Шашты майсана майы көмегімен емдеу

Автор: Comode
8431 0 Уход за собой
Шашты бояу, түссіздендіру, бұйралайтын және тіктейтін құралды пайдалану... Нәтижесі – шаштың өңінен айрылуы, сынғыш, құрғақ болуы және шаштың түсуі. Бұл мәселеге әрбір әйел тап болады. Шаш сау және керемет қалыпта болу үшін, майсана майын қолдануға болатынын көптеген адамдар білмей, витамин қабылдайды, түрлі маскалар жасайды, шашқа арнайы процедуралар жасап әуре болады.

Шашқа арналған майсана майы қосылған масканың бірнеше түрі бар.

  • Шаштың түсуін емдеуге арналған майсана майы мен пияздан жасалған маска.    

Мұндай масканы жасау үшін бірдей мөлшерде майсана майын пияздың суына қосу керек. Қоспаны бас терісіне жағып, оны қыздыру қажет. Масканы баста бір сағаттай ұстап, жақсылап шаю керек.   

  • Шашты өсіруге арналған майсана майы мен лимоннан жасалған маска.  

Майсана майы шашты өсіру үшін өте пайдалы. Әсіресе, егер оны теріні күйдірмейтіндей тиісті температурада сулы жылытқышта сәл ысытып қолданған жағдайда. Басты жылыта отыра, ысыған майды бас терісіне жағып, шаш ұзындығына қарай жағу керек. Бірнеше сағаттан кейін шашты лимон суымен жуыңыз.  

  • Айран мен майсана майынан жасалған маска.  

Бұл маска шашты қалыңдату және май бездері функциясын дұрыстау үшін пайдалы. Сулы жылытқышта жарты стакан айранды ысытыңыз. Оған бір шай қасық майсана майын қосыңыз. Қоспаны шаштың ұзындығына қарай бөліп, жақсылап бас терісіне жағыңыз. Масканы басты жылытып тұратын қалпақ астында жарты сағаттан бір сағатқа дейінгі уақыт аралығында ұстау қажет. 

  • Шаштың түсіп тақырлануына қарсы маска. 

Бірдей мөлшерде құйылған медициналық спирт пен майсана майының қоспасын бас терісіне жағып, басты целлофан және орамалмен орайды. Масканы 6-8 сағат бойында ұстаған жөн. Сонда әсері де арта түседі. Масканы шешкен соң шашты қышқылданған сумен шайып жіберіңіз.  

  • Қайызғақты жоюға арналған маска.  

Қырмызы мен майсана майының бірдей мөлшердегі тұнбасының ерітіндісі көмегімен қайызғақты жоюға болады. Ерітіндіні баста жарты сағат ұстау қажет. Бұл қоспа басқа және шашқа жағылып, сосын жылы сумен ақырын шайылады.  

Құрметті Comode оқырмандары! Ал сіздер әрдайым сымбатты және сенімді болу үшін шаш пен бас терісіне арналған қандай масканы қолданасыздар?

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Irenn3

комментарий удалён

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий