Шугарингтың кереметі

#Уход за собой

Жаңа депиляция Shugaring-тың қыр - сыры. Шығыс сұлуларының құпиясы

Көптен күткен жадыраған жаз да келіп жетті. Әсем қыз келіншектер бой түзеп, дене қалыптарын жазғы жағажайға дайындайтыны анық. Бұл ретте депиляция туралы айтпау кету мүмкін емес. Депиляцияның көптеген түрі белгілі. Ол: қырыну, балауызды депиляция және т.б. Оның ішінде шугарингтың артықшылығын атап кетейік.

 Ежелгі шығыс әйелдерінің сұлулық құпиясының бірі осы шугаринг (қантты депиляция). Ол арқылы денедегі артық шаш, қылшықтардан ұзақ уақытқа құтыласыз. Шугаринг - қойытылып қайнаған қант шәрбатынан жасалады.  Қою шәрбатты жылыдай күйінше қалаған жеріңізге жағып, шаш-қылшығымен алып түсіреді. Бұл әдіс балауыз депиляциясына ұқсас. Бірақ шугарингтың өз артықшылығы бар.

Атап айтсақ:

1.Бағасы.

Оның құрамында тек қант пен су бар, демек ол қалтасы қалың емес аруға да қолжетімді

2. Гипоаллергенді.

Су мен қанттан дайындалған қоспада химиялық қоспалар жоқ. 100 % табиғи өнім есептеледі. Сол себепті шугаринг кез келген теріге жарайды.    

3. Зақымданудың төмендігі.

Шәрбат тек қылшықтарды алып түсіреді.

4. Терінің ішіне қылшық өспейді.

Шугаринг жасатқаннан кейін  тері тегістеніп, нәзіктене түседі. Келесі шаш-қылшықтар 10-20 күннен кейін бірақ көрінеді.    

Икемді әрі тәжірибесі бар қыздар шугарингты үйде де жасай береді. Ал бұл әдісті өзіңізге  жаңадан ашсаңыз, сұлулық салонына  білгір маманға жасатқаныңыз дұрыс.

Сұлулық салондарында бұл әдіс 700-8000 теңге аралығында жасалады. Артық қылшықтан арылып, келбетіңіз көркейе түссін.

#ноги #лето #пляж #шаш #салон красоты #жаз #депиляция #шугаринг #зона бикини #руки #сахар #процедура #shugaring #нежелательные волосы #қылшық #қол #нәзік #тері #баға #теңге

Загрузка...