Зәйтүн майының пайдалы қасиеттері

#Уход за собой

Зәйтүн майы ерте кезден бері өзінің пайдалы қасиеттерімен белгілі. Халықта «Сүйік алтын» деген атпен танымал май, ежелгі заманнан бастап медицинада, дене, шаш күтімінде, ас даярлауда және күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылып келе жатыр.

Зәйтүн майының пайдалы қасиеттері

Мысалы, зәйтүн майын қырынуға арналған кремнің орнына қолдануға болады. Елестетіп көріңіз: үйреншікті жағдай – сізге шұғыл түрде депиляция жасау керек, алайда, қырынуға арналған крем қас қылғандай тауысылып қалды. Алайда, үйіңізде зәйтүн майы болса уайымдауға еш себеп жоқ. Ол теріңізді қырып қана қоймай, сондай-ақ  ісініп қызарудан сақтайды және ылғалдандырады.

                         

Ал егер сіз жаз бойы күнге әдейі күйіп, бірақ сонда да, әдемі және бір қалыпты реңкке қол жеткізе алмасаңыз, денеңізге зәйтүн майын жағып көріңіз. Ол теріңізді нәрлендіріп, әдемі алтын түстес реңк сыйлайды. Дегенмен, күнге күйіп қалмау үшін, әр 10 минут сайын суға түсіп тұруды ұмытпаңыз.

Сонымен қатар, зәйтүн майын шаш күтімінде де пайдалануға болады. Шашыңыз құрғақ болса, ал бас теріңіз қабықтанса, зәйтүн майын қолданып, шашқа арналған шипалы кондиционер дайындауға болады. Ол үшін, жарты кесе ысытылған майды шашыңызға жағып, басыңызға арнайы телпек тағып, оның үстіне сүлгі орап, сол күйде 45 минут отыру қажет. Уақыт өткен соң, шашыңызды сабын сумен жақсылап жуу керек. Бұл әдіс шашыңыздың әдемілігін қайтару үшін өте тиімді.

Теріңізді жазатайым күйдіріп алсаңыз, зәйтүн майы, күйік жерінің тез жазылуына көмектеседі. Майдың құрамындағы А, Е және D дәрумендері тері жасушаларының қалпына келуіне ықпал етеді. Оның үстіне, зәйтүн майы, микробтардың жараға енуіне бөгет жасайды.

Сондай-ақ, күн сайын, аш қарынға қабылданатын 1 қасық зәйтүн майы, иммунитетіңізді күшейтуге, артық салмақтан арылуға және ас қорыту мәселелерін шешуге көмектеседі.

#зәйтүн майы #халық медицина #ежелгі құпия #дене күтімі #ас даярлау #әдемілік рецепті #пайдалы қасиеттер

Загрузка...