Балалардың сүйегі
неге сынғыш болып кетті?...

Автор: Comode
1830 0 Воспитание и развитие
Бұл сұраққа Comode авторы Гүл Баяндина жауап берді. Балалардағы остеогенез (сүйек сынғыштық) көп жағдайда туа пайда болатын ауру. Бұл кесел Қазақстанда сирек кездеседі, дегенмен көбінесе тұқым қуалау арқылы ата-анасынан берілуі мүмкін.

Сүйек сынғыштыққа ұшыраған жас сәбидің басы үлкендеу, әрі бас сүйегі көпке дейін жұмсақ болып келеді. Сондай-ақ, олардың ми қақпағы ұзақ уақыт қатпай, аяқ-қолдары қисық болып, қысқа бітеді. Ондай сәбидің сүйегі тіпті жаялыққа орау кезінде де оп-оңай сынып кетеді екен. Сондықтан сүйек қаңқалары әлсіз балалардың өсу қарқыны да баяу болады. Соның салдарынан ол дыбыстарды да естімей, артынша саңыраулыққа  ұшырайды.

Әлемде остеогенездің 12 түрі бар екен. Қазақстан дәрігерлері бұл дертті емдеудің жаңа тәсілін қолға алып отыр. Астана қаласындағы Ана мен бала орталығының бөлімше меңгерушісі Нұрлат Нағымановтың айтуынша, сүйектің сынғыштығын азайту үшін, сүйекті жөндеуге арналған оперативтік емдеулердің түрлері қолданылады.

Мысалы, сүйектің ішіне телескопиялық стерженьдерді орнату арқылы, оның сынғыштығын азайтуға болады. Темірден жасалған телескопиялық стержень, баланың сүйегімен бірге созылады және сүйектің сынғыштығы мен борпылдақтылығын азайтып, тежейді. Ал сүйек кенеттен сынатын болса, онда телескопиялық стержень сынықтарды алысқа жібермей ұстап тұрады екен. Бұл  ота жасау процесін айтарлықтай жеңілдетеді.

Астана қаласындағы Ана мен бала орталығының Ортопедия және вертебрология бөлімшесінің дәрігерлері осы күні балалар сүйегінің сынғыштығына байланысты іштен туа біткен даму ақауы кезіндегі диагностиканы және емдеу тәсілдерін жаңа деңгейге көтеруге күш салуда. Себебі, остеогенезбен туылған балалардың саны күннен-күнге артып келе жатыр.

«Ондай балаларда кез-келген уақытта сүйегі опырылып сынып кету қаупі жоғары болады. Егер де балаңыздың сүйек сынғыштығын бір жасқа дейін байқасаңыз, балалар-ортопед-травматологына және эндокринологқа міндетті түрде қаралуыңыз керек» деп кеңес береді мамандар. 

Жалпы, Қазақстанда  бұл аурудың 5 түрі ғана белгілі. Олардың арасында 80 пайызды құрайтын жеңіл түрі де  бар. Кеселдің осы жеңіл түрі біздің балаларда жиі кездеседі дейді балалар дәрігері Бауыржан Кеңесбекұлы. Яғни, бала сүйегіндегі кальцийдің толық қатпайтындығынан, сүйектің өсу кемшілігі пайда болады. Оның арты, сүйек сынғыштыққа апарады. Осыны ескере отырып, әрбір ата-ана баланың қанындағы кальцийдің құрамын қадағалауы тиіс. Бұл ауруды алдын алу үшін, әрбір адам сүт тағамдарын көбірек пайдалану қажеттігін қаперінен шығармасын.

Бір ескеретін жәйт, сүйек сынғыштық дерті туа бітумен қатар, мектеп жасында және жыныстық даму кезеңдерінде жүре пайда болуы да мүмкін. Сондықтан әр ата-ана баласының сүйегінің жетілуіне мән беруі абзал.


Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий