Сәбиіңіздің алғашқы күндерінен фото-естеліктер

Автор: Жанар Мырзабаева
385 0 Воспитание и развитие
Мен жүктілігім басталған кезде ғаламтордан жаңа туған сәбилерге жасалған әдемі фотосессияларды көрдім. Сол күннен бастап аман-есен босанған соң, осындай фотосессия жасауға ниеттендім. Нәтижесінде, сәбиімізге 24 күн болған кезде, Little Baby фотосалонына жол тарттық. Жұмыс барысында фотограф Пронина Ольга ханымнан сұхбат та алып үлгердім.

  • Ольга ханым, тағы да сәлем. Қазір түсірілім барысында жаңа туған сәбилермен жұмыс жасау оңай еместігін байқап отырмын. Бұл салаға қашан бет бұрдыңыз?
  • Мен фотограф ретінде тоғыз жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін. Ең алғаш рет  фотоаппаратты үлкен ұлым балабақшаға барған кезде сатып алдым. Ұлымның өміріндегі ең маңызды, ерекше сәттерінен әдемі фото-естеліктердің болғанын қаладым. Ал, қазір мен кәсіби жаңа туған сәбилер мен бір жасқа дейінгі балалардың фотографы болып қызмет етудемін. Әрине, оңай болмады. «Little Baby» еліміздегі бірінші жаңа туған нәрестелерге арналған фотостудия. Бастапқыда ақыл сұрайтын әріптестерім болмады. Бәрін шетелдік мамандардан біліп, үйренуге тура келді. Жақындарым мен достарымның қолдауының арқасында көптеген қиындықтарды жеңе білдім.
  • Ал, дәл осы жаңа туған нәрестелерді суретке түсіруді қашан меңгердіңіз?
  • Жаңа туған балаларды суретке түсіруді екінші рет ана атанған сәттен бастап армандайтынмын.  Ал, үшінші бөпеме жүкті кезде іске ақырындап кірісе бастадым. Арнайы түсірілімге қажетті реквизиттер, құрылғыларды тапсырыс беріп алдырдым. Шетелдік фотографтардан білім алып, тәжірбие жинай бастадым.

  • "Жаңа туған сәбилермен жұмыс істеу қаншалық қиын?" деп сұрағаным жөн болмас. Себебі, қиындығын өз көзіммен көріп тұрмын. Кейде шаршап, бұл саладан қол үзгіңіз келмей ме?
  • Жаңа туған балапандармен жұмыс жасау үшін арнайы оқу мен қымбат фотоаппарат сатып алу аздық етеді. Балаларға деген үлкен махаббат керек. Әрбір фотосуретті сезіну керек. Балалардың әрбір тәтті қылықтарын түсіріп үлгеру керек. Себебі, оларға ересектерге бұйрық бергендей талап ету мүмкін емес. Өмір – бұл бізге берілген үлкен сый. Және сол өмірдің алғашқы күндеріндегі сәби эмоцияларды сақтап қалу үлкен бақыт. Осындай бақытты бізбен ортақтасуға келген ата-аналарға, олардың сенімдеріне үлкен рахмет айтамын. Әрине, жұмыс оңай емес. Шыдам мен шапшаңдық қажет. Бірақ, мен үлкен махаббатпен жасағандықтан ешқандай қиындықты сезінбеймін.

  • Ал, әдемі фотосуреттер шығу үшін қандай уақытты таңдаған жөн?
  • Кез-келген уақытта әдемі кадрлар шығады. Тек сол әдемі эмоцияларды фотографтар түсіріп үлгерсе болғаны. Алайда 5 -14 аралығында жаңа туған сәбилерді фотоға түсірсе ең ерекше фото-суреттерді көре аласыздар. Және жұмыс процессі де тез әрі өнімді болады. Мысалы, сіздер 24 күннен соң келіп отырсыздар. Өзіңіз байқағандай балаңыз сезімтал. Кез-келген дыбысқа немесе аяқ-қолын қозғасақ оянып кетуде. Ал, 14 күнге дейін олар ұйқыны жақсы көретін болады.
  • Ал, жаңа туған баланы фотостудияға әкелуге көп ата-аналар қорқатын сияқты. Бұл туралы не айтар едіңіз?
  • Ол, рас. Көптеген ата-аналар балаларының денсаулығына алаңдайды. Алайда, біз бірнеше маманнан сабақ алып, тәжірбие жинаймыз. Және қауіпсіздік шараларын қарастырамыз. Үнемі педиатр мамандарымен кеңесіп отырамыз. Фотосессия жасағысы келген ата-аналарға да әуелі педиатрмен ақылдасуға болады. Түсірілім өтетін бөлмені балаға лайықты температурада ұстаймыз. Және тек табиғи маталарды қолданамыз.
  • Рахмет көп-көп. Ісіңізге сәттілік тілеймін.
Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий