, тек қана артықшылығы ғана бар. Ал медицина мамандары не дейді? «Егер баланы тәулік бойы жаялықта ұстаса, оның есі кірсе де өз бетімен дәретханаға бара алмайды. Еліміздің педиатр дәрігерлерінің мәліметі бойынша, 3-5 жас аралығындағы балалар бұтына жиі жіберіп қояды екен. Сонымен қатар бала маймақ жүреді. Әсіресе, ұл  балалар жаялықтан зардап шегеді». Сондықтан, жаялық жарнамаушылардан тек артықшылығын ғана емес, зиян жақтарын да айтуды талап еткен дұрыс. Әлем нарығы бойынша жаялық сату бизнесі жылына 20 млрд доллар пайда тапса, еліміз бойынша 30 миллион доллар табыс табады екен. Құрметті ата-ана жаялық сізге жайлы болса да, сәби денсаулығына зиян екенін ескеріп, мүмкіндігінше тәуелді болмаңыз!


Загрузка...
Комментарии 1
alimgul

жаялық емес - жөргек

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий