-->

Сексты артық бағалап кеткен жоқпыз ба?

#Секс

Статистика бойынша тақырыбында «секс» деген сөз бар мақалалар оқырмандарды көбірек қызықтырады. Сіздің де мына мақаланы ашқан себебіңіз сол ғой? Неге олай? Біз секске тым көп мән беріп жатқан жоқпыз ба?

Сексты артық бағалап кеткен жоқпыз ба?

Секс не үшін керек? Осы сұрақтан бастайық. Дүниеде алғаш адам пайда болғаннан бастап, жыныстық қатынасқа түсу тек ұрпақ жалғастырудың бірден бір тәсілі болды. Ешкім оны ләззат алудың жолы деп қарастырған жоқ. Ол кезде адамдар күн сайын табиғат қаһарына ұшырамай, азық табудың жолын ойлайтын. Сол болар, олардың басқа нәрселерді ойлайтын уақыты да болмады.

Қазір заман басқаша – жейтініміз алдымызда, жемейтініміз артымызда. Жабайы аңдардан, ауа-райының қырсығынан қашып, тығылып жүрудің қажеті жоқ. Жұмыстың бәрін компьютерлер мен автоматты жүйелерге жүктеп қойдық. Балаларымызды бала күтушілеріне тапсырдық. Баратын жерімізге көлікке мініп, лезде жетеміз. Уақыт көбейді, уайымдайтын нәрсе азайды. Біз енді басқа нәрселерге мән бере бастадық, бәрі құрып қалғандай секстің ағзаға және адамның өзіндік бағасына әсер ететін жағымды жағын зерттей бастадық. Сол зерттеулердің нәтижесінде, секс кенеттен ауадай керек нәрсе деген тұжырымдар шығардық. Шығарып қана қоймай, оны ғылыми тұрғыда зерттеп бүкіл әлемге паш еттік. «Секспен айналысыңдар! Секспен ұзақ уақыт айналыспайтын адамдар ауыра бастайды!» деп жар салдық.

Біз қоғамда, адам табиғатында жоқ нәрсені бар қылдық. Адамның санасына әбден сіңдірдік. Жас қыздарымыз да, ұлдарымыз да соған кәдімгідей сеніп, жыныстық қатынасқа ерте түсетін болды. Уақыт өте бір-біріне ұнамай қалса, басқа адам тауып, онымен де жақындасатын болды. Себебі, қоғам секспен айналыспайтын адамдарды психологиялық тұрғыдан ауру немесе кем деп қабыладай бастады. Ең қауіптісі, адамдардың өздері соған сеніп кетті. Ал шын мәнінде, солай ма? Бірнеше мысалды қарастырып көрейік.

1-ші мысал: әскерге немесе соғысқа кеткен адамдар. Ұзақ уақыт бойы олар нәзік жан көрмей, тек ерлердің арасында болған. Өліп қалған жоқ қой? Әскердегі жігіттердің тамағына жыныстық құштарлықты басатын нәрселер қосады дейді. Ол да мүмкін шығар. Алайда, оны қоспағаннын өзінде сарбаздың кездейсоқ атылған оқтан өлу мүмкіндігі, секс жоқтығынан өлуден әлдеқайда жоғары.

2-ші мысал: діни адамдар. Көптеген діни ағымдарда некелеспей жыныстық қатынасқа  түсу – үлкен күнә. Сол себептен, күйеуге шықпай қалған жандар жыныстық қатынасқа түспейді. Дендері сау, өмір жастары 90 асқандар да жоқ емес.

3-ші мысал: өз бетімен секстен бас тартқандар. Түрлі себептермен төсек қатынасынан бас тартатын адамдар аз емес. Олардың арасында жас жеткіншектер де, орта жастан асқан адамдар да аз емес.

4-ші мысал: ажырасқан адамдар. Отбасылық өмірлері сәтсіз аяқталған жандар көп уақыт бойы жыныстық қатынасқа түскісі келмейді. Олардың көбісі жыныстық қатынас шектен тыс бағаланып кеткенін айтуда. Бірнеше жыл секспен айналыспай өзіңді жақсы сезініп жүру әбден мүмкін дейді.

Осы мысалдарға қарасақ, секс адамға ауадай қажет нәрсе емес. Оның маңыздылығы асыра бағаланған. Мүмкін, адамдар өздерінің ләззат алу мұқтаждығын осылайша ақтайтын болар деген ой келді маған. Нәпсімізді тыйдыра алмай, заңды некесіз жыныстық қатынасқа түсіп алып, артынша оны өзімізше медециналық тұрғыдан керек деп дәледейміз. Адам өзінің әлсіз екенін мойындаудан гөрі, секстың керек екенін түрлі жолмен дәлелдейді. Ал батыстың ашық пропагандасы оны одан бетер жандыра түседі. Байқасаңыздар, секстің адам өміріне қажеттілігі туралы көбінесе батыстың психологтары айтып жатады. Әрине, төсек мәдениетінен жұрдай батыс үшін ақша жинау мақсатында түсірген секс көріністері бар киноларын ақтау керек қой. Тіпті балалармен кіші жастан бастап сол тақырыпта әңгімелесу керек дейді. Біздің қоғам батыстың ықпалына әбден еріп кетті. Кейбір ата-аналар сол психологтардың кеңестерін тіпті бұлжытпай орындайды. Осындай қарбалыстық түбінде секс шынымен де адамға соншалықты деңгейде қажет пе деген сұрақ қойылмай кетеді.

Неге секске сонша көңіл бөлеміз? Секстің өзіндік фунциялары бар. Ұрпақ жалғасытрудан басқа бұл:

1. Энергия алмасу функциясы. Алайда, энергия алмасуды толықтыру үшін спортпен шұғылданса болады.

2. Психологиялық кернеуді азайту функциясы. Оны сүйікті хоббимен айналысып, немесе медитация жасап жүзеге асыруға болады.

3. Коммуникативті функция. Оны әңгімелесу арқылы орнын толықтыруға болады.

4. Денсаулықты жақсарту функцияся – тағы да спортпен амластыруға болады.

Көріп тұрғанымыздай, секстің рөлі тек ұрпақ жалғасытруда ғана даусыз керек. Қалған кездерде оның орнын басатын іс табылады.

Қорыта келе өмірінде жыныстық қатынасқа түспеген адамдардың тізімін назарыңызға ұсынғым келеді: Тереза ана, Иссак Ньютон, Тесла, Ганс Христиан Андерсен, Николай Гоголь және т.б. Олардың өмірде қалдырған ізіне қарасақ, жан-дүниесі керемет, дарынды, зор адамдар болғанын көреміз. Олар

Жыныстық қатынастанпен ләззат алу үшін айналысу тек заңды түрде некелескен адамдардың арасында болса мәні бар.

#секс #төсек қатынасы #жыныстық қатынас

Загрузка...