Регистрация
Вход с паролем
Если у вас еще нет учетной записи на Comode.kz – зарегистрируйтесь прямо сейчас!
Логин или электронная почта
Пароль
Забыли пароль?
Вход через социальные сети
Регистрация
Все поля обязательны для заполнения
Имя пользователя
Электронная почта
Пароль
Регистрация через социальные сети
Восстановление пароля
Ссылка для восстановления пароля будет отправлена на ваш e-mail.
Имя или электронная почта
Отмена
Регистрируйтесь и добавляйте статьи в избранное, подписывайтесь на обсуждения, комментируйте

Алғашқы секс немесе қыздықпен қоштасу

Автор: aisha007
2437224 15
Алғашқы жыныстық қатынасқа түсу үшін өзіңізді тыңдаңыз. Есею үшін біреудің ақыл-кеңесі керек емес. Махаббат ләззатын сезінуге алғашқы қадам жасау.

Пәктікпен әрбір қыз ертелі - кеш қоштасады. Алқашқы жыныстық қатынас кез келген бұрымды үшін өте маңызды. Өйткені дәл сол мезетте ол өзін ер адамға ұнамды екенін сезініп, ләззатқа батады.

Қанша жаста жыныстық қатынасты бастаған жөн? Дәрігерлердің айтуынша, жас қыздардың жыныс мүшелерінің ішкі қабатының микрофлорасы дұрыс қалыптаспаған саналады. Қынаптың ішкі қабаты жұқа болады. Сол себепті оған зақым келіп, ісіп қызару процесі болуы мүмкін.  Әрі бұл жаста асқан сезімталдық да болмайды. Жас қыздың дене бітімінің толығымен қалыптасып бітуі 17-18 жаста аяқталса, ал оргазмды тек 19-20 жасында ғана сезіне алады екен. 

Сондықтан ерте есеюге асықпаған жөн. Мұндай маңызды істе өзіңізді тыңдаған дұрыс. Ішкі сезім не дейді? Егер сүйікті жігітіңіз "мені шын сүйсең, менімен жату керексің"  деген шарт қойса, онда оның сізге деген сезімі шынайы емес. Шын сүйген адам күтеді, бағалайды және ешқашан асықтырмайды.  Құрбы қыздарыңызға еліктеп олардан да ақыл - кеңес сұрамаңыз. Тек өзіңізді тыңдаңыз. Егер жігітіңізбен өзіңіз жыныстық қатынасқа түсуге бел бусаңыз, онда көптен бері танитын, өзіңіз шын көңіліңізбен қалайтын адаммен болыңыз. Бұл ретте ер адамның "жыныстық тәжірибесі" болуы керек. Бірінші жыныстық қатынасқа түсу үшін әрбір ару үшін көп уақыт дайындықты қажет етеді.  Соны түсінген жігіт асықпай, үлкен ептілік танытқаны дұрыс.

Алғашқы сексте жүкті болу мүмкін емес деген пікір қате


Ғашықтар жүктіліктің алдын алу үшін және жыныстық жолмен таралатын ауруды жұқтырмас үшін мүшеқап (презерватив) қолдануы керек.  Алғашқы рет болған соң арнайы майы бар мүшеқап таңдаған жөн. Немесе дәріханадан майды (смазка) бөлек алыңыз. Өйткені жас қызда алғашында табиғи сөлі аз бөлінеді.
Қыздық перде (девственная плева) әр қызда әр түрлі болады. Алғашқы сексте бір қызда қыздық пердесі жыртылып, қан көптеп ақса, енді бірінде мүлдем қан болмауы да мүмкін. Ол перденің түріне байланысты болады.
Сақина тәріздес гимен - қыздықтың ең жиі кездесетін түрі. Пердесі жұқа, оңай созылады, ортасында тесігі бар.  Жыртылғанда ауырады, қан аз шығады.
Ұзынша гимен — әлдеқайда жуан, етті перде. Астыңғы жағы сыртқа шығып тұрады.
Бұл перде жыртылғанда сақина тәріздес гименге ұқсайды. Бірақ қан көбірек шығуы мүмкін.
Жарты ай тәріздес гимен — оның тесігі перденің үстінде орналасады, ал астыңғы жағы қалыңдау, жыртылуы оңай болмайды.  Алғашқы сексте перде 70% жыртылады. Ал 30 % қан ақпайды, ауырмайды. Ер адам оның қыздығы жоқ деп ойлайды. Осындай пішінді гименге ер адамның жыныс мүшесі оңай кіреді.
Тор тәрізді гимен —  2 немесе одан да көп тесік болуы мүмкін. Бірінші қатынаста бұл гимен мықты болып жыртыла қоймайды. Сол үшін ер адам өз мүшесімен 2 есе қаттырақ жұмыс істеуі керек.

