"Мойындау керек: өз баламды жек көремін"

Автор: Aina Dosmakhambet
1631 0 Воспитание и развитие
Дәл осы сөздерді өзі-өзіне іштей жиі айтатын ата-аналар бар. Мүмін, сіз де солардың қатарында шығарсыз. Әрине, күн сайын жек көрмейсіз, тек қана балаңыз шектен шығып бара жатса. Ондай кезде ең сабырлы адамның өзі де балға қол жұмсауы мүмкін. Оған жеткізбеу үшін не істеу керек?

Сіз балаңызға он рет жуын деп айттыңыз, ол пысқырмады. Ботқына ақ түсіті ыдысқа салмадыңыз деп айқай шығарды. Дүкенде ұнаған нәрсені құшақтап, "сатып ал" деп қадалып алды. Айта берсең осындай сынды мысалдар шыға береді, шыға береді. Бұл кезде ең тиімді тәсіл болып балаға қол жұмсап, бар дауыспен айқайлап, дегеніңізді жасату көрінеді. Алайда, келесі төрт кеңес мәселенің өзегі балада емес екендігін көрсетеді. 

1. Өз талабыңызды дұрыс түсіндіре алмайсыз. Сол себептен, балыңыз сізді түсінбейді.

Мысалы, бала тісін тазалап болып, таза сумен ауызын шайған кезде жан-жақтың бәріне шашыратып, айнаны айғыз қылады. Сіздің "байқасайшы", "ақырын тазала", "бәрін бүлдірдің ғой" деген сөздеріңіз, ойлап қараса, балаңызға еш нәрсені түсіндірмейді. Әйтеуір не болса да,  дұрыс жасамай жатқанын білдереді. Не істеу керек? Өзіңіз ауызды қалай шаю керектігін көрсетіңіз. Ол үшін баламен бірге тіс тазалап, артынша "міне, нағыз супермендер былай істейді" деп, дұрысын көрсетіңіз.

2. Сіз шаршадыңыз/сіз өзіңзді нашар сезініп тұрсыз.

Сіз жұмыстан келек саласымен, балаңыз аяғыңызға оратылып, мойныңызға асылып жатыр. "Қой" дегенді түсінбейді. Алдыңыз да айқайлай салдыңыз. Балаңыз да жылап қалды, сіз де көңілсізсіз. Не істеу керек еді? "Балам, мен дәл қазір шаршап тұрмын, сол себептен сені көтере алмаймын. Күш жинау үшін, мен 15 минут тынығып алуым керек. Сағаттың үлкен тілі төртке жеткенде мен дайын боламын" деп, балаға шек қою керек. Көп жағдайда балаға сағат тілін бақылаудың өзі қызықты ойынға айналып кетеді. Ал сіз ол кезде тынығып аласыз. 

3. Өз-өзіңізге жыныңыз кеп тұр

Сіз енді ғана жұмысыңызды бітіріп, компьютерден тұрдыңыз. Кешкі асты әзірлеуге бара жатқан кезде, байқамай баланың ойыншығына басып кеттіңіз. Сол сәтте телефоныңыз шырылдап, бастығыңыз күні бойы жазған комерциялық ұсыныстың мәтінін енді ғана тексеріп, өзгерістер енгізуді талап етеді. Дәл сол кезде балаңыз келіп "мама, алма жегім кеп тұр" дейді. Жүйкеңіз қозып тұрған сіз "күні бойы алма жедің ғой!" деп айқайлай салдыңыз. Не істеу керек? Ондай кезде өзіңізге іштей "мен балама емес, бастығыма жынданып тұрмын, баламның бұған түк қатысы жоқ" деп түсіндіріңіз. Кейде түсіндіруді бала ғана емес, ересек адам да талап етеді. 

4. Басқа біреуге жыныңыз кеп тұр

Бір балаңызды емізіп жатқан кезде, екінші балаңыз келіп тамақ сұрауда. Шыдайтын түрі жоқ. Амалы қанша, ас үйге еке баламен бірге барып, тамақ ысытасыз. Дәл сол сәтте кіші балаңыз қоқысқа толы шелекті тартып қалып, еденнің бәрін бүлдіреді. Қасынан өтіп бара жатқан үлкен балаңыз аяғы тайып шалқасынан құлайды. Сіз "аяғыңның астана қарамайсың ба?!" деп айқай көретесіз. Баланың жылаған дауысын естіген әкесі көрші бөлмеден жетіп келеді. Тек сол кезде ғана сіз шын мәнінде осы уақыт бойы түк істемей отырған еріңізге жыныңыз келіп тұрғанын түсінесіз. Оған жынданып, балаға айқайлағаныңыз анық болды. 

Міне, көп жағдайда, мәселенің барлығы балада емес, өзіңізде екен. Біреуге жынымыз келіп тұрып, балаға айқайлау әдетке айналған сияқты. Бірақ, одан да құтылуға болады. Тек, ерінбей жұмыс істеп, өз-өзімізді тәрбиелеуіміз керек. 

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий