-->

Сүйкімді болуға арналған сүйкімсіз құрылғылар

#Уход за собой

Әрбір әйел өзін жас, сұлу қалпында неғұрлым ұзақ сақтағысы келеді. Мезотерапия, алтын жіптер былай тұрсын, ота жасуға да баратындар аз емес. Алайда, шеттен шықпай-ақ бет пен дене сұлулығын қалпында сақтап қалуға мүмкіндік беретін құрылғылар бар екен. "Естімеген елде көп" дегенді "көрмеген елде көп" деп өзгерте отырып, Comode сол ерекше құрылғыларға шолу жасап көрді.

Сүйкімді болуға арналған сүйкімсіз құрылғылар

1. Қосымша қабақ жасауға арналған жабыстырғыш сызықтары.

Айтпаса да белгілі, бұл нәрсені Корея өнертапқыштары ойлап тапты. Көз бояуда қабағын жасанды түрде көтеріп, еуропалық қабаққа қол жеткізу енді оңай болды. Бар болғаны, бұл жабыстырғыш сызықтарды дұрыс жабыстырып үйрену керек. 

2. Қабақты көтеруге арналған көзілдірік

Бұл құрылғы да қабақты еуропалық стандартқа әкелуге арналған. Жабысқақ сызықтардан айырмашылығы - қосымша қабақтың пайда болуын, әрі оның ұзақ уақыт бойы сақталуын қамтамасыз етеді.

3. Омырауды қалыпқа келтіретін құрылғы

Мына құрылғының түрі де, пайдалану тәсілі де қорқынышты болып көрінгенімен, ойлап тапқан адамдардың айтуынша ол әйел адамның омырауын шымыр етуге мүмкіндік береді.

 

4. Төмен түскен емшекті көтеретін пластиналар

Бұл бала емізген нәзік жандарға арналған болар. Төмен түсіп кеткен емшекті жоғары көтеруге арналған пластиналар. Моншаға барып, елдің алдында шешінбесеңіз болғаны.

5. Мұрынды өзгертуге мүмкіндік беретін құрылғы

Бұл құрылғының көмегімен мұрының пішінін де, көлемін де өзгертуге болады. Керек позицияға қойып, күніне бірнеше минут ұстау керек екен. Бұл да Кореяда кеңінен қолданысқа ие құрылғылардың бірі. Сол себептен оның түрлері де көп.

6. Ерінге арналған тренажер

Ең бірінші қартайатын бет бұлшықеттердің бірі - ерін мен мұрынның қатпары және иек жиегі. Алайда, оның алдын алу тәсілін де Корея өнертапқыштары ерін тренажеры арқылы ойласырып қойды. Жасару барысында адамдарды қорқытпау үшін үйде жалғыз отырып қолдансаңыз абзал.  

7. Бет әлпетін жас күйінде сақтауға арналған маска

Бұл маска, көріп тұрғандай, беттің бұлшықеттерін шынықтырып, терінің тартылып тұруын қамтамасыз етеді. Қош бол, кәрілік!

 

8. Еріннің көлемін өзгертуге арналға құрылғы

Бұл енді кәдімгідей хит. Қазір бұл құрылғыны қарапайым адамдармен қатар, еріні жіңішке жұлдыздар да қолданып жүр. Бар болғаны өзіңізге керек көлемді таңдап, құрылғыны қолданып үйрену. 

9. Бет пішінін сақтайтын маска

Мынандай "сүйкімді" маска сіздің бет пішініңізді жас күйінде сақтап қалады екен. Күн сайын бірнеше минут тағып жүру керек. Астына арнайы крем жағып қойсаңыз болады.

10. Омырауға арналған массажер

Басқа арналған массажерларды көрдік. Аяққа арналған массажерларды көрдік. Тіпті белге арналған массажерларды да білеміз. Ал бұл массажер омырауға арналған. Жай ғана массаж жасап қоймай, омырауды көтеруге де көмектеседі екен.

11. Қасты түзетуге арналған құрылғы

Енді қасты түзету үшін салонға бармауға да болады. Мына құрылғының көмегімен бұны өзіңіз үйде отырып жасасаңыз болады. Қай жерді қиып, қай жерді қыру керек екені құрылғыда белгіленген.

12. Іш бұлшықеттерін жаттықтыруға арналған құрылғы

Ия, пресске арналған жаттағуларды орындамай-ақ, іш бұлшықеттерін қалыпқа келтіруге болады екен. Жай ғана ысқырғышқа ұқсайтын осындай құрылғы сатып алсаңыз болғаны.

13. Иекке арналған тренажер

Жоғарыда айтып кеткендей, иек жиегі тез қартайуға шалдығады. Бірақ, арнайы жаттығулардың көмегімен оны тартыр тұруға болады екен. Арнайы жаттығулар арнайы тренажерларда жасалу керек. Мысалы мынандай. 

14. Жымиғанда әдемі болып көрінуге арналған құрылғы

Жымиюдың да стандарттары болады екен. Өзінің жымиғаны өзіне ұнамайтын жандар үшін әдемі жымиюды қамтамасыз ететін мынандай құрылғы бар. Бұны да күніне бірнеше минут ауызда ұстап жүру керек. Ал егер адамға өзінің күлкісі ұнамаса ше?

15. Іш бұлшықеттеріне арналған тренажер

Бұл тренажер да іш бұлшықеттеріне арналған. Алайда бұның ысқарықпен еш ұқсастығы жоқ. Армандаған прессқа қол жеткізу үшін бір орында отырып оңға-солға қозғалған жеткілікті.

Бұл құрылғыларды пайдалану не пайдаланбау әр адамның жеке шешімі. Алайда, бұлардың пайдалылығы дәлелденбеген, ал зияң жақтары еш жерде айтылмағанын ұмытпаңыздар.

#СҰЛУЛЫҚ #жас болу

Загрузка...