-->

Қазақ тіліндегі балаларға арналған кітаптар

#Воспитание и развитие

"Балам кітап оқымайды" - бұл ата-аналардың жиі айтатын сөздерінің бірі. Мүмкін, мәселе кітапта шығар? Қызық емес немесе күрделі тілмен жазылған кітаптарды бала түгіл, ересек адам да оқығысы келмейді. Сондықтан, үйдегі кітапханаңызға шолу жасап, қажет болса осы мақалада көрсетілген кітаптармен толықтырыңыз.

Қазақ тіліндегі балаларға арналған кітаптар

0-2 жас

Бала туғанынан бастап қоршаған әлемді зерттейді. Бірақ, кітаптар арқылы емес, сезім мүшелерінің көмегімен. Бұл кезде кітаптар балаға тек сол зерттеудің қосалқы көмекшісі ретінде ғана пайдалы бола алады. Яғни, шамамен 2 жасқа дейін балалардың кітаптары жанды және жансыз дүниенің түсін, түрін, пішінін және дыбысын анықтауға көмектесу керек. Сол себептен, келесі кітаптарға көңіл аударған абзал:

  • Пішіндер ("АлСафи" баспасы, "Аруна" баспасы); 
  • Араның пішіндермен танысуы ("Аруна" баспасы);
  • Тілашар. Ауыз әдебиеті үлгілерінен;
  • "Балақай" сериясының кітаптары ("Аруна" баспасы); 
  • Жануарлар әлемімен таныстыратын кітаптар.

2-4 жас  

Бала екі жасынан бастап ертегі тыңдауға құмарланады. Осы кезде балаға сюжеті қызық, тілі оңай, қысқа ертегілер оқыған жөн. Әріп тану, төрт жол тақпақ жаттауды да екіден асқан кезінде үйренсе, есінде ұзаққа қалады. Осы кезде бүлдіршіндер бала бақшаға барып, қоғамдық өмірге белсенді араласа бастайтындықтан, әдептілік негізін де кітаптар арқылы үйретуге болады. 

  • Достар және ақылдың көмегі ("Аруна" баспасы);
  • "Саяхатшы Дара" сериясының барлық кітапатары ("Аруна" баспасы);
  • Әдептілік сабағы ("АлСафи" баспасы); 
  • Қоян, қоян, тұршы! ("АлСафи" баспасы); 
  • Бақытты отбасым ("АлСафи" баспасы); 
  • Қошақаным қайда екен ("АлСафи" баспасы); 
  • "Теңіз қарақшылары" және басқа панорамалық кітаптар ("Аруна" баспасы);
  • Әліппе кітаптары.

4-6 жас

4-6 жас аралығында балаларға алфавит және қарапайым қосу мен азайту амалдарын үйретуге болады. Сонымен қатар, бұл жаста балаларда логикалық жаттығуларға қызығушылық пайда болады. Ертегілердің әлі де өте маңызды екекнін ұмытпаңыз! Келесі кітаптарға назар аударсаңыз болады:

  • Ғажайып тапсырмалар ("Аруна" баспасы);
  • "Мизам" сериясының кітаптары ("Аруна" баспасы);
  • "Сиқырлы лупа" сериясының кітаптары ("Аруна" баспасы);
  • "Әңгімелеу өнері" сериясының кітаптары ("Аруна" баспасы);
  • Жануарлар және адам денесі туралы қарапайым энциклопедиялар.
  • Ертегілер.

7-10 жас

Мектепке бағдарламасына көшкен балаларға көп жағдайда сиқырлы ертегілер мен энциклопедиялар ұнайды. Ертегілердің енді ұзақ, сюжеті күрделі, астарында тәрбиелік мәні бар болғаны абзал. Энциклопедиялар арқылы балалар тарихты біле бастайды. Сондай-ақ, балалар әлем клиассикасының үздік туындылары мен қазақ балалар әдебиетінің  шығармаларымен таныстыруға болады.

  • Динозаврлар энциклопедиясы ("Аруна" баспасы);
  • Жануарлар туралы үлкен энциклопедия ("Аруна" баспасы);
  • Ерлік ертегілері ("Аруна" баспасы);
  • Менің ғажайып ертегім ("АлСафи" баспасы);
  • Кішкентай ханзада.

11-15 жас

Он жастан бастап балалар, әдетте, кітапты өздері оқып, сүйікті жанрлары қалыптасуы да мүмкін. Осы жаста балаларды әлем классикасымен таныстырған жақсы. Ұлдарға әсіресе нағыз ерлік пен батылдықты сипаттайтын Жюль Вернның кітпатары ұнауы мүмкін. 

  • 20 000 лье су астында  ("Фолиант" баспасы);
  • Үш ноян ("Фолиант" баспасы);
  • Адам-балық
  • Том Сойердің басынан кешкендері ("Фолиант" баспасы);
  • Жер кіндігіне саяхат ("Фолиант" баспасы);
  • Ежелгі дүние жаршылары ("Аруна" баспасы).

#балалар әдебиеті #кітаптар #балаларға арналған кітаптар #қазақ тілі #қазақ тіліндегі балаларға арналған кітаптар #кітап оқу #ертегілер

Загрузка...