Сексуалды жұлдызнама: ләззат алуға арналған жатыстың 12 түрі

#Секс

Жұлдызнамаға сенетін болсақ, әрбір зодиак белгілерінің өзіндік сексуалды мінезі мен темпераменті бар. Біреулері түрлі тәжірибелерді жақсы көрсе, енді біреулері максималды консервативті секс түрін таңдайды. Comode 12 түрлі белгіге сай 12 түрлі жатыс түрін ұсынуда.

Сексуалды жұлдызнама: ләззат алуға арналған жатыстың 12 түрі

Тоқты

"Ерке амазонка"

Тоқтылар төсекте басшылықты өзіне алғанды жақсы көреді. Сондықтын "ерке амазонка" позасы ер адамға ұнауы мүмкін. Оның қолдарын жібек матамен байлап, шабандоз позасында жыныстық қатынаспен айналысуға болады. Бұл поза сізге жыныстық қатынастың жылдамдығын қадағалауға мүмкіндік береді. Сіз ерке амазонка екеніңізді ұмытпай, ер адамды сүйіп қойып, оған қуат беріңіз.

Сексуалды үйлесімділік (кему ретімен): Арыстан, Мерген, Торпақ, Бикеш, Таразы, Егіздер.

Торпақ

"Әсерлі танго"

Торпақтар сезімтал болғандықтан, әсерлі сексті жақсы көреді. Бір-біріңізге қарап, тізелеп тұрыңыз. Ер адам өзін оң аяғымен тіреп тұру керек. Әйел адам да дәл солай, бірақ еркекке әлдеқайда жақын тұрады. Сіздің жұбыңызға бар болғаны сәл алға еңкейіп, қозғалыс жылдамдығын қадағалау керек. Тек тізеңіздің қажалып кетпеуін байқаңыз. Дауысыңызды шығарып, сезіміңізді білдіруден қысылмаңыз.

Сексуалды үйлесімділік (кему ретімен): Тауешкі, Бикеш, Егіздер, Тоқты, Сарышаян.

Егіздер

"Сиқырлы сальто"

Егіздер түрлі тәжірибелерді ұнатқандықтан, жаңа жатыс түрлерін тауып, оларды күнделікті ауыстыруға қарсы емес. "Сиқырлы сальто" позасын жүзеге асыру үшін, төсекке немесе еденге жатып, екі аяғыңызды еріңіздің екі иығына қойыңыз. Ол сіздің ішіңізге кіргенде, екі аяқыт қосып, бір иығына орналастырыңыз. Сезімталдығыңыз бірден арта түседі.

Сексуалды үйлесімділік (кему ретімен): Таразы, Суқұйғыш, Торпақ, Тоқты, Мерген.

Шаян

"Эйфел мұнарасы"

Консервативті шаяндар үйреншікті секс түрін жақсы көреді. Бұл позада секспен тұрып айналысу керек. Төсектің шетіне келіп, аяғыңызды ашып, тізеңізді сәл бүгіп тұрыңыз. Ер адам сізді бөксеңізден ұстап тұрсын, ал сіз оны мойынынан құшақтап тұрыңыз. Екеуіңіз бір қалыпта бірдей қозғалыңыз. Максималды ләззат алатыныңызда күмән жоқ.

Сексуалды үйлесімділік (кему ретімен): Сарышаян, Балық, Егіздер, Бикеш, Тауешкі.

Арыстан

"Аш мысық"

Арыстандар нағыз сексті жақсы көретін жандар болғандықтан, секске беріліп айналысқанды жақсы көреді. Ер адам жерге аяғын созып отырсын. Сіз оның үстіне отырып (ол сіздің арқаңызды көріп отырады), аяғыңызды жинай бастайсыз да, оның аяғына қарай еңкиіп, мысық сияқты арқаңызды иесіз. 

Сексуалды үйлесімділік (кему ретімен): Тоқты, Мерген, Тауешкі, Егіз, Таразы, Сарышаян.

Бикеш

"Жаңа қыр"

Бикеш нәзік талғам иесі болғандықтан, жынсытық қатынастың да эстетикалық түрін ұнатады. Арқаңызбен жатып, тізеңізді ішіңізге қарай бүгіңіз. Ер адам сізге қарап, үстіңізден кіру керек. Бұл позада ол сізге жаңа қырдан кіргендіктен, сіз мүлдем басқа сезім сезінесіз. Бұл поза жүкті болуға да тиімді жатыс түрі болып табылады.

