-->

Көз жақсы көруі үшін

#Уход за собой

Сау адам үшін екі жылда бір рет, ал егер көз ауырса жылына бір рет тексерілген дұрыс. Қалыпты тексеру бір сағаттан артық уақыт алмайды.

Көз жақсы көруі үшін

Кезінде көз тексеру үшін қолданған Ш және Б плакаттарын қазір компьютер алмастырған. Дәрігерлердің айтуынша, алыстан көрмеушілікті, глаукоманы (көз қысымының жоғары болуына байланысты көздің нашар көруі) және астигматизмді (жақын не алыс нүктеге көз тоқтата алмау) ертерек байқауға болады. Оны өзің сезбесең де, арнайы жаттығулар мен дәрінің көмегімен түзетуге болады екен.

Компьютер әсері

Жоқ! Көздің кебуі, қолайсыздық және бір нүктеге қарай алмау – бұл ауру емес, және бұдан көз көруі нашарламайды. Бұл сенің монитор алдында уақытыңды көп өткізетіндігіңді білдіреді. Әр сағат сайын 5 минут үзіліс жаса. Егер көзіңде құрғақшылық сезінсең, ешқашан қолдарыңмен үйкелеме, оның орнына «Жасанды жас» тамшысын қолдан. Қабырғаға кішігірім нүкте сал, компьютермен жұмыс істеген кезде мезгілімен нүктеге қарап тұр – осылай көздерің алысқа қарау арқылы тез шаршамайды. Күніне 4-5 рет жаттығу жаса: терезенің қасында тұрып, әйнекке кеңсірікпен (переносица)  бір деңгейде саусағыңды қой. Кезегімен біресе қолыңа, біресе терезе сыртындағы ағашқа немесе келесі көшедегі үйге қара. Бұл көздің демалуына мүмкіндік береді. Иә! Сонымен бірге қасыңдағы адамдарға есіңнің ауыспағандығын, тек көзге осылай көз ауруының алдын алу мақсатында жаттығу жасайтыныңды айт.

Жаман әдеттер

Темекі мен ішімдік тамырға кері әсер етеді, ал ол көзде мыңдап кездеседі. Сонымен бірге темекі шегу көз торының жасушасын жояды, бұл суқараңғылық дертіне әкеледі. Әрі салмақты бақылау керек. Мүмкіндігінше тәттіден бас тарт: артық салмақ – бұл қанның құрамындағы қаннтың көбеюі, соңы сусамырға әкеледі. Ал сусамыр – бұл ішкі жасушалық ісіну, жоғарғы көз қысымы, айтуға қорқынышты болса да соқырлыққа бастайтын жол.

Егер көзілдірік кисеңіз

 Көзілдірік кию немесе кимеу – әркімнің өз таңдауы. Көздің көруі бұдан өзгермейді. Сәл ғана алыстан көрмеушілік үшін көзілдірік пен линза кимеу жалпы күйге әсер етпейді. Бірақ алыстан көрмеушілік -3 болса көзіңді бір нүктеге қадап қараудан басың ауырады, еңбекке деген бейімділігің төмендейді. Өзің байқадың ба? Тез шаршап, тез ашуланасың. Ал кейбір достарыңның айтуы бойынша, көзілдірік немесе линза киген соң көзінің көруі нашарлаған сияқты. Себебі көздер көзілдірік арқылы көруге тез бейімділіп алады. Ал оны шешкен кезде көздер демеусіз көру үшін біраз уақыт қажет. Бірақ көздің көру деңгейі бұрынғыша сақталады.

Күннен қорғайтын көзілдірік қажет пе?

