Мезотерапия және басқа да бетке арналған процедуралар

#Уход за собой

Бет сұлулығын сақтап қалғысы келмейтін адам жоқ. Бірақ уақыт өте, бетімізде әжімдер пайда болып, бет әлпетіміз өзгеріске ұшырайды. Бұд үрдісті тоқтату мүмкін емес. Алайда, әжім түсуді кішкене болса да кейінге қалдыру - қазіргі косметологтардың қолынан келетін іс.

Мезотерапия және басқа да бетке арналған процедуралар

Қазіргі кезде бет әлпетімізді жас қалпында сақтауға арналған бірнеше процедуралар бар. Олардың ең көп тарағандары: мезотерапия, биоревитализация, және плазмолифтинг. Бұлардың артықшылықтары, кемшіліктірі және айырмашылықтары туралы біздің оқырмандарға Este Clinic косметологиялық клиникасының мамандары Эльмира Сариков және Оксана Булах айтып берді.
 

Мезотерапия

Бетке арналған салондық процедуралардың арасында мезотерапия бірінші орында тұр десе болады. Мезотерапия - биологиялық белсенді заттарды адам ағзасына егу арқылы енгізу. Ол косметологияға медицинадан келді. Мезотерапияның көмегімен теріге қажетті қоректі заттар бірден беттің тереңгі қабаттарына барып, сол жерде әсер етеді. Яғни ампуланың ішіндегі белсенді заттар 100% дейін қабылданады (қалыпты жағдайда, бетке жағылған крем тек 30%-40% қабылданады). Мезотерапияның көмегімен беттің реңін жақсартып, терең емес әжімдерді жоюға болады. Айтпақшы, инеден қорқатын адам инъекциясыз мезотерапия курсын таңдаса болады.

Биоревитализация

Биоревитализация - гиалурон қышқылының көмегімен терінің терең қабаттарын құнарландыру арқылы беттің кемшіліктерін жою немесе түзеу. Гиалурон қышқылы - терін ылғалдайтын коллаген мен эластеннің синтезі, жасушалардың бөлінуі мен қоректенуіне қатысатын гидроколлоид. Биоревитализация қай кезде қажет? Құрғақ, созылмалық қасиеті жоғалған теріге гиалурон қышқылынан артық жағымды әсер ететін нәрсе әлі табылған жоқ. Терінің қараюы, пигмент дақтардың пайда болуы, құрғап кетуі тікелей осы гиалурон қышқылына байланысты. Биоревитализация мезотерапия сияқты егу арқылы енгізіледі.

Плазмолифтинг

Адамның бет терісін өзінің тазартылған плазмасын егу арқылы жақсарту - плазмолифтинг деп аталады. Бұл салыстырмалы түрде жаңа процедура әдетте бет терісінде кемшіліктері бар адамдарға қолданылады. Плазма тромбоциттерге бай болғандықтан, олар ақуыз қоспаларын тері жасушаларына тасымалдап, бет терісіне "екінші өмір" сыйлайды. Тері қайтадан коллаген, эластен, гиалурон қышқылын өндіре бастайды. Плазмолифтингтің бір сеансы шамамен 30 минутқа созылады.

Термолифтинг

Бұл жасарудың аппараттық әдісін жылдың кез-келген мезгілінде жасауға болады.   Процедура табиғи коллагенді ынталандыру арқылы ағзаның өзіндік ресурстарын оятады. Термолифтингтен кейін бет терісі әдемі әрі күтілген болады. Процедураның өзі қауіпсіз. Термолифтингті тек бетке ғана емес, сонымен қатар мойынға, көздің жанындағы әжімдерге, декольте аймағына жасауға болады. Процедура коллагенді біртіндеп ынталандыратындықтан, оны бірнеше рет жасау керек: аптасына 1-2 рет. Қажетті процедура санын өткеннен кейін айына бір ретке дейін азайтса болады.

RF лифтинг

RF-лифтинг электромагниттің импульстарды қолдануға негізделген процедуралар жиынтығы. Теріге электромагниттік импульстар әсер еткенде, жасушалар мембраналары "оянып", табиғи түрде эластен мен коллаган өндірілу процесі басталады. Процедура дерматолог маманының рұқсатымен ғана жасалады. Бетке арнайы препарат жағылып, ол ысығаннан кейін терінің қалыпқа келу процесі басталады.

Кез-келген косметологиялық процедураларды жасамас бұрын, ең алдымен кәсіби маманды таңдаған жөн. Тек тәжірибелі маман теріге енгізілетін препараттардың мөлшерін дұрыс анықтай алады.

#Биоревитализация #Плазмолифтинг #мезотерапия #este clinic #оксана булах #эльмира сарикова #бетке арналған процедуралар #термолифтинг #RF лифтинг

Загрузка...