Алғашқы сексте ауырсынбау үшін әйел бөксесінің астына жастық салу керек. Яғни жамбас жоғары болғаны дұрыс. Екі жаққа ашылған аяқтарыңызды бүгіп, кеуде тұсыңызға жақындатыңыз. Осы қалыпта қыздық пердеше қынаптың кіре берісінде орналасады. Бұл пердешенің оңай әрі тез жыртылуы үшін қолайлы шешім. Қыздық пердеше бірнеше рет жыртылуы мүмкін. Бірінші рет жыртылғаннан кейін шамамен 5 күннен кейін бірақ қайта жыныстық қатынасқа түсе аласыз. Яғни жыртылған жері жазылуы керек. Күніне екі рет астыңызды тазалап жуып, жаралы жердің тезірек жазылуы үшін глицерин майымен жағып қойыңыз. Глицеринді жаққан соң астыңыз ашымаса демек қынабыңыз жазылып орнына келді деген сөз. 

Секс қауіпсіздігі
Қауіпсіз секс өте маңызды. Жыныстық қатынасқа түсу үшін  ыңғайлы жер таңдаңыз. Жігітіңізге сенімді болыңыз. Жүкітіліктен сақтанып, тазалық гигиенасын сақтаңыз. 

Гинеколог кеңесі
Алғашқы секстен кейін гинекологқа міндетті түрде қаралыңыз.   Өйткені ағзада үлкен өзгерістер орын алады.  Дәрігер қарап, жұқпалы инфекцияның бар - жоғын, жыныс мүшелерінің саулығын тексереді. Осы ережелерді сақтасаңыз, қыздан әйелге айналу сәтін есіңізде көпке сақтап қаласыз. Алғашқы жыныстық қатынас қыздың бүкіл сексуалды өміріне үлкен әсер етеді. Сондықтан асықпай, дұрыс шешім шығарып, шынайы сезіммен махаббат ләззатына батыңыз.

Стоит почитать

Комментарии 15
ravshana

менде жарты ай тариздес гимен болдыгой деймин, айтеуир ешкандай кан шыкпады, бирак мен балетпен айналысам, мумкин содан да шыгар

AILINA

рахмет, менде 21 жасымда әйел болдым, менде көп қан кетті, оған қоса қыздық пердем 2-3 рет жыртылды, яғни әр болған сайын қанап отырды. бірақ одан кейін оңалып кетті. қазір күйеуімнің алдында абыройым бар. қыз кезінде түрмысқа шығып алу керек деп есептеймін.

Moldirka

Мен бірінші рет тұрмысқа шыққанда пәк болып үйлендім. Бірақ менде қан аққан жоқ. Содан кейін куйеуім қыз емессің деп мені тастап кетті. Уақыт өте келе мен екінші рет тұрмысқа шықтым. Екіншісінде қан ақты. Гинекологтан барып сұрағанымда, ол маған қыздық пердемнің ішкі жақта орналасқанын айтты. Яғни менің бірінші куйеуімнің жыныстық мүшесі қысқа болып, менің қыздық пердеме жетпеген екен. Қазір Аллаға шүкір бақытты өмір сүріп жатырмын. Жігіттердің көбісі кінәні қыздарға жаба салады да, өз қателіктерін ешқашан мойындамайды және ол туралы ойламайды да. Қыздардың болашағы туралы мүлде ойламайды.

aisha007

Moldirka егер алғашқы жігітіңіз шын сүйсе ол қыздыққа да қарамаушы еді, мәселе перденің бар жоғында емес, мәселе сезімде жатыр емес пе? қайта тек "стереотиппен" өмір сүретін адам кетіп, орнына нағыз бақытыңызды кездестіргеніңізге ризамын.

