Бет терісін қалай ағартуға болады?

#Уход за собой

Бет терісі маржандай ақ болғанды қаламайтын ару жоқ шығар. Алайда, беттегі түрлі дақтар мен күн көзінің әсері ол мақсатқа жетер жолға тосқауыл қоятын сияқты. Бет терісін ағартатын қымбат косметологиялық процедураларды әр әйелдің қалтасы көтере бермейді. Сондықтан Comode бүгін олардың альтернативті жолдарын ұсынып отыр.

Бет терісін қалай ағартуға болады?

Бет терісін ағартуда ең жиі қолданылатын нәрселер: айран, сүт өнімдері және лимон. Олардан басқа түрлі көкөністер мен жемістер. Төменде келтірілген маскаларда олардың барлығы бар. Алайда теріні түрлі дақтардың пайда болуынан сақтайтын ең басты нәрсе - күн көзініне тері қорғау. Ол үшін нарықта толы кез-келген SFP факторы бар кремді қысы-жазы пайдалануды ұмытпаңыз.

Сүт пен банан қосылған маска

Бананды сүтке езіңіз. Нәтижесінде пайда болған ботқаны бетіңізге жағып, 20 минут ұстаңыз. Жылы сумен жуыңыз.

Балдан жасалған маска

Жылытылған бал да беттің ағаруына көмектесе алады. Ол үшін балды жылытып, бетіңізге тегістеп жағыңыз. Бал 20 минуттай әсер етсін. Одан кейін бетке арналған жұмсақ ысқыштың көмегімен бетіңізді ысқылап жуыңыз. Ең соңында бетіңізді суық сумен шайыңыз.

Бал мен жұмыртқадан жасалған маска

Бет терісі үшін бал қоспа ретінде де пайдалы. 1 ас қасық балды 1 тауық жұмыртқасымен араласытрып, бетіңізге жағыңыз. 15-20 минуттан кейін сумен жуып тастаңыз.

Ас содасы мен лимоннан жасалған маска

Беттің қара дақтарын кетіруге ас содасы мен лимон шырыны да жақсы көмектеседі.  Ас содасы мен лимон шырынын араластырып, амброзивті паста жағдайына жеткенде бетіңізге жағып, скраб сияқты екі күнде бер рет тазалаңыз. Егер бет терісі құрғақ болса, одан да сирек қолданғаныңыз жөн. Сумен шайғанда мұқият болыңыз: сода ұнтақтары терідегі ұсақ тесіктеріне кіріп, май бездерін бітеп тастауы мүмкін.

Куркумадан жасалған маска

Адамдардың көбі біле бермейді, алайда, тағамға сары түс беретін куркума ұнтағы бетті ағартуда да қолданылады. Ол үшін бір ас қасық куркума ұнтағын бір ас қасық апельсин шынымен араластырып, су моншасында ысыту керек. Бұл маска кез-келген дақтарды кетіруге көмектеседі.

#Бетке арналған маскалар #бет терісін ағарту #бет терісін күту

Загрузка...