Беттегі пигменттік дақтар

#Уход за собой

Әр нәзік жан келбетінің ажарлы, ешбір кемшіліксіз болғанын қалайтыны анық. Уақыт өте сыртқы ортаның әсерінен немесе денсаулығына байланысты бет терісінде өзгерістер орын алады. Ең жиі кездесетін түрі бетке түскен пигменттік дақтар.

Беттегі пигменттік дақтар

Пигменттік дақтар бетіңізге түсті ме? Уайымдамаңыз. Оның салдарымен күреспес бұрын себебін анықтап алайық. Осы мәселені біз жан-жақты қарастырып, сізге қажетті мағлұмат беруге тырысамыз.

Негізгі себептер: Бауыр мен өт қызметінің бұзылуы, несеп-жыныстық жүйесінің дисфункциясы, жүктілік, қалқанша безі қызметінің бұзылуы, сапасыз косметика қолдану, күнге көп қыздырыну, С дәрумені, фолий қышқылының жетіспеушілігі

Ал пигменттік дақтардың алдын алу және екінші рет қайта пайда болмау үшін бірнеше ережені сақтаған дұрыс.

  • Теріні мұқият тазалаған кезде қорғаныс қабатына зақым келтіріп алудан сақ болыңыз. Себебі, тітіркенген тері дақтың пайда болуына әсер етеді.
  • Бетке күтім жасайтын құралдардың құрамында УФ-сәуленің болғанын қадағалау. Қорғаныс кремін қолданбай тұрып көшеге шықпау. Күн көзінен қорғайтын көзілдірік тағу. Жиегі кең қалпақ кию.
  • Күнге күю кезінде уақытты бақылау. Күнге мөлшерден асыра күю зиян. Тамақ мәзірі С және РР дәрумендеріне бай болғаны дұрыс. Кофе ішуді азайту.

Осы қарапайым ережелерді ұстану арқылы бетіңізге дақ түсуге жол бермейсіз. Өйткені, сақтану шараларын іске асыру арқылы кейін бетке түскен дақпен күресу жолында уақытыңыз бен ақшаңызды көп шығындамайсыз. 

Ал белгілі бір себептермен бетіңізге пигменттік дақ түскен жағдайда оны тиімді кетіру және емдеу тәсілдерін қарастырайық.

Дәрі-дәрмектік

Құрамында гидрохинон яғни депигментациялық заты бар кремдер мен ерітінді дерматология саласында жиі қолданылады. Ол терідегі пигменттік жасушалардағы меланиннің пайда болуына жол бермейді. Ретин-а жақсы көмектеседі. Ол ақуызды өзгертіп, терідегі меланин құрамын азайтады. Бірақ бұл құралдар тек дәрігер нұсқауымен ғана іске асырылады.

Дерматологиялық тәсілдер

Пигменттік дақтарды жою үшін толық кешенді әдістер қолданылады. Химиялық, лазерлік пилингтер, ағартушы тәсілдер, селективтік лазерлер. Олар өте тиімді, тез нәтижеге де қол жеткізеді.

Криотерапия – сұйық азот арқылы емдеу. Ол гиперпигментация аймағына жағылып, беткі қабаттағы жасушаны бұзып, жаңа жасушаның пайда болуына себеп болады. Бірақ бұл теріге біраз зақым келтіреді.

Лазермен кетіру әдісі – бұл тәсілден ауырсыну сезімі болмайды және дақтармен күресудің ең тиімді жолы болып саналады. Пигменттік дақтарды кетіру терінің терең қабатын зақымдамайды, тыртық, дақ қалмайды. Осы тәсілден кейін қалыпты өмірге қайта оралуға болады.

Дермабразия немесе пилинг

Бұл тәсілдердің негізі альфа-гидроқышқыл (АНА), гликоль қышқылы, трихлоруксус қышқылы, фенол, трипсин, папаин ферменттері қосындысының негізінде құралған. Яғни теріні түлету арқылы пигменттік дақтардың қарқындылығын азайтады. Осыдан терінің беткі қабатына қышқыл қатты әсер етіп, теріні тітіркендіріп, қызартады. Сонымен қатар химиялық пилингтен кейін тері түлеп, белсенді түрде қайта қалпына келе бастайды.

Фототерапия

Арнайы сәуле арқылы пигменттік дақтар бар жасушалар жойылады. Бұл тәсіл меланин жиналған жерді ғана жойып, сау жасушаға зақым келтірмейді.

Халық емі

Сонымен қатар халық емінің көмегіне жүгінуіңізге болады. Тек жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін біраз уақыт қажет.

Жуыну мен тазарту

Пигменттік дақтары бар теріні жуу үшін өсімдік қайнатпасын пайдаланыңыз. Ағартушы қасиетке лимон, грейпфрут, ақжелкен, бақбақ ие. Ол үшін өнімді турап, үстіне ыстық су құйыңыз. Үш ас қасыққа бір стақан су құю керек. Кейін бір сағатқа қалдырып, сүзіп алып, таңертең және кешке бет жуады. Түнгі мезгілде арнайы лосьонмен бетке күтім жасаңыз. Екі ас қасық майлы сүтке екі ас қасық шарап спиртін араластыру қажет. Осы қоспаны пигменттік дақтары бар теріге түнге қарай жағыңыз.

Қандай жағдайда пигменттік дақтарды жоюға болмайды?

  • Өткір және  асқынған созылмалы ауру түрлері
  • Жүктілік және баланы емізу
  • Қант диабеті
  •  Терінің пигменттік дағы бар жерінің зақымдалуы
  • Глюкокортикоид гормонын қажет ететін аурулар тыныс демікпесі ревматоидті полиартрит)
  • Келоид жарасының пайда болуына бейімділік (терінің үстінде пайда болған тығыз жара)
#пигментация #Пигменты #Пигментные пятна #Как убрать пигментные пятна на лице #способы удаления пигментных пятен на лице #Пигменттік дақтар #Беттегі дақтарды қалай кетіруге болады #Пигменттік дақтармен күрес #Беттегі дақтар

Загрузка...