Moldirka

Рахмет сизге!

byrjan alimgerey

а в моей практике было 2 "девочки", в жены взял совершенно другую. увы без плевы. зато люблю ее.она мать моих девочек. плева не главное для пацанов. чувства нужны.

Shyn

вах, ну что же Вы без романтики то? Плева, она то самое то))) А что вы скажете, когда какой то щегол заявит, что Ваши ангелы не чисты перед ним? Заберете дочь?

poker face

ммм, интересно.

gauhartas

плева-это просто красный цвет, но он обязывает мужчину на многое, быть ответственным перед девушкой которая доверилась ему в первую очередь!

Meili

Вы правы. Для мужчины это ответственность. Я девственница мне 23, я очень привлекательная девушка, много ухажеров. Встречалась с парнем(испанец) я очень хотела быть с ним он тоже, но когда он узнал что я девственница, сказал что секс у нас не может быть, что он не сможет. Это уже второй случай когда парень мне такое говорит. Не знаю я никогда не делала из этого приоритет. Но парни боятся почему то. И самое что меня пугает после таких заявлении у меня кажется выработалась какая та фобия на счет девственности итд

aisha007

Добросовестные парни вам попались. Молодцы. Знают свои возможности и не берутся трогать святое))

Meili

Вы правы добросовестные. Но больно все равно. Эх...

М.Мед.Медик

Абыройынан айрылған қызға үйлендім. Жасым 30-дан жаңа асты. Бірақ менің әйелімнің біреумен жатқанын көзіме келеді де тұрады. Бұл менің алғашқы некем. Өзім де періште емеспін, дегенмен арамыз суып бара жатыр, басында ондай ойлар келмеген. Ештеңеге қараған емеспін. Басында ойлағанмын, 21 ғасыр, бір қате кетсе кеткен шығар. Уақыт өте келе ойымнан кетпейді, әйелімнің абыройсыз Ақ босағаны аттағаны. Әсіресе, достарымның өзара айтқаны, қыздықты талқыға салғанда сүйектен өтті, түрлі ойлар басымнан кетпей қойды. Мен өзімшіл емеспін, қайда барады сонда жеберем әйелімді, төркініне барса, барма демеймін. Дегенмен, жаным жәй таппай жатыр. Басында ашық түрде айтқан, мен қыз емеспін деген, мен оған көндім, өзімнің жігіттік намысымды таптап, үйлендім, шын жақсы көрем әйелімді. Әйелімнің жасы менен кіші. Үйдегілер оны сыйлайды. Үйленгенде дейін, мәселені ести салып, мен жарты жыл толқындым, әрі ойландым, бері ойландым, басқа қыздармен де таныстым, әке-шешем ұсынылған қыздармен де таныстым. Ал әйелім болса ашық мінезді, ақкөңіл, қарапайым. Өзі де өкіріп жылаған, кешірімді сұрап. Менің тағдырым шығар деп, үйленуге бел буғанмын сол қызға. Үлкен қалаға келіп ұрындым дегені, есімнен шықпайды. Ол қыздық маған бұйыру керек пе еді, деген ойлар кетпейді. Алғашқыда ондай ойлар болған жоқ. Уақыт өте келе үдейіп барады. Өзімшілдік қасиеттерім жоқ, бірақ кейбір сәттерде әйеліме деген жиіркеніш пайда болады. Қандай кеңес бересіздер?

