Неге баладан беске оқуды талап етпеу керек?

#Воспитание и развитие

Барлық адам өз баласының ең ақылды болғанын қалайды. Мектепте баланың ақылын бағалайтын бірден бір жол - баға қою. Алайда, мотивация құралы болуға арналған баға жүйесі баланың психикасына кері әсер етуі мүмкін. Әсіресе, ата-анасы "бес" деген баға алуды талап ететін балалар үшін.

Неге баладан беске оқуды талап етпеу керек?

Сонымен, баладан неге "бес" деген бағаны талап етпеген дұрыс? Біз бүгін оның негізгі бес себебін қарастырамыз.

Біріншіден, өмір бойы тек беске оқып жүрген балада "оқу озаты синдромы" қалыптасады. Ондай бала өскенде де барлық нәрсені тек 5-ке орындауға тырысып, қателесуден қорқады. Бұл синдромы бар адамадардың өз-өзіне деген сенімі төмен болады. Болмағанда ше! Олар ешқашан қателеспей, өздерін қатаң қадағалап үйренген ғой. Адамдармен қарым-қатынасы да "маған бұл адам қандай баға береді екен" деген қорқыныштың негізінде құралады. Бірақ ең қауіптісі: тек беске оқып жүрген адамдар есейе келе "оқу озаты синдромынан" арылу үшін бейсаналы түрде жаман жолға түсіп кетуі әбден мүмкін.

Екіншіден, мектепте берген білім шынайы өмірде қаншалықты бізге қажет болды? Интеграл, логарифмдер не нан алғанда, не жұмысқа тұрғанда қажет емес. Өзіңіздің орта білім алу туралы аттестатыңыздың қайда жатқанын білесіз бе? Жұмыс жасап жүрген адамдардың 90% аттестатты алған күні соңғы рет көрген екен. Беске оқығанның қажеті қанша еді?

Үшіншіден, қазіргі күрделенген бағдарламамен баға қуған тіпті қауіпті. Бала күні-түні оқулықтан басын алмай, бос кезінде менталды арифметикаға барып, одан қалса ағылшын тіліне барып, жасынан ерте омыртқа ауруларына, көз ауруларына шалдығуы мүмкін. 

Төртіншіден, баға - субъективті нәрсе. Ол баланың шынайы білімін анықтамайды. Мектеп мұғалімдерінің бағаны көрінген нәрсе үшін төмендете беретіні құпия емес: нашар жазу үшін, баланың ұқыпсыздығы үшін, тәртібі үшін, т.с.с. Сондықтан, баланың оқуын өзіңіз қадағалап, қосымша тапсырма беріп күнделіктегі бағаға сай екенін тексеріп көріңіз. 

Бесіншіден, бұл өмірде баға ең маңызды зат емес. Білім ғана маңызды. Баланың құртылмаған психикасы маңызды. Қажет нәрселерді қажетсіз нәрселерден ажырата білгені маңызды. Білімін тексеріңіз. Әлсіз болса репититор жалдаңыз. Репититордан да, баланың өзінен де тек білім талап етіңіз. "Бес" деген баға бала үшін өмірлік мақсат болмағаны дұрыс. 

#бала тәрбиесі #оқу озаты #мектептегі бағалар #баға қою

Загрузка...