-->

Шашқа арналған маскалар

#Уход за собой

Шашыңыздың сұлулығын сақтағыңыз келсе біздің кеңеске құлақ түріңіз.

Шашқа арналған маскалар

Зәйтүн майынан жасалған маскалар

Бұл маскалар кез келген шаш түріне жарайды. Құрғақ шаштар жұмсарып, шаштың құрылымы жақсарады.  Ал майлы шаштар тазалығын ұзағырақ сақтайды. Өйткені зәйтүн майы бас терісінің өлі жасушаларын жояды. Май бездерінің жұмысын реттейді. Бұл масканы айына 1 рет жасау керек.  Зақымдалған шаштар үшін мұндай масканы апта сайын жасау керек. Бұл масканы ылғалдандыратын және шашты бекітетін  маскалармен ауыстырып жасап отыру қажет.  

Зәйтүн майы мен хна қосылған маска

Шашыңыздың табиғи күшін нығайтамын десеңіз, айына 4 рет осы масканы шашқа жағып отыру керек. Ол үшін 1 ас қасық бояуы жоқ хна 1 ас қасық  май, жұмыртқаның сарысы, 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық коньяк қосылады. Осы қоспаны шаштың түбіне жағып, 1 сағат бойы жүріңіз.  1 сағаттан кейін шашты жуыңыз.

Майонезді маска 

Майонезды шаштың түбіріне және ұзындығы бойынша жағып шығыңыз. 10-15 минут ұстап, шампуньмен шайыңыз. Бұл маска шашты нәрлендіріп, ылғалдандырады. Бұл масканы әсіресе қыс мезгілінде жасаған жақсы. Аптасына 1 рет жасап тұру керек.

#маска для волос #оливковое масло #особый уход для волос #уход за волосами в домашних условиях #майонезная маска #мягкие и послушные волосы

Загрузка...