Макияждың көмегімен көзді үлкейтудің әдістері

#Уход за собой

Қазіргі кезде макияждың көмегімен адамның түрін танымастай өзгертуге болады. Үлкен мұрынды кішірейту, жіңішке қасты қалыңдату, кішкентай көзді үлкейту - оңайдың оңайы! Бар болғаны Comode ұсынған кеңестерге құлақ түріңіз.

Макияждың көмегімен көзді үлкейтудің әдістері

Көзге арналған ақ қарындаш

Көзді үлкейтудің ең оңай және тез тәселі - көздің төменгі қабағының су жиегін ақ қарындашпен бояу. Ақ түс көзді үлкейтіп көрсетеді. Егер ақ түс тым жарқын деп есептесеңіз, қызғылт түспен алмастыруға болады. Бұл түс күндізгі және  кешкі макияжға да жақсы жарасады.

Жасанды кірпік жабыстыру

Көз бояғанды ұнатпайтын қыздар көзін жасанды кірпіктің көмегімен үлкейте алады. Қазіргі кездегі жасанды кірпіктер арнайы күтімді талап етпей, ұзақ уақыт бойы сақталады. 

Екі қабат тушь жағу

Кірпік өсіргенді қаламайтын қыздар тушь қолданса болады. Бірақ, тушты бір қабат емес, екі қабат қылып жағу керек. Бір-біріне жабысып қалған кірпіктер арнайы щетканың көмегімен оңай ажыратылады. Табиғата ана сізге ұзын кірпік сыйласа, бояр алдында арнайы қысқышың көмегімен кірпігіңізді көтеріп алыңыз.

Smokey eyes

Smokey eyes - көзді үлкейтудің ең тиімді, әрі ең әдемі тәселі. Бұның басты шарты - қабақтың ортасын ашық түсті бояулармен, ал қабақтың шетін қанық бояулармен бояу керек. Төменгі қабақты бояуды да ұмытпаңыз!

Көзге арналған қара қарындаш

Көзді қарапайым қара қарындаштың көмегімен де үлкейтуге болады. Ол үшін көз бояғанда жоғарғы және төменгі қабақтың жиегінен кішкене шығарып бояу керек. Яғни көздің "шекараларын" визуалды түрде кеңейту.

#макияж #БОЯНУ #Пайдалы кеңестер #бет бояу #көзді бояу #макияж құпиялары #көзді қалай үлкейтуге болады

Загрузка...