-->

Шашты дұрыс жуудың 10 ережесі

#Уход за собой

Шаш күтімі - оңай іс емес. Біз шашты күнделікті жуып жүрсек те, дұрыс жуу ережелерін білмеуіміз мүмкін. Ол қандай ережелер?

Шашты дұрыс жуудың 10 ережесі

1. Шашты жумас бұрын сумен шайыңзы.

Ыстық су шаштың қабыршақтарын ашып, арасындағы кірді кетіруге көмектеседі. Ал жылы су бас терісінен бөлінетін майды шаюға ықпал етеді. Ал бұл, өз кезегінде, сусабынның құрамындағы пайдалы элементтердің дұрыс сіңуіне жол береді.

2. Шашыңыз ұзын болса, сусабынның алдында шашқа арналған кондиционерді қолданыңыз. 

Ия, бұл кеңес біршама сұрақтар туғызуы мүмкін. Себебі біз кондиционерді тек шашты жуғаннан кейін пайдаланып үйренгенбіз. Бірақ, оны сусабынға дейін қолданса, ол шашты ұштанудан сақтап қана қоймай, шаш қабыршақтарының зақымданған бөліктерін қалыпқа келтіруге көмектеседі.

3. Сусабынды тек шаштың тамырына жағыңыз.

Сусабынды бүкіл шашқа жағудың қажеті жоқ. Бірінші кезекте бас терісіне жақын орналасқан шаш майланады. Ол - шаштың жаңа, жас бөлігі. Ал шаштың ескі немесе кәрі бөлегі - шаштың ұшы - оған қарағанда аз майланады. Сол себептен, шаштың түбін сусабынмен мұқият жуып, ұштарын көбікпен жуған жеткілікті. Сусабынды көп мөлшерде қолданудың қажеті жоқ. 

4. Абайлап уқалаңыз.

Шашыңызға сусабын жаққаннан кейін абайлап уқалаңыз. Ең дұрысы - вертикалды түрде жоғарыдан төменге қарай шашты ысқылап жуу. Тырнақтарыңызбен бастың терісін тырнаудан аулақ болыңыз. 

5. Шашты бір рет жуған жеткілікті.

Соңғы кезде шашты екі рет жуу керек деген жалған ақпарат таратылуда: бірінші рет сусабын шаштың кірін кетіреді, ал екінші рет шашқа құрамандағы пайдалы элементтерін береді. Жоғарыда келтірілген бірінші кеңесті есте ұстап, жуар алдында жақсылап тұрып сумен шайып алсаңыз, сусабынды бір рет қана пайдаланған жеткілікті. 

6. Кондиционерді шаштың ортасынан ұштарына қарай жағыңыз.

Шашқа арналған кондиционерді шаштың түбіне жақпаған дұрыс. Бұл шашты ауырлатып, көлемін жоғалтуға әкеп соғады. Кондиционерді шаштың ортасынан бастап ұшына дейін жағып қойып, неғұрлым көп ұстасаңыз, соғұрлым ол шашқа жағымды әсер етеді.

7. Шашты салқын сумен шайыңыз.

Салқын су шаштың қабыршақтарын тегістеп, бір-біріне тығыз орналасуды қамтамасыз етеді.

8. Шашыңызға сай сусабын таңдаңыз.

Шашыңыз құрғақ болса, ылғалдандыратын сусабын қолданыңыз. Шашыңыз боялған болса, бояуды сақтайтын арнайы сусабынды таңдаңыз. Ал шашқа қосымша көлем беретін сусабындар әдетте қалыпты шашқа арналған.

9. Шашты уақытылы жуып тұрыңыз.

"Шашты аптасына қанша рет жуу керек?" деген сұраққа нақты жауап жоқ. Ол тек сіздің шашыңызға байланысты. Егер шашыңыз тез майланатын болса, күнделікті жуған абзал. Құрғақ шашты аптасына 2-3 рет жуса жеткілікті.

10. Шамаңыз келгенше фильтрден өткін суды пайдаланыңыз.

Кей жағдайда сіз шашыңызды барлық ережелерді сақтай отырып жуасыз. Алайда, нәтижесі көңіліңізден шықпауы мүмкін. Бұндай жағдайда суға мән беріп көріңіз. Су неғұрлым нашар болса (тұз қоспалары көп, хлордың көлемі шамадан тыс, т.б.), шаш соғұрлым зақымдануы мүмкін. 

#Шаш жуу #ШАШ КҮТІМІ #шаш #Пайдалы кеңестер

Загрузка...