Шалқар Ақанов: Қазақтың дизайн өнерін әлемге танытамын!

Автор: aisha007
2866 7
Өзімді қазақ елінің намысын қорғап жүрген әлемдік деңгейдегі сәулетші әрі дизайнер ретінде көргім келеді. (с)

Мамандығы: 1. Интерьер дизайнеры  2. Архитектор-дизайнер

Жетістіктері:

  • 2004ж. «Бала Би» журналының "Ауыл-қала" сурет байқауында бас жүлдегер
  • 2005ж. «Истоки рек я берегу» облыстық экологиялық апталығының 1-ші орын иегері
  • 2005ж. Ұлы Отан соғысының 60 жылдығына арналған аудандық жас суретшілер байқауының бас жүлдегері
  • 2009ж. «Ақ босаға» газетінің ұйымдастыруымен өткен конкурстың бас жүлдегері
  • 2010ж. Болгария халықаралық «Болгарская Роза 2010» фестивалінде сурет өнерінен 2-ші орын иегері

Instagram: Shalkar_a

Өзім жайлы: "Ғаламтор арқылы танысуға үзілді кесілді қарсымын!"
"Өмірлік ұстанымым - Адам болу!", " Шабытым - қуаныш пен сұлулықтан туады"

Отбасылық жағдайы: бойдақ

Сүйікті асы: палау

Сусыны: қымыз

Туған мекенім

Мен 1993 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан обл. Абай ауданы Құндызды ауылында дүниеге келдім. Үш агайындымыз.Үйдің кенжесімін. Әкем ауыл әкімшілігінде бас маман. Анам бастауыш сынып мұғалімі.

Мамандығым бар сәулетші...

Қазақ Бас Сәулет Құрылыс Академиясының архитектура факультетінің 5-курсында оқимын.

Сурет өнері анамнан дарыған

Менің сурет өнеріне деген қызығушылығымды байқап,тұңғыш шығармаларымның тұсауын анам кесті. Жетістіктерімнің бәрі ата-анамның қолдауымен және менің балалық арманыма қанат байлай білген сүйікті анашымның еңбегі зор деп ойлаймын. Әке шешем өнерге жақын адамдар.

Суретті 3 жасымнан бастап салдым

Әкем жұмысқа, ағаларым мектепке кетіп үйде ешкім қалмаған соң, анам мені әрдайым қасында ертіп жүретін. 3 жасымнан бастап анам мені өз сыныбына кіргізіп оқушыларымен бірге отырғызып қолыма қалам мен қағаз беріп қояды екен. Анамның айтуы бойынша суретті 3 жасымнан шимақтап сала бастаппын.

Ұстазым менің, ұстазым

Сурет өнерінің сиқырлы сырына әдебиет тұрғысынан бағыт берген ұстазым Н.Таханова мен Г.Қазыбаеваның дәрісі ерекше әсер берді. Қыл қаламның құдіретін бағындыруда ұстаздарым Рақаш Нұрмаханов пен Сымбат Құдайбергенов және Гүлназия Қастеевалар көмектесті.

Сурет өнеріндегі бағытым

Суретті қарындаш, штрихпен және классикалық үлгіде саламын. Кескіндеме өнерінде «мазок» техникасын қолданғанды жаным сүйеді, ал сурет өнерінде штрихпен салғанды ұнатамын. Өнердің шыңындағы аға апайларымызды өзім салып бастаған едім. Бірақ, қолқа салып сұраумен салдырып жатқан ағаларым да бар. Суретті кешқұрым уақытта, айнала тынышталып түн маужыраған сәттерде, ақырын әндетіп қойып сурет салғанды ұнатамын. А4 форматындағы суреттің бағасы 100 доллардан жоғары. Бір суретті салу үшін 8 сағат уақытым кетеді.

Жігітке жеті өнер де аз

Домбырада ойнаймын. Әу демейтін қазақ жоқ демекші ән де айтамын. Жақында өзімнің орындауымдағы алғашқы «Өмір жалған» әнім жарыққа шығады. Әнге жаным ғашық.

Ұлық болсаңда кішік бол

Мінездің жақсысы-қарапайымдылық. Ешкімге арамдық ойламаймын, достарымды орта жолдан тастамаймын, адалдықты жақсы көремін, кейде қызуқандылықпен дөрекі жауап беруім де мүмкін.

  • Түнде сурет салуды ұнатамын
  • Лидо
  • 1 суретті 8 сағатта салып бітіремін
  • Қайрат Нұртас
  • Сәкен Майғазиев
  • Елбасымыз

Жоспар - мақсат жетерлік

Жақында жеке авторлық сайтымды ашамын. Көптеген өнер жұлдыздарының бейнесін бейнелеу жоспарда тұр. Жеке көрмемді өткізсем деймін. Оқуымды бітірген соң, Астана қаласында мамандығым бойынша жеке бизнесімді бастасам деп жоспарлаудамын.

Алғашқы жалақым

Алғашқы жалақымды 4-сынып оқып жүргенімде мектепте ағылшын тілі мұғаліміне тапсырыспен жан-жануарлардың суреттерін салып беріп, тапқан ақшама өзіме керекті құрал жабдықтар, бояулар және әр түрлі форматтағы қағаздарды сатып алған едім.

Ақша деген...

Ақша - тек тауар мен қызмет айырбастау құралы. Оның мөлшері тауар мен қызметке сай болу керек. Соңғы кезде ол мақсат болып, көпшіліктің иманынан айырды. Ақшасы көп адамдарды бай дейміз. Алайда рухани байлығымызды да ұмытпай дамытқанымыз жөн.

Фото: Мария Ульянова

Стоит почитать

Комментарии 7
Zamirka

Талант...

Veranika Komarova

Молодец вообще парень, так здорово рисует!

gulvira

Керемет.... Еңбегіңе жемістер тілейміз!!!

gauhartas

Шалкаржан мен де саган хабарласам, жакын арада
маган да осындай Лидоныкиндей сурет керек

ravshana

шалқар! талантыңа тәнтімін. ризамын осындай жігіттеріміздің барына. күміс сырғаның бағасы қанша болады, жалпы күмістен әшекейдің бағаларын жазып жіберең осында, күміс өзімнен шықса, соны балқытып сенің дизайныңмен жасап беру құнын жазшы

AILINA

елбасының суретін алып, ақордаға жібермедің бе поштамен, оған ұнауы керек, сәтті шыққан, контрастты жақсы сезінесің, әрі мимика тірі екен сенде Шалқар, қолың талмасын, қызметінде өсе бер

byrjan alimgerey

красава брат! респект тебе и твоим работам. талант одним словом

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий