Теріңізді күту құпиясы

#Уход за собой

Қыс мезгілінде теріге ерекше күтім қажет.

Теріңізді күту құпиясы

Қыста бет пен қол терісіне ерекше күтім қажет. Бет терісі суықтан, аяздан, ызғарлы желден қызарып, құрғақтана түсетінін бәріміз білеміз.

Бірақ жұмыс пен үйдегі жылытқыштардан бөлініп шығатын ауа да теріні кептіріп жібереді.  Қыс мезгілінде бетті сабыннан гөрі косметикалық сүтшемен тазалап отырыңыз. Сондай-ақ бетке зәйтүн майын жағып, қалғанын тампонмен сүртіп алыңыз. Тазарған бет терісін қалыпты және құрғақ теріге арналған тоникпен сүртіңіз, артынан  түнге арналған ылғалдандыратын бетмайын жағыңыз. Егер жазда бет терлемеуі үшін ылғалдандыратын бетмай жақсақ, қыста далаға шығар алдында майлы крем жаққан абзал.  Қыста жағылатын кремдер қою әрі майлы боп келеді. Аптасына 2 рет бетке арналған  ылғалдандырушы маска жасап тұрыңыз. Егер теріңіз құрғақ болса онда масканы 1 апта бойы күнде жасау керек, апта біткен соң 1-2 рет те жетіп жатыр. 

#маски для лица #состояние кожи #уход за кожей в зимнее время #питательный крем #особый уход #лицо-кожа рук #увлажнение

Загрузка...