Қара көзілдіріктер көз шынысы мен торын ультрасәуледен қорғайды. Жиі қатты әсер етуден суқараңғылық пайда болады. Бұл нені білдіреді? Демек жарық күн, тіпті, соқырлыққа дейін әкелуі мүмкін. Сондықтан, күн қатты жарқырап тұрған кезде қара көзілдірікті тек жазда жағажайда ғана шешпе, әрі қыста, арнайы шаңғы тебетін таулы аймақтарда пайдалан. Мысалы, Шымбұлақ немесе Медеуде сырғанаған сәтте, есіңе сақта: күннен қорғайтын көзілдірік – коньки немесе шаңғы сияқты маңызды зат. Сонымен қатар UV (ультрафиолетті сәуледен қорғайтын) белгісі бар көзілдірікті таңда. Қара көзілдіріктің тағы бір артықшылығы – сен күнді көргенде түксимейсің, осылай ұсақ әжімдерден бетіңді сақтайсың.

Линзамен суда жүзуге немесе себезгіде шомылу

Біздің судың құрамында темір көп. Ол линзаға тисе, оның үстінде көзге көрінбейтін жұқа тот пайда болады. Сонымен бірге линзаның түріне байланысты: егер сен біркүндік линзамен жуынсаң ештеңе етпейді. Ал бір айға жуық киетін арнайы линзаға су тисе, дереу таза құрғақ қолмен шешіп тастап, арнайы ерітіндіге 4 сағатқа салып қой – тек осыдан кейін ғана оны қайтадан пайдалануға болады. Есіңе сақта: үнемі су тие беретін линзаның жарамдылық мерзімі 2 есе азаяды. Ал егер сен суды жақсы көрсең, бір күндік линза сатып ал.

Егер линза тақсаң, сәндік косметика пайдаланудың ережесі

Сүрме де, қабаққа жағатын тень де, қарындаш та, көздің көруіне әсер етпейді. Бірақ бояуды жағу мен өшіруді кезегімен дұрыс қолдану керек. Осы кезде ғана линза ерте лайланбайды, демек қолдану мерзімі де ұзақ болады. Сонымен есіңе сақта: таңертең – алдымен линзаны киіп ал, осыдан кейін ғана көзіңді боя, кешке – алдымен линзаны шешіп ал, кейін бояуды өшір. Өзіңмен бірге ішінде линзаға арналған сұйықтығы бар контейнерді алып жүруге тырыс: сөмкеде ол ерін далабы секілді аз орын алады. Есесіне жаңбыр жауып, сүрме ақса қай жерде болма сен линзаны шешіп алып, контейнерге 30 минутқа сала аласың.

Көздің көруін лазер арқылы түзету

Әлемдік статистика бойынша, көздің көруін лазер арқылы түзету – отаның ең қауіпсіз түрлерінің бірі екен. Асқыну 1% ға ғана жуық аз кездеседі. Рәсім 15 минутқа ғана созылады, оны жергілікті наркоз арқылы жасайды, кейін 2 сағаттан соң жағымсыз сезім жойылады, ал келесі күні адам тікелей мағынасында өмірді басқа көзбен көреді.

Лазерлі түзетуді қайта жасату

Егер сенде алыстан көрмеушілік пен астигматизм деңгейі жоғары болса қайта ота қажет болады, бірақ дәрігер мұны ертерек ескертеді. Бізде ерте ескерткіміз келеді – жас өзгерісіне байланысты, мысалы, кәрі жаста алыстан көрмеушіліктен 20 жаста жасалған ота көмектеспейді.

Жас келген сайын көру деңгейі төмендейді деген рас па?

Алыстан көрмеушілік, астигматизм және глаукома адамда 18 жаста да, 35 те де кездесуі мүмкін. Бірақ адамның ешқайсы қашып құтыла алмайтын ауру бар. Бұл пресбиопия деп аталады. Оны жиі қарттық шақтағы алыстан көрмеу деп те атайды. Ол 40 жастан кейін пайда болады. Саламатты, белсенді өмір сүру ішкі ағзаның қан айналымын жақсартады, және 40 жастан кейін көзге арналған арнайы жаттығулар (ата-анаңа айт!) бұл мәселені жеңілдетіп, аурудың ұзақ уақыт пайда болмауына себеп болады.

#здоровье глаз #Көз күтімі #Көздің жақсы көруі үшін #как сохранить здоровье глаз

Читайте больше


Загрузка...