Дене пішініне қарай жыныстық позаны таңдау

#Секс

Әр адамның мінез-құлқы, талғамы, өмір сүру әдеті оның сексуалды өміріне әсер етпесе де, дене пінішінің оған орасан зор әсер ететіні сөзсіз. Кейбір ерлі-зайыптыларда тіпті комплекстер пайда болуы мүмкін. Comode бұл мәселенің шешімін біледі!

Дене пішініне қарай жыныстық позаны таңдау

Артық салмақты әйелі бар жұп

Егер ерлі-зайыпты жұпта толық келген әйел мен арық еркер болса, әдетте олардың сексуалды өміріне кедергі туғызатын нәрсе жоқ. Біріншен, еркек толық әйелді таңдаса, оған сондай дене пішінді әйелдер ұнайды деген сөз. Екіншіден, ондай жұптарға төсек позаларының кез-келген түрі қол жетімді: ер адам үстінде, артында, "қасық" позасындағы секс, т.б. Мүмкін, әйел адам үстінде болатын жатыс түрі ыңғайсыздық туғызар, бірақ бұл жеке ситуацияға байланысты.

Ер адамның қарны бар болса

Ер адамның қарны бар болған жағдайда ең тиімді поза "шабандоз" болы керек. Алайда, кейде әйел адамның тізесі төсектің бетіне жетпейуі мүмкін (ер адамның қарны тым үлкен болса). Жүресінен отырып, өкшемен төсекті тіреп отыруға болады, бірақ бұл жағдайда жаттықпаған бұлшықеттер тез шаршап қалады. Сондақтан, бұндай жұптарға ер адам тізелеп отырып, әйел адам оған арқасымен қарап отырған позалар жақсы жарасады. 

Екеуі же толық болса

Егер жұптаға екі адам да толық болса, олар толық адамдарға арналған барлық жатыс түрлерін қарастырып көрулері керек. Мысалы, ер адам әйел адамның артынан тұрған поза әйел үшін ыңғайсыз болуы мүмкін: артық салмақтың салдарынан әйел адамның омыртақсына шамадан артық салмақ түседі. Миссионер позасын таңдаған жайда, оны "шабандоз" жатысымен алмастырып отырған абзал. Тағы бір ыңғайлы жатыс түрі - әйел еркектің үстіне арқасымен жатқан поза.

Еркектің бойы ұзын, ал әйелдің бойы қысқа болса

Егер еркектің бойы ұзын, ал әйелдің бойы қысқа болса, бұндай жұптарға белгелі бір биіктігі бар жерлерді таңдаған жөн: терезенің алды, үстелдің үсті, және т.б. Креслода отырып секспен айналысуға да болады, бұл позада ерлі-зайыптылардың бой ерекшелігі білінбейді. Егер ер адам әйелін көтеріп ұстап тұра алатын болса, тұрып секспен айналысқан да ыңғайлы. 

Әйелдің бойы ұзын, ал еркектің бойы қысқа болса

Бұндай жұптың бой ерекшеліктері күнделікті өмірге ғана әсер етпесе, жыныстық қатынаста еш бөгет болмайды. Олаға горизонталды жатыс түрлерінің кез-келгені жарасады, кімнің астыда, кімнің үстіде болатыны маңызды емес. Бір-біріне қарап жыныстық қатынаспен айналысқан да ыңғайлы болып табылады. 

#секс #төсек қатынасы #артық салмақ #жыныстық қатынас #дене пішіні

Читайте больше


Загрузка...