Сүйісу туралы қызықты деректер

#Секс

Күтпеген жерден, бірден қобалжытатын, пайдалы және жай ғана қарапайым... Сүйісу туралы қызықты деректерді білгіңіз келе ме?

Сүйісу туралы қызықты деректер

Иә, ыстық сезімді жұбымызға білдіретін ең жақсы тәсіл – бұл оның еріндерінен сүю. Оның қысқа, тәтті немесе ерекше болуы  тек сізге байланысты екен. Сондықтан, қиялыңызға ерік беріп, сүйісуден ерекше әсер алуға тырысыңыз

Ұзақ сүйіс

Сексенінші жылдары сүйісудің орташа ұзақтығы 5,5 секунд қана болған екен. Қазір 0,2 минутқа тең екен. Нәтижесі жаман емес!

Ауа секілді жеңіл

Негізі сүйісуден арықтайды екен! 1 минут әсерлі жаттығудан кейін 20 калория жоғалтатын көрінесің. Шыны керек, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін күні бойы сүйісу керек болатын сияқты. Бұдан неге бас тартуға болады?!

Әлемдік деңгейде

90% елдің пікірінше, сүйісу – ұнатудың белгісі. Ең жиі сүйісетін махаббатқа құмар француздар екен. Ал қатардан қалған жапондықтар: олар тек төсек қатынасы алдында ғана сүйісуді жөн көретін сияқты. Ал көпшіліктің көзінше олар тек құшақтасады.

Төсек қатынасынан да күшті

Сауалнама бойынша қыздардың  65%  төсек қатынасына қарағанда құштарлыққа толы бір түн бойы сүйісуді қалайтынын айтқан. Таңқалатын ештеңе жоқ: ерінге сәл ғана тиген басқа ерін 100 миллиардқа жуық жүйке жасушасын оятады. Олардан ақпарат бірден миға барады, ол болса ағзада бақыт гормоны серотонин, адреналин және эндорфиннің бөлінуіне белгі береді.

Экранда

Алғаш рет сүйісу көрінісін 1896 жылы Уильям Хейз түсірді. Ол бар болғаны 30 секундқа созылады және бір тақырыпқа ғана арналған.

Рекорд

Тайландық жас жұбайлар Екай мен Лаксана 58 сағат, 35 минут және 58 секунд сүйіскен. 14 ақпан 2013 жылы жұбайлар тағы жаңа әлемдік рекорд жасап, сыйлыққа 2500 еуро тұратын гауһар тасы бар жүзік алады.

Көзге шөп салу

Махаббатта жолы болмаған 55% қыздар сатқындық жасау дәл осы сүйістен басталады деп ойлайды. Жігіттердің 46% бұл пікірге қосылады.

Дәмін көру

CNN Health зерттеуі бойынша, бірінші сүйіскен сәтте жұбымыздың дәмін көреді екенбіз. Оның иісін зерттеп, дыбысына мән береміз – келесі жолы сүйісуге лайық па, жоқ па, соны анықтаймыз.

Өзіміздің күн

1990 жылы 6 шілде Әлемдік сүйісу күні болып белгіленді.

Қане, өзгерейік!

Сүйіскен кезде біз жұбымызға: 60 мг су, 0,5 мг ақуыз, 0,4 мг түрлі тұздар және 22000 бактерия береді екенбіз!

Көзіңді ашпа!

Қыздардың бар болғаны 3%-ы, ал жігіттердің 37%-ы сүйіскен кезде көздерін ашық ұстайды екен.

Денсаулыққа пайдалы!

Филематолог-ғалымдарың айтуынша (филематология – сүйісу туралы ғылым) күніне бір рет болса да сүйіскен адам, нәзік сезімге берілмейтін адамдарға қарағанда бес жыл ұзағырақ өмір сүреді екен. 

#сүйісу #поцелуй #Kiss #Kiss me #польза от поцелуев #интересные факты о поцелуях #сүйісу өнері #сүйіскім келеді #сүйісе аласыз ба? #сүйісу туралы қызықты деректер

Читайте больше


Загрузка...