Эрогенді нүктелер

#Секс

Сүйіктіңізбен секспен айналысу аздық етеді. Оның эрогенді нүктелерін біліп-сол жермен ойнап көрсеңіз, онда ғана толыққанды ләззат алуға болады.

Эрогенді нүктелер

Ер адам көзімен, ал әйел адам құлағымен ұнатады. Бұл сөздің растығы бар. Сүйіктіңіздің эрогенді аумағын таба алсаңыз сіз оған қайталанбас рахат, ыстық ләззат сыйлайсыз.  Эрогенді аумаққа адамның көру, есту, иіс сезу қабілеті кіреді. 

Көру арқылы сіз сексуалды серіктесіңізді таңдайсыз. Оның киім киісі мен өз өзін күтуі сіздің делебеңізді қоздырады.   Сондықтан еріңіз жұмыстан келгенде ескі халат, басыңыздағы бигудимен қарсы алудан аулақ болыңыз. Ерлер де әйелдерінің көңілінен шығу үшін «ыңғайлы» трикосын тастап, жыртық тәпішкесін де бір мезгіл шешуі керек.  Ашық киім киіп көріңіз.

Иіс сезу. Әр адамның табиғи иісі әр түрлі болады. Жасмин, мускус, раушан, фиалка, пачули, гелиотроп, резеда  - қоздырушы иістерге жатады. Осы иістер қосылған иіссуларды денеңізге жағып, жуынуға арналған гельдермен жуынып көрсеңіз де болады.

Есту. Қоздырушы аймалаудың бір түрі ретінде құлаққа сыбырлауды алып қарастыруға болады. Еріңіздің құлағына мақтау сөзді немесе оның пенисімен қалай ойнағыңыз келетінін айтып сыбырлап көріңізші. Еріңіз жымиып, сізді бірден төсекке тартады. Кейбір әйелдердің мияулауы, ыңырсуы да ер адамның делебесін қоздырады. Музыканың да қоздырушы қасиеттері көп. Мәселен жатын бөлмеңізде Р. Вагнердың «Тристан мен Изольда»,  «Тангейзер,  Р. Оффенбахтың оперетталарын  немесе секс әуендерін сүйіктіңізге естіртіп делебесін қоздырыңыз.   

Жыныстық мүшелер. Клитор - әйелдің ең сезімтал эрогенді аумағы саналады. Әйелдердің көбісі клитор мен қынапқа кіру жолдарына  әсер ету арқылы оргазм алады.

G-аумағы қынаптың үстіңгі қабатында, қуық қалбыршағының астында орналасқан. Диаметрі 2-2,5 см. G-нүктесіне  сұқ саусағыңыз немесе пенис  тигенде зәр сындырғыңыз келетін сияқты көрінеді, бірақ көп ұзамай арты ләззат сезіміне ұласады.

  

Әйелдің омырауы да, әсіресе үрпісі ең сезімтал қоздырушы аумақ саналады. Камасутрадағы секстің бір түрі ретінде екі омырауды қысып ұстап, арасына пенисты салып секспен айналысатын әдісі бар. Бұл жүктіліктің алдын алу үшін және қыздық пердені жыртпау мақсатында істелген тәсіл. Бірақ екіқабат әйелдердің сүт бездерінің дамып-жетілуіне байланысты омырауы ауырып, аса сезімтал боп келеді. Ерлердің осы жайтты ескергені абзал.

Ерін, тіл де эрогенді аумаққа жатады. Қоздырушы аймалаудың түрлері деп сүйісу, жалау, тістеу, соруды алып қарастыруға болады.  Нәзік француз сүйісінде тіліңіз сүйіктіңіздің еріне білінер-білінбестей боп тиеді, үнділік самьяна – тіліңізді серіктесіңіздің аузына салып ары- бері қозғалтуыңызға болады. Сүйісу кезінде ерін мен тісіңізді қыспаңыз. Бір біріңіздің жыныс мүшелеріңізді сүйіп, жалап, сору арқылы ұмытылмас рахат сыйлайсыз.

Мысықтар аумағы. Екі жауырынның ортасындағы жерді осылай атайды.  Мысық тұқымдас арыстан, тигрлер шағылысу кезінде ері ұрғашысының дәл осы жауырын ортасын ұстап тұрады. Бұл аумақ әсіресе әйелдерде сезімтал келеді.

Бас терісі мен шашты сылап сипау, тарту, саусақтармен бұйралау кезінде де ләззат алуға болады.

Құлақ қалқаны,  сырға салатын жері және құлақтың арты. Жаймен тістеп, сору арқылы да рахат сыйлай аласыз.  

#оргазм #губы #грудь #сүйісу #бедра #эрогенные зоны #точка G #уши #глаза #спина #сосок #мочка уха #пятки #язык #покусывать #французский поцелуй #индийская самьяна #половые органы #поцелуи #минуты радости #пик оргазма #тіл #көз #сору #жалау #эрогенді аумақтар #жыныс мүшелері

Читайте больше


Загрузка...