-->

Шашым тез өссін десеңіз

#Уход за собой

Шаш – әйелдің көркі. Қайратты әрі ұзын шашқа тек нәзік жандар ғана емес, еркектер де қызыға көз тастайды. Ұзын шаш қыздарға нәзіктік пен ерекше сұлулық береді

Шашым тез өссін десеңіз

Сіз де бұрымды аруға айналғыңыз келе ме? Алайда шашыңыздың өсуі баяу ма? Арнайы қымбат сусабындар мен маскаларды алудың қажеті жоқ. Қарапайым әрі қолжетімді заттарды пайдалана отырып, қайратты әрі ұзын шаштың иесі болуыңыз әбден мүмкін. Онда іске сәт!

1-тәсіл

Пиязды үккіштен немесе еттартқыштан өткізіп алыңыз. Оның үстіне 1 шай қасық бал, 1 шай қасық зәйтүн майы, 1 шай қасық сусабын мен 1 жұмыртқаның сарысын араластырыңыз. Қоспаны шашыңызды сулап алған  түбіне жағыңыз. Кейін басыңызға целофан пакет киіп, оның сыртына сүлгі ораңыз. 2 сағаттан соң жылы сумен шайыңыз. Нәтижесі 2 аптадан кейін көрінеді.

2-тәсіл

Бұл емшара шашы тазданған адамдарға жақсы көмектеседі. Ол үшін сарымсақ сөлі мен өсімдік майын (1:1) көлемде қосыңыз. Күнделікті шаштың сирек өскен жеріне жағыңыз. Үстінен целофан немесе сүлгі ораңыз. 2 аптадан кейін жаңа шаш пайда болады. Осыдан кейін емшараны 1-2 күн сайын жасап отыру қажет. Соңында басты жылы сумен шаяды.

3-тәсіл

1 жұмыртқа сарысын 1 ас қасық кастор майымен араластырыңыз. Оның үстіне 1 ас қасықтан бал, лимон, пияз шырынын қосыңыз. Емдік қоспаны шаштың түбіне жағып, басыңызға целофан киіп, оның үстіне сүлгі ораңыз. 2 сағат ұстаңыз. Соңында сусабынмен шайыңыз. Аптасына 1 рет жасаңыз.

4-тәсіл

Бұл емдік қоспа шашты қуаттандырады. Ол үшін 2 ас қасық қалақай шөбі, 1 ас қасық құлмақ, 1 шай қасық майда гүлдерді араластырыңыз. Үстіне 1 литр ыстық су құйып, 10 минут қайнатыңыз. Кейін сәл суытып, шашыңызды жуыңыз.

5-тәсіл

Майсана майын түнге қарай шашыңызға сіңіре жағыңыз. Таңертең сусабынмен жақсылап жуыңыз. Сонымен қатар айранды жылы суға қосып шашты жуса, шаш жұмсарып,түбі қатаяды. Мұны демалыс күндері жасаған ыңғайлы. Ал егер шашыңыз жиі түссе суға аздап тұз қосып, шашты шайыңыз. Бұл әдісті 1-2 айда бір рет қолдану керек.

6- тәсіл

Пайдаланылған шай самасын тастамаңыз! Себебі, ол шаш үшін өте пайдалы. Ол үшін шай самасын ыстық суға салып, бірнеше минут қайнатып алыңыз. Саманы сүзіңіз. Сусабынмен жуылған шашты осы саманың суымен шайсаңыз, шашыңыз жылтырап тұрады.

#как отрастить волосы #Шаш өсіру #Шашым тез өссін десеңіз #Шашты тез өсіру #Шашқа күтім #Шашты өсіру тәсілдері #Отрастить волосы #Как быстро отрастить волосы

Загрузка...