Балаңыз еркетотай болса...

#Воспитание и развитие

Балапандарымыз кейде еркелеп, шектен тыс бұзық болып жататыны әрбір қазақ шаңырағына белгілі жағдай.

Балаңыз еркетотай болса...

Еркелік – бұзықтық па?

Еркелік жүре келе қалыптасады. Кішкентайынан баланы еркелетіп, оған адамдар қарым-қатынасы арасында белгілі бір тәртіптің болатынын түсіндірместен, сенікі қашан да дұрыс деп өбектей беру балаға кері әсерін тигізеді. Әр бала - өз қалауы бар, өзіндік пікірін қалыптатыруға келген бір-бір тұлға. Сондықтан оған мейірім мен махаббатты сіңіріп, тұлғалық болмысын құрметтей отырып, ата-ана көмегін тигізгені абзал. Балалық шақ қайтып келмейді. Сондықтан бұл мезгілде ата-ананың алдында баланың еркелегені дұрыс. Десе де ата-ана әр нәрсенің мөлшері болуы тиіс екенін ұмытпаған жөн. Сонғы уақыттарда мамандар балалар бұзықтығының кең етек алғандығын байқаған. Сонымен қатар оның нақты себебін де анықтаған екен. Басты себеп балалардың ата-анасының қасында тым аз уақыт өткізуінде екен. Күндіз бала-бақша мен бала күтушінің қасында болатын бала өзіне бөтен жанның қасында дәл ата-анасының жанындағыдай еркін ұстай алмайды. Сағынысып көріскен ең жақын жандарына өзінің бар екенін, ерекше мейірімге бөленгісі келетінін олар қиқарлығымен, еркелігімен, қала берді үйдегі дүниелерді білдіруімен көрсеткісі келеді. Көп жағдайда жұмыстан шаршап келген ата-ана баланың мұндай «жан дауысына» мән бере бермейді. Нәтижесінде бала өзіне мән бергізудің өзге амалдарын қарастыруы мүмкін. Айтса сөз ұқпайтын, айтқанынан қайтпайтын қасиет осындай келеңсіз жайттардан пайда болады.

Бұзықтық жайлы

Балалар бұзықтығын психологияда қалыпты жағдайдағы бұзықтық, еркелік және шектен шыққан бұзақылық деп үш тарапқа бөліп қарастыруға болады. Сонымен қатар мүлдем бұзықтық танытпайтын, бір орында отыра беретін баладан да ата-ана секем алуы қажет. Себебі ол баланың қоршаған ортаға қызығушылығы төмен деген сөз. Мұндай жағдайда баланы балалар психолгына көрсетіп, одан соң маман ұсынысымен дәрігерге де қаратқан жөн. Күнделікті өмірде ата-аналардың бұзықтық пен еркелікті ажырата алмай жататын кездері болады.

Бейімдеу

Баланың энергиясы үлкендерден үш, кейбір деректерде екі жарым есеге көп екенін де ескеру қажет. Бұл қасиет оларға өздері үшін беймәлім де таңсық әлемді танып-білу үшін берілген. Ғалымдар «бала ойыншықтың өзін мақсатсыз сындырмайды» деп есептейді. Демек, бала ол ойыншықтың құрылымы мен жасалуына қызыққан болуы мүмкін. Танып-тексеріп болған соң ол ойыншықтың қызығы да қалмауы ғажап емес. Көбіне бір нәрсені бүлдіргіш, бұзық балалар өзін қызықтыратын нақты бір нәрсені таба алмай жүруі мүмкін. Сондықтан бала үш жасқа толғанда-ақ ата-ана оның бейіміне аса назар аударып, оны белгілі бір арнаға бағыттауы тиіс. Баланың жан дауысын ести білген ата-ана оның келешегінен мол үміт күте алады. Бала үш-төрт жасында өзінің қызығушылығы мен қабілетін аңғарта бастайды. Мұны байқай алмаған ата-ана оның әр түрлі әрекеттеріне қарап «бұзық» деп қорытынды жасаудан аулақ болуы керек.

Ұлға деген ерекше көзқарас қажет

Біз бұзықтық деп қарастырғанмен, әр нәрсеге қызығып, ненің не екенін танып білгісі келген бала өзін бұзықтық жасадым деп есептемейді. Сондықтан, оның әрекетіне әлсіздік танытып, балаға ұрысудың, шара қолданудың қажеті шамалы. Соңғы зерттеулерде ғалымдар ұл балаларға қарағанда қыздар сөзді тез түсініп, істеген әрекеті анасына ұнамай тұрғандығын бірден ұғатынын айқындаған. Осы қасиетіне байланысты қызды ерекше еркелетіп, оның ақылдылығына ата-анасы риза болып жатады. Ал, сөз ұғуға тырыспайтын ұлына мән беру азайған сайын ол өзіне деген үлкендер ықыласын қалыптастыру үшін бұзықтығы көбейе түсетініне мән беріле бермейді.

Жаза - шешім емес

Бұдан шығатын қорытынды: бұзық және ерке балаларды жазалауға асықпау керек. Баланың жанын түсінбейтін, оның қалауы мен қызығушылығына бас қатырмайтын адам педагог бола алмайды. Бұл осы салалада жүрген мамандар арасында жиі айтылатын сөз. Алайда, ата-ана да нәрестелі боларда оның жауапкершілігінің жоғары екендігін, баланың еркелейтінін, бұзықтық танытатынын, ауыратынын, қысқасы оңайлықпен адам болып, өз өзінен өсіп шықпайтыны жайында ойланғаны жөн. Қылмыстың өтеуі ғана - жаза. Ал, балалар бұзақылығы қылмыс емес, ол өзіне бейтаныс, жаңа әлемге деген талпыныс болып табылады.

Бала ерке болып туылмайды

  • Бұзық балалардың жан дауысына құлақ салу қажет
  • Ата-ана алдымен өзінен кеткен қателікті ойлау керек
  • Қызығушылығы жоғары балалар да бізге бұзық секілді көрінеді

#воспитание #психология #бала #сәби #тәрбие #бұзық #ерке #еркетотай #детская психология #каприз #капризы детей

Загрузка...