Сексуалды үйлесімділік (кему ретімен): Торпақ, Тауешкі, Сарышаян, Арыстан, Мерген.

Таразы

"Тіп-тік құз"

Таразылар күнделікті өмердегідей сексте де спорт стилін жақсы көреді. Бұл жатыс түрі үшін дене шынықтыру сабақтарын еске түсіруге тура келеді. Еденге жатып, екі аяғыңызды жоғары көтеріңіз. Ер адам сізді бөксеңізден ұстап тұрып, артыңыздан кіреді. Ұмытылмас сезімге кенелесіз. Бұл позаны айнаның алдында қолдансаңыз, ер адамның түрінен нағыз ләззат сезім көрініп тұрады.

Сексуалды үйлесімділік (кему ретімен): Егездер, Суқұйғыш, Сарышаян, Тоқты, Балықтар, Мерген.

Сарышаян

"Жабайы гүл"

Сарышаянның жыныстық қатынасы фантазияға толы. Бір шынтақ пен бір тізеңізді төсекке тіреп жатыңыз. Ер адам сіздің артыңызда тізелеп тұру керек. Ол сіздің ішіңізге кіргенде бүгіліп тұрған аяғыңызды жазыңыз. Жаңа сезімге кенелесіз!

Сексуалды үйлесімділік (кему ретімен): Шаян, Балықтар, Торпақ, Таразы, Мерген, Суқұйғыш.

Мерген

"Ләззат шеңбері"

Табиғи энергия Мергендері ұзақ уақыт бойы тоқтамай секспен айналысуға итермелейді. Сондықтан консервативті позаларды шексіз ләззат алумен толықтыру керек. Төсекке ішіңізбен жатып, бір аяғыңызды сәл көтеріп, тізеңізді бүгіп ұстаңыз. Ер адам үстіңізден кіріп, жыныстық қатынастың жылдамдығын қадағалайды. 

Сексуалды үйлесімділік (кему ретімен): Арыстан, Тоқты, Бикеш, Егіздер,  Торпақ, Таразы.

Тауешкі

"Толық сенім"

Тауешкілер біреулер үшін тырысып, адамдардың соны бағалағанын қалайды. Бұл поза тәжірибелерден тынығуға мүмкіндік береді. Еріңізбен бірге бір-біріңізге қарап, құшақтасып жатыңыз. Бір аяғыңызды ер адамның үстіне салып, жақынырақ жатыңыз. Бір-біріңіздің көзіңізге қарап, денелеріңді аймалап, бір қалыпты қозғалыңыз. Сүйісуді ұмытпаңыздар.

Сексуалды үйлесімділік (кему ретімен): Торпақ, Бикеш, Суқұйғыш, Сарышаян, Балықтар.

Суқұйғыш

"Долы сарқырама"

Суқұйғыштар толығымен өз атына сай. Секспен жуынатын бөлмеде айналысып көріңіз. Ваннаға жартылай су толтырыңыз. Ер адам бірінші кіріп, әйел адам оның үстіне отырсын. Сіз жыныстық қатынастың жылдамдығын толығымен қадағалайсыз. Ер адамның бос қолына душ беріп, қосымша стимуляция жасатуға болады. 

Сексуалды үйлесімділік (кему ретімен): Егіздер, Таразы, Бикеш, Тоқты, Арыстан.

Балықтар

"Жіңішке гитара"

Байсалды, әрі сабырлы балықтар асықпайтын сексті жақсы көреді. Сіз төсекке жатыңыз, ал еріңіз сізді бөксеңізден ұстап, сәл көтерсін. Аяғыңыздың саусақтары төсекке тимейтіндей болсын. Бар салмақ қолыңыз бен мойын омыртқаға түседі. Еріңіз шаршап қалса, тізелей отыруға болады. 

Сексуалды үйлесімділік (кему ретімен): Шаян, Сарышаян, Таразы, Суқұйғыш, Бикеш.

#секс #жыныстық қатынас #Жұлдызнама #Ләззат алу #зодиак белгілері

Читайте больше


Загрузка...