-->

Шашқа арналған қолдан жасалатын үздік 10 маска

#Уход за собой

Бал, пияз, даршын және эфир майы қосылып жасалатын маска түрлерімен бірге Comode шашқа арналған қолдан жасалынатын пайдалы маска рецептерін ұсынады. Өзіңіз қалаған маска түрін таңдап, шашыңызды жібектей етіңіз.

Шашқа арналған қолдан жасалатын үздік 10 маска

Наннан жасалынатын маска

Бұл масканы жасау үшін 200-300 грамм қарабидай наны қажет болады. Қарабидай нанына қайнаған суды қосып, оған булануға мүмкіндік беріңіз. Сосын оған ошаған немесе майсана майын (шамамен 0,5-1 шай қасығы) қосып, масканы дене температурасына дейін суыту қажет. 

Масканы басқа жағып, пленкамен, сосын бас киім немесе орамалмен орау керек. 1,5 сағат ұстаған соң шашыңызды жылы сумен шайыңыз.    

Пияздан жасалынатын маска

Түйінді пиязды үккіштен өткізіп, оны бас терісіне жағу керек. Пияздың иісі сізге қатты ұнамауы мүмкін. Бірақ 15-20 минут басыңызда ұстап, шыдауға тырысыңыз. Сосын бірнеше рет сусабынмен шашыңызды бірнеше рет жуыңыз. Пияздың қабығын тастауға асықпаңыз. Себебі оның шаш үшін жағымды әсері бар. Қабықты бір литр суға 15 минут бойында қайнатып, қайнаған қабықты шашты жууға немесе шаюға пайдалануға болады.  

Жұмыртқа мен майдан жасалынатын маска 

Бір ас қасық май (зәйтүн, күнбағыс немесе т.б.), сарыуыз, бір шай қасық коньяк, бір шай қасық бал мен табиғи қына керек болады. Біртекті масқа болу үшін барлық компоненттерді жақсылап араластырған жөн. Қоспаны шашқа жағып, пленка және орамалмен орап, 30-40 минут ұстау керек.  

Даршыннан жасалынатын маска 

Бір шай қасық кокос майы мен балды ерітіп, даршын ұнтағын қосыңыз. Қоспаны таза дымқыл шашқа жағып, полиэтиленді пленка және орамалмен басыңызды ораңыз. 30-40 минуттан соң шашыңызды жуыңыз. 2 ай бойында аптасына бір рет осындай масканы қолданып отырыңыз.   

Бақбақ жапырақтарынан жасалынған маска  

Мұндай масканы жасау үшін еттартқыштан жалбызды, бақбақ жапырақтарын және шетен жидегін өткізу керек. Сосын оны бас терісіне жағып, шашты тарап, он бес минут өткен соң сумен жуып тастау қажет.  

Қалақай қайнатпасы 

100 грамм қалақай жапырағы, 6% сірке суынан 500 грамм және 0,5 литр су керек болады. Сірке суы қосылған суда 30 минут қалақай жапырақтарын қайнатасыз. Қайнатпаны сүзгіден өткізіп, бір стакан қайнатпаны ыстық сумен араластыру арқылы шашыңызды күнде шайып отырыңыз.  

Коньяк қосылған маска 

Коньяк, пияз және ошаған тамыры қажет. Пиязды шырын сыққыштан өткізіңіз. Бір жағынан ошаған тамырын қайнатып, қайнатпаны елеуіш арқылы сүзіп алыңыз. 1:4:6 пропорциясында коньякты пияз және ошаған тамыры қайнатпасымен араластырыңыз. Қоспаны жақсылап араластырыңыз. Бас терісіне жағып, бір сағат ұстаңыз. Сосын жылы сумен жуып тастаңыз.    

Бал қосылған маска 

Масканы жасау үшін бір жұмыртқа сарыуызы мен бір ас қасық балды араластырып, бір бірден ас қасық коньяк пен алоэ шырынын қосыңыз. Ақырын массаж жасай отыра қоспаны шаштың түбінен жағыңыз. Басыңызды полиэтилен мен орамалға шамамен бір сағатқа орап ұстаңыз. Тіпті сусабынсыз-ақ масканы тез шаюға болады.   

Лимон қосылған маска 

Бір шай қасық лимон шырыны, бір шай қасық бал және жүзжылдық шырынына ұсақталған бір сарымсақ бөлігін қосыңыз. Қоспаны шашыңыздың түбіне жағып, 30-40 минут шамасында ұстаңыз. Масканың әсерін арттыру үшін полиэтиленді бас киім мен жылы түкті орамал көмектеседі. Сусабын қолданбай бірқалыпты жылы сумен шашты жуыңыз.  

Үш түрлі май қосылған маска 

Бұл маска түрін жасау үшін бірдей пропорциядағы зәйтүн, майсана және кокос майы қажет. Үш түрлі майды жақсылап араластырыңыз. Қоспаны қысқа толқынды пеште немесе су моншасына сәл ысытып жіберіңіз. Массаж жасай отыра май қоспасын шаштың түбіне жағыңыз. Сосын шашты пленкамен орап, орамалмен жылытып 40 минут ұстаңыз.  

* Маска жағар алдында шаш сәл дымқыл болу қажет.

#ШАШ КҮТІМІ #шаш #шашқа арналған маскалар

Загрузка...