-->

Қас жұла аласыз ба?

#Уход за собой

Әдемі, дұрыс пішінді қас - әр әйелдің арманы. Алайда, өкінішке қарай, қастың шаштары тез өсіп, қас өз пішінін және түрін жоғалтады. Бұл бет сымбаттылығына бірден әсер етеді. Сондықтан, салондарға бармай, арнайы маманның көмегінсіз қасқа коррекция жасауды үйреніп алған жөн.

Қас жұла аласыз ба?

Бөлменің жарығы

Қас коррекциясын бастамас бұрын, бөлменің жарықтығын тексеріңіз. Жарығы нашар бөлмеде қас жұлмаңыз. Пішінін бұзып алу былай тұрсын, қабақ терісін жарақаттап алуыңыз әбден мүмкін. Қажет болса, қосымша жарықтандырғыш құралдарды қолданыңыз.

Бет пішінін ескеріңіз

Әрбір бет пішініне жарасатын қас пішіні болады. Мысалы, төртбұрыш тәріздес бетке ұзын, доғаша иілген қас пішіні жарасады. Ал домалақ тәріздес бетке биікке көтерілген, бас жағы қалың, аяқ жағы жіңішке болып келген қас пішіні жарасады. Сопақ бетке түзу немесе сәл иілген қас пішіні, ал үшбұрыш тәріздес бет пішініне ортасына таман сәл көтерілген қас формасы жарасады.

Таза құралдар

Қас жұлған кезде теріге инфекция немесе бактерия түспеу үшін, құралдардың таза болғанын қадағалаңыз. Қажет болса, бір қайнатып алыңыз. Қасқа арналған қысқыштардың бірнеше түрі болғаны жөн.

Қас пішінін келтіру

ЕСКЕРТУ! Бірінші бір қасты жұлып, сосын ғана екінші қасқа кіріспеңіз. Бұл жағдайда, екі қастың пішінін бірдей қылу екі талай. Ол тек кәсіби мамандардың қолынан келеді. Сондықтан, бірінші қасыңыздың бірнеше артық шаштарын жұлып, екінші қастың сол шаштарына кірісіңіз. Екі қасты кезек-кезек алмастырып отырсаңыз, қастардың пішіні бірдей болып шығады. 

Қастың артық шаштарын бірден жұлмай, пинцеттің көмегімен көтеріп, қастың пішіні қаншалықты өзгеретінін тексеріңіз. Көп жағдайда қастың пішінінде бір тал шаштың маңызы зор.

Қас оңай әрі тез жұлыну үшін саусағыңызбен сәл ғана қабақ терісін тартып тұрып, шаштың өсу бағытына сай жұлыңыз. Қажет жағдайда қас пішініне арналған трафареттерді пайдаланыңыз.

#қас #қас жұлу #қас пішіні #қас коррекциясы

Читайте больше


aisha007 | 16 мая
43037

Загрузка...