Сәбиіңізге екпе (прививка) жасаттыңыз ба?

#Воспитание и развитие

Бала иммунитетін көтеру жолдары

Сәбиіңізге екпе (прививка) жасаттыңыз ба?

Балаларға екпелер қауіпті ме?

Алуан түрлі екпелер ағза мүшелері үшін жат болып, жергілікті және жалпы реакцияны тудырады. Бірақ бұл реакция сирек кездеседі.

Екпе жасағаннан кейін болатын асқынудың ең басты себебі – екпе салынған адам ағзасының жеке реакциясымен байланысты. Ұлттық медициналық күнтізбеге енген екпелердің ішіндегі АКДС (көкжөтел, дифтерия, сіреспе) екпесі адам ағзасымен ерекше ауыр қабылданады.

Екпелерді өткізу үшін балалар ағзасын дайындаудың бірнеше тәсілі бар:

  1. Баланы мұқият тексертіп,  екпе жасатуға рұқсат алыңыз;
  2. Балада гүлдерге, тамаққа, дәріге аллергиялық реакция барын  ата-анасынан сұрап білу;
  3. Егер балада аллергия бар болса, онда аллергияның асқынбаған кезде екпе жасау үшін уақытты белгілеген жөн (мысалы, поллиноз ауруымен ауыратындар үшін - күз бен қыс, жаз - тыныс алатын аурулармен ауыратындар үшін);
  4. Екпе салмас бұрын 3-4 күн ағзаны дайындаңыз.Екпеден кейін 5-6 күн барысында балаға антигистаминді дәрілер беру қажет;
  5. Ата-аналар диета сақтауды және балаға екпе жасау кезеңінде тағамның жаңа түрін беруге болмайтыны туралы білгені жөн;
  6. Егер АКДС екпесін жасаудың уақыты келгенде бала ауырып қалған болса немесе екпе жасауға болмайтын басқа да себептер туындаса, онда оны кейінге қалдырады. Егер қажеттілік туындаса, екпені едәуір үлкен аралық уақытқа шегеруге болады. Яғни, екпені бала жазылғаннан кейін бірден жасаған жөн;
  7. Жүйке аурулары немесе бұрын-соңды тырысу ауруын басынан өткерген балаларға АКДС (дифтерия, сіреспе) екпесін жасауға кеңес беріледі.

АКДС екпесін жасағаннан кейін не істеу керек?

Балаңызға екпе жасалғаннан кейін медициналық мекемеге қол жетерлік жерде болу үшін емхана айналасында 30-40 минут серуендеген жөн. Себебі жоғарғы аллергиялық реакция дами бастаса дәрігерге қаралу - оперативті түрде жүзеге асуы тиіс.

Үйге келген уақытта дененің ыстығының көтерілуін күтпей–ақ балаға бірден ыстықты түсіретін дәрі берген абзал. Бір тәулік бойы баланың дене қызуын тексеріп тұру қажет. Егер баланың дене қызуы жоғары болса, онда міндетті түрде өзіңіздің дәрігеріңізге қоңырау шалуға және онымен ары қарай не істеу керек екені жөнінде кеңес алғаныңыз жөн.

  • Бұл күндері баланы жеткілікті тамақтандырмауға тырысыңыз.
  • Бала сұйықтықты көп ішуі қажет.
  • Бөлмедегі ауа температурасы 22 °С-дан жоғарыламасын.
  • Адамдармен қатынас жасау санын шектеуге тырысыңыз.
  • Балалар алаңына, қонаққа бармаңыз және қонақ шақырмаңыз.

#дети #малыш #правила #бала #прививка #екпе #сәби #акдс #антигистаминные препараты #аллергия

Загрузка...