Сексуалды тәбетті қайта ашам десеңіз...

#Секс

Отбасылы жандардың сексті қайта жаңғыртуына арналған кеңестер

Сексуалды тәбетті қайта ашам десеңіз...

Отбасылық өмірдің бастапқы айларында жарыңыз екеуіңіз кез келген жерде секспен айналысуға дайынсыздар. Мәшіненің артқы жағында, түнгі көл жағасында, мүмкін ас үйдің стөлінде де болған шығарсыздар.... осылай тізімді жалғастыра беруге болады. Бірақ 2-3 жылдан кейін ғашықтық сезімі бірте бірте басылып, сексті тек жатар алдында ғана 1-ақ рет істейтін дәрежеге жетесіздер. Бұл махаббат аяқталуының бастамасы дей беріңіз. Өйткені секс біртіндеп отбасылық өмірлеріңізде азая береді.

Статистикаға сүйенсек, отбасылық өмірде алдымен әйелдер секстен бас тартады екен. Себебі, дүниеге бала әкелген соң оның ұйқысы қанбайды, үнемі шаршап жүреді.

Ол күйеуімен жату емес, өз аяғының қылшығын қыруға да уақыт таппайды. Күнделікті күйбең тіршілік әйелді қажытады, сол себептен ол сексты екінші кезекке қалдырады. Ал еркекке алғашындай ессіз ғашық жар мен бас айналдырар секс керек. Әйелінің түрі мынау. Әйел секспен айналысып, ләззат таппаса, ол күнделікті өмірде ашушаң, жүйкесі тозған, ұрысқақ болып жүреді. Ер адам басқа әйелдерден махаббат іздеп кетпеу үшін нәзік жандыға бар шеберлігін қосу керек. Еріңізге деген ыстық сезіміңізді бірқалыпты ұстап тұрыңыз.

Ол үшін мына кеңестерге көңіл аударыңыз:

- Мейлі секстеріңіз бір-ақ түн болсын, бірақ осы кеште сіз тек күйеуіңіздікі ғана болыңыз. Өзгенің бәрін ұмытып, телефонды сөндіріп,балаларды қонаққа жіберіп, бұл ғажайып түнді тек бір біріңізге арнаңыз. Қоршаған ортаны, проблемалардың бәрін ұмытыңыз!

- Сезімдеріңізге экстрим қосыңыз. Американдық төбешіктен бірге түсіңіз, парашютпен секіріңіздер, әуе шарына отырып көкке көтеріліңіздер.

- Еріңізді көрген сайын немесе жұмысқа шығарып саларда ернінен сүйіңіз, бірге қыдырғанда қолынан ұстаңыз. Құшақтасыңыздар. Теледидар қарағанда сүйіктіңіздің қасына мысықша жабысып алыңыз.


- Бір біріңізбен қайта танысыңыз. Отбасылы адамдардың бір бірімен сөйлесуі өте пайдалы. Соңғы рет үй проблемалары мен қызметтегі қиындықтарды сөз қылып па едіңіз? Ұмытыңыз. Бір біріңіздің тілек-арманыңызды, жоспарыңызды және талғамдарыңызды сұрап біліңіздер. Төсекте не істегісі келетінін сұрап біліңіз. Өзіңіздің секс қиялыңызбен бөлісіңіз. Осы айтқандармен төсекке жатып, іске асырыңыздар.

#семейная жизнь #муж и жена #Как вернуть сексуальный аппетит? #добавить экстрима #заново узнать друг друга #разговаривать с любимым #забыть о бытовых проблемах #подняться на воздушном шаре #целуйтесь #держитесь за руки #обнимайтесь

Читайте больше


Загрузка...