Yerken

Ассаламу Алейкум! Пайгамбар (саллаллаху алейхи уа саллам):
"Кунасі ушін таубе етуші адам – кунасізбен тен." (Бухари, Муслим). Сіздің жұбайыңыз ол істе болмаған адаммен тең, шынайы тәубесі себепті. Егер де біреу ол жайлы сол істе болды десе, ол жала жапқанмен бірдей болады. Шүкір етіңіз! Сіз бақытты адамсыз. Сол бақытқа үнемі шүкіршілікте болыңыз. Күніне бір рет шүкіршілік етуге тиіс жағдайларды тізіп еске алып, Аллаға шүкіршілік етіңіз. Әйтпесе Шайтан уәсуәса тастағаны тастаған. Мақсатыңызды нық анықтаңыз. Нақтырақ айтқанда, қыз перзентіңіз бар болса, соны салиқалы етіп тәрбиелеуге, ұл болса да. Және сол мақсатта аянбай еңбек сіңіріңіз. Сонда жаман ой ойлауға бос уақытыңыз қалмайды. Ал достарыңыздың арасындағы бос мақтаншақтық әңгімілерге болса, нақты көзқарас қалыптастырыңыз. Ол Ит үре береді, керуен жүре береді деген қағида. Тағы бір ойландыратын жағдай, мен естіген әңгімелерден: Бір жұбайлар, қалыңдығы қыз қалпында күйеуге шыққан. Бірақ уақыт келе келіншегі сырттағы біреумен көңілдес болып жүріп аяғы ауыр боп қалған. Сонда оның күйеуіне қыз күйі күйеуге тигенінің құндылығы қайда қалды. Соны ойласаңыз бәлкім шүкіршілік етерсіз. Соңы, Аллаға құлшылықтарыңызды ұмытпаңыз, қолға алыңыз. Алла тиім салған харам ішімдіктерді ішпеңіз, салиқалы өмір сүріңіз.

М.Мед.Медик

Уағалейкумассалам, бауырым. Мен түсіндім, бірақ ішкі дүнием оны түсінбейді. Шаршадым. Жігіттік намысым оянды, әлде жиіркеніш намыс па? Ол маған күн сайын сыбырлайды миымда; "Мен не істеп қойдым?, Өзің жиіркенбейсің ба?".Әсіресе, бір телебағдарламада айтқандай; өзін өзі сыйлайтын жігіт таза, пәк қалыңдық алады- деген сөздер, ойымнан кетпейді, ойымнан өтпек түгілі сүйектен өткен тәрізді.
Алғашқы некем болғасын ба, алғашқы қадамым болғасын ба, жиіркенем мен, жиіркенем, шыдай алар емес күйдемін. Әйеліме айтпаймын, айтсам көз жасы мөлтілдеп өкіріп жылайды, өзімді кінәлі адам сияқты сезінемін, бәлкім кінәлі де шығармын?
Қазіргі жас қыздар түсінбейді, пәктіктің маңыздылығы зор екенін. Өзім оңтүстіктің жігітімін, біздің жақта пәктікке аса зор назар аударады. Өзім болсам, әйелім абыройсыз екенін әке шешеме айтқан жоқпын. Ол кісілер оны сұрамады да, бар шешімдерін өзіме берген. Әйелімнің әке шешесі де, қыздары абыройсыз екенін білмейді. Ұрыс керіс болған жағдайда, егерде, оны айқындатпау қолымнан келмейтін сияқты. Көңіл күйім мүлде жоқ, дұрыс ұйқым да жоқ, бөлек жата салам, немесе кеш келем, өзі де сезіп жүрген шығар. Бірақ ажырасу ойымда да, жоқ. Мына жаман ойымнан арылу себептерін іздеу үстіндемін, бірақ тығырыққа тірелдім. Әкемнен кеңес сұрау, меніңше ұят, әкем де өзі денсаулығы нашар, мұндайды естісе денсаулығы нашарлап қалу мүмкін деген үрей бар. Екіншісі, әкеме оның жалғыз келіні етегі ашылған деп айтсам, бұл дегеніміз ұрыс керіске әкелу мүмкін.

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий
популярные статьи