Ата-анаға СІЗ деу керек пе,
әлде СЕН деген дұрыс па?

Автор: Aina Dosmakhambet
3283 7 Воспитание и развитие
Қазіргі кезде психолог мамандар өмірдің барлық саласына араласып кеткен сияқты. Оладың ең белсенділері бала тәрбиесінде жүр. Кеңес үкіметі құлағалы олардың қолы ұзарып, бесіктегі баладан үйленетін жасы келген жасөспірімдерді қалай әрбиелеу керек деген кеңестер дайындап қойды. Солардың бірі - ата-анаға «сен» деп сөйлеу.

Психологтардың пайымдауынша бала ата-анасына СІЗ демей, СЕН деп сөйлеу керек. Кез-келген тіл мәдениетінде СІЗ деп бөтен адамға, танымайтын немесе шала таныс адамдарға, аса құрметті немесе үлкен адамдарға айтатын. Сол себептен СІЗ деп сөйлеу адамдардың арасын алшақтатып, бір біріне деген сенімін азайтады. Ал ондай субординация ата-ана мен бала арасында болмауы керек. Психологтардың зерттеу барысында  бала ондай кезде бейсаналы түрде ата-анасын бөтен адам ретінде қабылдайды. Яғни, басына іс түскен кезде немесе бір ой мазалап жүргенде, іштегі сырын ата-анасына айта алмайды. Ата-анасының қасында өзін бос ұстай алмайда. Өсе келек, тұйық мінезді, адамдармен жақындаса алмайтын ересек адам болуы мүмкін.

Әсіресе, СІЗ деп сөйлеген қыздарға қауіп дейді. Нәзік жандар анасына жақын болғаны дұрыс қой. Анасын жат адам ретінде қабылдаса, дұрыс отанасы анатуы екіталай екен.

Енді психологтарды былай қойып, тәжірибиге көз жүгіртейік. Қай ұлтты алсақ та, ешбіреуінде қатып  қалған ереже жоқ. СІЗ немесе СЕН деп сөйлеу тек отбасындағы тәрбиеге байланысты. Өз әке-шешесіне СЕН деп сөйлеген адамдар балаларын да солай тәрбиелейді. СІЗ деп өскен адамдар, балаларына да СІЗ деп айтқызады. Бұл жерде СІЗ деп айту баланы алшақтату мақсатында емес, ата-ананы құрметтеу, қастерлеу мақсатында. Әке-шешесіне СІЗ деп өскен бала олармен ұрсысуға, сөз таластыруға әдетте бармайды. Былайша айтқанда, жат адам емес, авторитет ретінде дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Үлкен адамдарға құрбың ретінде қарамауға үйретеді. Себебі, құрбыңмен он жерден жақсы аралассаң да, оны қонағыңдай сыйласаң да, әкең мен анаңның орны бөлек. Бұқар Жырау айтпақшы, "сыйлағаны не керек, сізді қойып, сен десе".

Сіздің ойыңыз қандай? Ата-анаға СІЗ деп сөйлеу керек пе, әлде СЕН деген дұрыс па?

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 7
Медовая

Өз басым ата анама СЕН деп өстім, қайта басқаларға таң қалып қарайтынбын мамасына СІЗ десе. Енди өзімнің балдарым маған сіз деп сөйлейди, мен емес, бақшасында апайлары үйретіпті) Маған сол енді сіз деген дұрыс сияқты, арамызда еш алшақтық жоқ психолгтар айткандай.

Aina Dosmakhambet

Біз өмір бойы СІЗ деп келеміз. Ата-анасына СЕН десе, дөрекі естіледі. Сіз айтқандай, еш алшақтық жоқ. Сыйластық бар.

AraiS

Біз де ата-анамызға СІЗ деп айтамыз. Шынымен, арамызда сыйластық бар. Ешқашан ұрысып не болмаса айтқандарына құлақ аспаған емеспіз. Бірақ, мақалада айтылғандай анамызбен сыр шертіп, мазалаған ойды айта алмайтынбыз. Ол рас. Қазір өз балам маған да, әжесі мен атасына да СЕН дейді.

AraiS

Мақала текстінде қателер бар

Aina Dosmakhambet

Қатесі қай жерде екенін жаза саласыз ба? Түзейміз! Көп рахмет!

mikosja

Мақалада қателер бар.

alimgul

Адамдардың арасының алыс жақын болуы 'сен, сіз' дегенге байланысты емес. Мен анама сен десемде жақын емеспін. Жолдасыма сіз десемде одан жақын адамым жоқ. Бұл адамнын қаншалықты сеніммен бауыр басуына байланысты. Кейбір аналар, кейбір қылықтарымен өкінішке орай баласының сенімінен шығып қалатындықтан баласымен арасы жақын бола алмайды. Бұны сен немесе сіз дегеннің артына жасырған жөн емес.

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий