Заманауи электрондық құрылғылардың балаларға тигізетін әсері

#Воспитание и развитие

Қазіргі балалардың өмірі мүлдем басқа: олар ауруханада кезекте тұру дегенді білмейді - алдын ала жазылып барады. Олар алтын немсе күміс түсті бояуды шығару үшін бірнеше бояу араластырып жатпайды - алтын түсті дайын бояулар бар. Олар ағылшын тілінен берген үй жұмысын ата-атансының көмегімен орындайды - біздің ата-атамыз ол тілді білмейтін. Бірақ ең бастысы - оларда смартфондар мен планшеттер бар.

Заманауи электрондық құрылғылардың балаларға тигізетін әсері

Күнделікті қолданылатын электрондық құрылғылардың балаға тигізетін әсері соңғы кезде жиі талқыланып жатыр. Психолог мамандар да түрлі жауап береді. Comode редакциясы сіздерге арнап ең жиі қойылатын сұрақтар мен шетелдік және отандық психолог мамандардың ортақ жауаптарын жинады. 

Бала үшін планшет пен смартфонның айырмашылығы бар ма?

Бар. Біріншіден, бұл экранның көлемі. Планшеттің экраны әлдеқайда үлкен. Сол себептен көздің көру қабылеті әлі де қалыптасып келе жатқан балаға үлкен экран абзалырақ. Екіншіден, функционал жағынан да бұл екі құрылғы - екі түрлі. Смартфоннан бала байқаусыздар біреуге телефон шалып қойса, планшеттің көмегімен оны істей алмайды.

Планшеттер мен смартфондар радиоактивті ме?

Планшеттер де, смартфондар да wifi және ұлялы таратқыштары бар электрондық құрылғылар. 2011 жылы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы бұл құрылғыларды "В тобына" жатқызды.  Бұл дегеніміз, аталмыш электрондық құрылғылар адам үшін концерогенді болуы мүмкін деген сөз. Қатерлі ісіктерді зерттейтін Cancer Research UK ұйымы да сондай қорытындыға келді. Алайда, олардың адам ағзасына әсері әлі де зерттелуде.

Балалар күніне қанша уақыт планшетпен өткізу керек?

Америка мен Канаданың педиатрлар ассоциациясы, және "Балалар, Жасөспірімдер және Медиа" ұйымы зерттеулердің нәтижесінде планшетті қолдану уақыты баланың жасына байланысты төмендегідей болу керек деген қорытынды жасады:

  1. 0-2 жастағы балаларды электрондық құрылғылардан аулақ сақтау керек.
  2. 3-5 жастағы балалар планшет қолдануды күніне 1 сағаттан асырмау керек.
  3. 6-18 жастағы балалар планшет қолдануды күніне 2 сағаттан асырмау керек.

Планшеттер мен смартфондар баланың дамуына пайдалы ма?

Бұл сұраққа психолог мамандар түрлі жауаптар беріп жатыр. Біреулері оның зияны көп десе, екіншісі пайдасы мол дейді. Алайда, ғылыми зерттеулерге сүйенейік.

Единбург университетінің профессоры Линда Плоуман жеке зерттеулерінің нәтижесінде, планшетті қолдану барысында бала қаншалықты дамитынын анықтайтын ата-аналарға арналған бағдарлама ойлап тапты.  Ол бағдарлама баларлға электрондық құрылғыдан үйрегнен ойынына байланысты сұрақтар қоюға, ойындар мен шынайы өмірдің арасында параллель жүргізуге, т.б. негіздерге сүйене отырып жасалған. Сол шарттарды сақтаған ата-аналар планшет көмегімен баланың дамуын бақылай алады.

Қай жағдайда элентрондық құрылғыларды мүлдем пайдалануға болмайды?

Бала ұйықыға кетер алдынды 1 сағат бұрын электрондық құрылғыларды мүлдем пайдаланбаған абзал. Оладың экран жарығы адам ағзасындағы ұйықы гормоны – мелониннның азаюына алып келеді. Бұл жағдайда баланың ұйықысы шала болады. 

#балалар #смартфон #гаджеттер #планшет #планшеттің әсері

Загрузка...