Шашты үй жағдайында бояу

Автор: Aysulu
11213 0 Уход за собой
Уақыт пен қаражат үнемдеп үйде шаш бояуға болады. Ол үшін мынандай ережелерге мән беріңіз.

Көбіміз өзіміз-ақ үй жағдайында шашымызды бояй салуды жөн көреміз. Әрине, бұл да тиімді шешім. Дегенмен, басты қағидаларды білген жөн болар.

Алдымен, теріңіздің сезімталдығына сынама жасап көріңіз. Бұл өте маңызды! Оны қалай жасау керектігі әр бояудың ішіндегі анықтамасында толықтай жазылады. Енді шашыңыздың айналасындағы теріге майлы крем жағып қойыңыз. Бұл теріге бояу жұға қалған жағдайда оны жылдам сүртіп тастауға көмектеседі.

Шаш бояуды түп жақтан бастаған жөн. Арнайы қылшақты алып, аздаған мөлшердегі бояуды шаштың түбіне, кейін оның бүкіл бойына жағып шығасыз. Шаш түбін толықтай бояп болғаннан кейін қалған бояуды оның ұш жағына жағып, екі қолыңызбен әбден уқалап, көпіртіңіз. Осыдан кейін шашты жақсылап тұрып тарайсыз.

Шаштағы бояуды қорабында қанша деп көрсетілсе, сонша ұстау керек. Ұзақ ұстағаннан бояу қанық бола түспейді, керісінше, ол шашқа зиянды.

Шаштағы бояуды көп мөлшердегі сумен шаю керек. Және арнайы шипамай, кондиционер сынды заттарды қолдануды ұмытпаңыз.

Боялған шаштың күтімі

Боялған шаш міндетті түрде арнайы күтімді талап етеді. Біріншіден, қалай болғанмен де химикаттың аты химикат қой. Екіншіден, кез келген әйел шашының түсі ұзақ уақытқа дейін сақталса дейді.

Сондықтан, алдымен боялған шашқа арнайы сусабын, шипамай сынды заттарды қолдану керек. Сондай-ақ боялғаннан кейін зақымданып, құрғап, күйіп қалған шаш талшықтарын қайта қалпына келтіру маңызды. Мұндайда қоректендіретін, ылғалдандыратын маскалар жақсы көмектеседі. 

  • Арнайы боялған шаштарға қарастырылған өнімдерді пайдаланыңыз;
  • Боялған шашқа артық салмақ түсірмеңіздер – ыстық шаш кептіргіш, қыстырғыштар, буғыштар;
  • Шашты бояй салысымен оған арнайы шипамайлар жағу керек. Оның құрылымын қалпына келтіру үшін қоректендіретін кремдер жағыңыз.
  • Бәрінен де боялған шаш дымқыл кезінде әлсіз келеді. Сондықтан, шашты жуа салысымен тараудың керегі жоқ. Ал кепкеннен кейін оны ұшынан бастап тараңыз.

Пайдалы кесте

Ұсынылатын қызмет

Сұлулық салоны

(орта есеппен)

Шаштараз

(орта есеппен)

Ұзын шашты (иықтан төмен) бояу

Орта ұзындықтағы (иықтан келетін) шашты бояу

Қысқа шашты (иықтан жоғары) бояу

18 000 теңгеден басталады

15 000 теңгеден басталады

10 000 теңгеден басталады

8 000 – 13 000 теңге

4 000 – 10 000 теңге

2 000 – 5 000 теңге


Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий