Омырауды үлкейту туралы 7 миф

#Уход за собой

Жасыратыны жоқ, барлығымыз дене сымбаттылығын сақтап қалғымыз келеді. Алайда, ана атанғаннан кейін артық салмақты былай қойғанның өзінде, бала емізгеннің салдарынан көлемі кішірейіп, пішінін жоғалтқан омырау кәдімгідей күзеліске ұшыратуы мүмкін. Тығырықтан шығатын жолды көптеген әйелдер пластикалық хирургиядан көрсе де, сол қадамды жасай алмайды. Оның басты себебі - омырау үлкейту туралы мифтер.

Омырауды үлкейту туралы 7 миф

Миф 1. Омырауға енгізілетін импланттар қатерлі ісік ауруын туғызады. 

Клиникалық зерттеулердің біреуі де импланттар мен қатерлі ісік немесе басқа да ауруларының тікелей тәуелділігін әлі тапқан жоқ. Қазіргі кезде заманауи импланттардың жоғарғы сапасы арнайы мамандардырылған мекемелердің зерттеулерімен дәлелденген.

Миф 2. Омырауды үлкейткеннен кейін бала емізуге болмайды.

Омырауға енгізілген имплант сүт бездеріне еш әсер етпейтіндіктен, бала емізуге бөгет жасамайды. Алайда, бұл имплант енгізу отасының түріне де байланысты. Кейбір оталар емшектің периареолалық аймағын тілу арқылы жасалады. Бұндай ота бала емізу мүмкіндігіне кері әсер етуі мүмкін. Ал эндоскопиялық (қолтық асты жолмен енгізу) әдіспен жасалған ота барысында имплант омырау бұлшықеттерінің астына орналастырып, сүт бездеріне еш кедергі келтірмейді.

Миф 3. Импланттар белсенді өмір сүруге кедергі жасайды.

Миллиондаған әйелдер омырауында импланты бола тұра суға да сүңгейді, марафон жүгіреді, кез-келген спорт түрімен айналыса береді. Дұрыс орнатылған имплант белсенді өмір сүруге кедерге болмайды. Кей жағдайларда имплаттың ішінде ауа түйіршіктері пайда болуы мүмкін. Бірақ, олар өздігінен 24-48 сағат ішінде тарқап кетеді.

Миф 4. Имплант ұшақта жарылады.

Дене қысымының жоғарлауы мен түсуі имплантқа еш әсер етпейді. Сондықтан ұшақпен жоғары көтерілуге немесе дайвингпен айналысып тереңдікке түссе де болады.

Миф 5. Омыраудың сезімталдығы жоғалады.

Эндоскопиялық жолмен енгізілген имплант бұлшықеттің астында орналасып, сүт бездеріне әсер етпейтіндіктен, сезімталдықтың жоғалуы мүмкін емес. Алайда, өзге жолдармен жасалған ота кесірінен омырау сезімталдығы артуы, кемуі немесе уақытша жоғалуы мүмкін. Әдетте, сезімталдык біршама уақыттан кейін қайта қалпына келеді. 

Миф 6. Имплантты алып тастауға болмайды.

Керек десеңіз, дәрігер кез-келген уақытта имплантты қайта алып тастай алады. Бірақ, қымбат ақшаға орнатылған нәрсені алып тастаудың қажеті қанша?

Миф 7. Имплант орнатылғаннан кейін маммографияға түсуге болмайды

Болады. Алайда, силикон импланттар рентген сәулесін өткізбей, нашар көрсетуі мүмкін. Биоимпланттардың ондай кемшілігі жоқ.

#омырауды үлкейту #омырауды ұлғайту #емшекті үлкейту #имплант #биоимплант

Загрузка...