Қыздар арасында:
"Баланы кімге қалдыру керек?"

Автор: Жанар Мырзабаева
301 0 Воспитание и развитие
«Қыздар арасында» жобасының үшінші саны эфирге шығады. Бұл нағыз әйелдер үшін, әсіресе, аналар үшін пайдалы кеңеске толы бағдарлама болмақ.

"Ананың көңілі  - балада, баланың көңілі - далада". Бұл - шындық. Кез - келген ана тоғыз ай көтеріп, толғатып өмірге әкелген сәбиін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруді мақсат етеді. Осы мақсаттың жетегінде жүріп, кейде әйел адам өз - өзіне көңіл бөлуді де, жеке тұлға ретінде дамыту да ұмытып кетеді. Ал, ол - үлкен қателік. 

Әр ана баласының болашағы үшін өзін дамытып, жетілдіріп, өз - өзіне көңіл бөлу керек. Оқып отырып: "баланы кімге қалдырамын" деп ойланып отырсыз ба?! Бұл да заңды сұрақ. Бірақ, Comode үшін шешілмейтін түйін жоқ. 

"Баланы кімге қалдыру керек?" Бұл сұраққа жауап іздеу барысында: бала күтушісі, ата мен әжесі, тума-туыс немесе әкесі деген нұсқалар таңдалды. Ал, олардың ең дұрысы қайсысы? Балаңызға жақсы қарау үшін қандай талаптар қойылады? Және жақындарыңыздың тілін тауып, көңілінен шығып, балаларыңызға мейірімді болуын үшін не істеу керек? Әр нұсқаның тиімділіктері мен қиындықтарын Comode зерттеп сіздерге ұсынады.

Ол үшін дереу Comode KZ каналына тіркеліп, "Қыздар арасында" жобасын көріңіз. Және жүрекше басып, пікір қалдыруды да ұмытпаңыздар.

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий