Бетке арналған йога әжемдерді кетіруге көмектеседі

#Уход за собой

Бұл қиын емес. Әдеттегі йогадағыдай мың бұралып, қолыңды арқаңнан, басыңды аяғыңнан шығарып жатпайсың. Бұл мүлдем басқа йога - еріншектерге арналған йога десе болады. Алайда, ол әжімдерді кетіріп, бет әлпетін жас күйде сақтап қалуда таптырмас құрал. Таныс болыңыздар - бетке арналған йога!

Бетке арналған йоганы кім ойлап тапқаны туралы дау шешілер емес. Бірақ, бұл істің хас шеберлері болып Эннлайз Хаген, Фумику Такацу, Сента Мария Рунге, Бенита Кантиена, Камила Волер секілді ару жандар саналады. Бұлардың әрқайсысы бетке арналған йоганың түрлі бағыттарын зерттеп, олардың іс жүзінде жақсы нәтиже беретінні дәлелдеп шықты.

Бетке арналған йоганың ең алғашқы шарты - күнделікті орындау. Тек сол кезде ғана бет және мойын бұлшықеттері қажетті дәрежеде жаттығып, терінің иілгіштік қасиетін сақтап тұрады. 

Жаттығулардың әсерінен адамның өз бетінің мимикасын саналы түрде басқару қабілеті артып, эмоцияларды қадағалау мүмкіндігіне ие болады. Жаттығуларға күніне 30 минут бөлетін адамдар алғашқы нәтижені 1-2 аптаның ішінде көре бастайды.  

Бетке арналған йога бірнеше бөлімнен тұрады:

  • түрлі бет-аузын қисайту жаттығуларын жасау арқылы бет және мойын бұлшықеттерін жаттықтыру. Сонымен қатар саусақтардың көмегімен жасалатын жаттығулар мойын остеохондрозын алдын алуға, бет және бас мүшелерінің қан айналымын жақсартуға көмектеседі.  
  • бұлшықет тінін қатайтуға бағытталған бет және мойын бұлшықеттерінің жан-жақты жұмысы.
  • бас қан айналымын жақсартуға бағытталған асандарды орындау.
  • тырысқан бұлшықеттерді қалыпқа келтіру және денедегі энергия айналымын реттеуге арналған принаяма техникаларын орындау. 

Бет йогасын орындауға арналған кеңестер:

  • жаттығуларды орындауға арналған ең тиімі уақыт - таңғы ұйықыдан оянған немесе ұйықыға кетер кезең. 
  • жаттығуларды жасар алдында бетті бояудан тазалаңыз.
  • бет қылтамырлары жіңішке адамдар жаттығуларды орындағанда мұқият болғаны жөн. Қылтамырлар жарылып, бет қызарып кетуі мүмкін.
  • тері аурулары бар адамдарға дерматологтың рұқсаты артық болмас.
  • жаттығуларды орындау ұзақтығын уақыт өте арттырыңыз. 

#йога, #жас болу, #бет күтімі, #бетке арналған йога, #әжімдермен күресу, #әжімдерді кетіру

Загрузка...